Сабақтың тақырыбы: №3 зертханалық жұмыс. «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау»



Дата16.11.2022
өлшемі2,11 Mb.
#50599
түріСабақ

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

.

Пән/Сынып:

Физика, 7-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

2 Тоқсан, 2 апта, №, 2 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

2-бөлім: Тығыздық

Сабақтың тақырыбы:

№3 зертханалық жұмыс. «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау»

Оқу мақсаттары:

7.2.2.14 – сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау;
7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақ мақсаты:

Бағалау критериі:

  • тығыздық = масса / көлем формуласын пайдаланып есептер және эксперименттік тапсырмаларды орындай алады.

  • Тығыздықтың ХБЖ өлшем бірлігін білу;

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 -5 минут



Ұйымдастыру

  1. Оқушылармен амандасу

  2. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін https://learningapps.org/watch?v=pcbegmjpk22 бағдарламасы арқылы тексеру

Дұрыс жауап берген оқушыларды белгілеп отырады.

https://learningapps.org/watch?v=pcbegmjpk22

6—10 минут

Зертханалық жұмыс

Зертханалық жұмыс. «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау»

Сабақ мақсатымен, бағалау критерийімен таныстырады.

Презентация

11-31 минут





Қатты дененің және сұйықтың тығыздығын анықтау Құрал-жабдықтар: электронды таразы, өлшеуіш цилиндр
(мензурка), тығыздығы табылатын қатты дене, жіп. Су құйылған ыдыс

Жұмыстың барысы:
Қатты дене:

  1. Таразыны пайдаланып дене массасын өлшеңдер.

  2. Өлшеуіш цилиндрдің бөліктерінің құнын анықтаңдар.

  3. Цилиндрге су құйыңдар және оның көлемін V1 анықтаңдар.

  4. Цилиндрге жіп байланған денені салып, сұйық пен дене көлемін V2 анықтаңдар.

  5. Дененің көлемін анықтаңдар: V=V2-V1

  6. Дененің тығыздығын есептеңдер:

  7. Тығыздықты кг/м3-пен өрнектеңдер.

Су:

  1. Таразыны пайдаланып бос цилиндрдің m1 массасын өлшеңдер.

  2. Цилиндрге су құйып m2 массасын өлшеңдер.

  3. Судың массасын анықтаңдар: m=m2-m1

  4. Цилиндрдегі судың көлемін анықтаңдар.

  5. Судың тығыздығын есептеңдер

  6. Тығыздықты кг/м3-пен өрнектеңдер.

  7. Өлшеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.

Тәжірибе


Тығыздығы анықталған дене (Сұйықтық)

Дененің массасы m

Дененің көлемі V,см3

Тығыздық

г/см3

кг/м3

1

Дұрыс пішінді дене













2

Су













Есептеулер:

Физика кабинетінде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды ескерту.



Таразы
Мензурка
Пішіні дұрыс дене
Жіп


Су құйылған ыдыс
Өлшеуіш цилиндр
Таразы

32-40 минут

Бекіту

  • Қорытынды

Шыққан тығыздықтың мәндерін кестедегі мәнмен салыстыра отырып қорытынды жазады.







41-45 мин




Кері байланыс:









Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет