Сабақтың тақырыбы: №3 ааж өмірлік циклін зерттейді ааж өмірлік циклінің түсініктері Бағдарламалық өнімнің өмірлік циклы



Дата31.01.2022
өлшемі71,97 Kb.
#24581
түріСабақ

Дәріс №2
Пән: Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер

Курс тақырыбы: № 3. ААЖ-ның өмірлік циклін түсіну. ААЖ-ның өмірлік циклінің үрдістері.

Сабақтың тақырыбы: №3 ААЖ өмірлік циклін зерттейді
1) ААЖ өмірлік циклінің түсініктері

2) Бағдарламалық өнімнің өмірлік циклы


Өмірлік цикл дегеніміз – бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардан бастап, одан бас тартуға дейінгі кезеңдер жиыны.
Бағдарламалық өнімнің өмірлік циклы

Кез келген түрлі бағдарламалар өмірлік циклымен сипатталады. Өмірлік цикл келесі кезеңдерден тұрады:



  1. бағдарламалық құралдар нарығының маркетингі, бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардың спецификациясы

  2. бағдарламалық өнімнің құрылымын жобалау

  3. бағдарламалау (бағдарламалық кодты құру), тестілеу,

  4. бағдарламалық өнімнің құжатын жасау, эксплуатациялық және технологиялық құжттарын дайындау

  5. бағдарламалық құралды нарыққа шығару, бағдарламалық өнімнің кең таралуын жүзеге асыру

  6. қолданушылардың бағдарламалық өнімді пайдалануы

  7. бағдарламалық өнімнің сүйемелдеулері (сопровождение)

  8. бағдарламалық өнімді сатылудан алып тастау, оның сүйемелдеуінен бас тарту

Бағдарламалық өнімнің өмірлік циклының кезеңдеріне сипаттама

Бағдарламалық өнімнің маркетингі және спецификациясы - құрылатын бағдарламалық өнімге қойылатын талаптармен танысып, білуге арналған:


  1. Бағдарламалық өнімдегі берілгенді өңдеу функцияларының қызметі мен құрамын анықтау;

  2. Қолданушының бағдарламалық өніммен әрекеттесу сипатын, интерфейсінің (меню жүйесі, тышқан манипуляторын пайдалану, көрсетілетін көмек түрлерін (подсказки), экрандық құжат түрлері және т.б.) қандай болатынын қарастыру

  3. Бағдарламалық өнімді жасауға қажетті техникалық және бағдарламалық құралдарды анықтау

Егер бағдарламалық өнім тапсырыс бойынша жасалмай, бағдарламық құралдар нарығына шығу үшін арналса, онда маркетинг толық көлемде жүргізіледі: бәсекелес бағдарламалық өнімдер мен аналогтар зерттеледі, бағдарламалық өнімге деген қолданушыларды сұраныстары жалпыландырылады, бағдарламалық өнім бағасы мен сатылу көлемі болжанады. Сондай-ақ, бағдарламалық өнімді жасауға қажетті материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды бағалау өте маңызды.

Егер бағдарламалық өнім белгілі бір тапсырыс берушіге арналып жасалатын болса, сол тапсырыс берушінің талаптарына мұқият қарап, танысу керек. Егер талаптарды қате түсінсе, бағдарламалық өнімді қолданған кезде дұрыс емес нәтижелер шығуы мүмкін.

Бағдарламалық өнімнің құрылымын жобалауда берілгендерді өңдеу процесінің алгоритмі, бағдарламалық өнімнің құрылымы (бағдарламалық модульдердің архитектурасы), берілгендер қорының құрылымы, бағдарламаны құру әдістері мен құралдары - бағдарламалау технологиясы жасалады.

Бағдарламалау және тестілеу кезінде жобаланғанның барлығы таңдалған құрладардың көмегімен жүзеге асырылады.

Бағдарламалық өнімнің құжатын жасау, эксплуатациялық және технологиялық құжттарын дайындау этапы - міндетті түрде орындалуы қажет жұмыс болып табылады. Мұны көбінесе бағдарламалық өнімді жасаушының өзі емес, бағдарламалық өнімді кең таратумен және енгізумен байланысты жұмыс істейтін тұлға орындайды. Құжатта бағдарламалық өнімді орнату және оның сенімді жұмыс ісетуін қамтамасыз ету үшін қажетті мағлұматтар болуы тиіс. Бағдарламалық өнімнің кең таралуы үшін оның құжатының маңызы зор.



Бағдарламалық құралды нарыққа шығару, бағдарламалық өнімнің кең таралуын жүзеге асыру неғұрлым көп пайдаланушыларға сатуға негізделеді. Бұл кезең мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Бағдарламалық өнімнің жылдам сатылуы үшін маркетингтің стандартты әдістері қолданылады: жарнама, дилерлік және дистрибьютерлік желілер, баға саясаты - иөмендетілген бағамен сату, сервистік қызмет көрсету және т.б.

Әдетте, бағдарламалық өнімді сатудың қиысығы төмендегідей болады:



Қолданушылардың бағдарламалық өнімді пайдалануы бағдарламалық өнімнің сүйемелдеулерімен (сопровождение) параллель жүреді. Бағдарламалық өнімді пайдалану кезінде пайда болған қателіктер жойылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет