Сабақтың тақырыбы: 45-сабақ. Мен не үйрендім?Нәтиже сабақ. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/2
Дата04.06.2022
өлшемі0,74 Mb.
#36340
түріСабақ
  1   2

Тексерілді:

Бөлім:

Мәдени мұра

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

4 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

45-сабақ.Мен не үйрендім?Нәтиже сабақ.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

4.3.5.1 Стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен анықтап, түзету;
жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сəйкес өз бетінше редакциялау.



Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін саралау.

Бағалау критерийлері:

-мәтінмен жұмыс жасайды;
-сөйлем түрлерін,бірыңғай мүшелерді табады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері:

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ/Ж).Психологиялық ахуал туғызу.Шаттық шеңберіне шығарамын.
Шақырамын сендерді,
Балаларым кел бері.
Толтырайық шаттыққа,
Дөңгеленген шеңберді.
Оқушылар: Бақыт деген-Осы шаттық шеңбері Қол ұстасып тұрайықшы , кел бері.
Бақыт деген-Көрмей қалса сағынып,
Мені іздейтін-адал жүрек сендегі.

Психологиялық ахуал жасайды.

Бас бармақ арқылы бағалау

Бас бармақ топпер

Сабақтың ортасы

1-жаттығу.Монологті мұқият тыңда.
Сұрақтарға жауап бер.
1.Автор не тыңдады?
-Автор күй тыңдады.
2.Домбырашы болу үшін не істеді?
Қай пернеден соң қай пернені басу керектігін,қай тұста неше рет қағу қажеттігін жаттап алды.
3.Қалай ойласың,ол домбырашылық өнерді таңдады ма?Таңдамаса,неліктен таңдамады?
Ол домбырашылық өнерді таңдаған жоқ.Себебі бұл өнердің дарымайтынынаа нық сенімді болды.Менің ойымша,қызығушылық танытқан өнеріңе тыңбай еңбектеніп,жаттығу керек.Мақсатыңа еңбектену арқылы жетесің.
2-жаттығу.Жоғарыдағы мәтіннен сызбаға сәйкес сөйлемдер құрап жаз.
Абай домбыраны үйренгісі келген.Домбыра оған қонбай қонды.
Жай сөйлем бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркесінен құралып,тиянақты бір ғана ойды білдірсе,құрмалас сөйлем-екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып,күрделі ойды білдіреді.
3-жаттығу.Мәтіннен сызбаға сәйкес бірыңғай мүшелері бар сөйлемді тап.
Менің түсіме домбыра да,шелпек те кірмеді.
Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады.Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.
4-жаттығу.Мақаланы оқып,бөліктерін қалпына келтір.
2019 жылдың 15 қарашасында отбасыммен С.Сейфуллин мұражайына бардым.
Мұражай 2 ғимараттан тұрады.Таза сүрленген бөрене ағаштардан құралған.Мұражайдың өзі бұрын көпес Казанцевтің әкімшілік үйі болған.1920 жылы С.Сейфуллин осы ғимаратта редакция бөлімінде қызмет еткен.
Екінші ғимарат-мұражайдың әкімшілік үйі.Бұрын С.Сейфуллиннің досы,дәрігер Благовещенскийдің үйі,кейін бухалтерлік мектеп болған.

Монологті тыңдайды,сұрақтарға жауап береді.
Сызбаға сәйкес,сөйлем құрайды.

Бірыңғай мүшелерді табады


Мақаланы қалпына келтіреді.
Мақала жазады.

Дескриптор:
-сұрақтарға жауап береді.(1б)

Дескриптор:


-сөйлем құрайды (1б)
-сөйлем түрлерінің айырмашылығын айтады (1б)

Дескриптор:


-бірыңғай мүшелерді табады (1б)

Дескриптор:


-мақаланы қалпына келтіреді (1б)
-мақала жазады (1б)



Жетондар

Оқулық 97 бет



Сабақтың соңы

Кері байланыс.



Кері байланыс жасайды

Алма ағашы



Тексерілді:



Бөлім:

Мәдени мұра

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:




Сабақтың тақырыбы:

46-сабақ.Біздің жобамыз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

4.3.2.1 Тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мəтін (мақала, мінездеме, сұхбат) жазу

Сабақтың мақсаты:

Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қорытындылау.

Бағалау критерийлері:

-өткен тақырып бойынша алған білімдерін бағалау

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері:

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ/Ж).Психологиялық ахуал туғызу.Шаттық шеңберіне шығарамын.
Шақырамын сендерді,
Балаларым кел бері.
Толтырайық шаттыққа,
Дөңгеленген шеңберді.
Оқушылар: Бақыт деген-Осы шаттық шеңбері Қол ұстасып тұрайықшы , кел бері.
Бақыт деген-Көрмей қалса сағынып,
Мені іздейтін-адал жүрек сендегі.

Шаттық шеңберіне тұрады







Сабақтың ортасы

«Тест»-ағылшын сөзі,сынақ,байқау дегенді білдіреді.Ең алғаш тест тапсырмаларын 1864 жылы ағылшын педагогі Дж.Филлер қолданған.
Қазақ тілінен дайындалантын тест тапсырмалары пән мазмұны мен мақсатына сәйкес жасалады.Тест тапсырмаларының түрі көп:
1-Баламалы (альтернативті)тапсырмалар:Алақай,қандай,тамаша,жасасын сөздерінің барлығы лепті сөйлем құрауға қатыса ала ма? «Иә» не «жоқ» жауаптарының тиістісін таңда.
Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне,сезімге байланысты (қуану,ренжу,таңдану,аяу,бұйыру және т.б.)айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.
2.Толықтыру (еске түсіру)тапсырмалары:Өлеңнен тұрлаулы мүшелерді тауып,тиісті жеріне сызықша қой.
Отан-туған үйіміз,
Отан-туған жеріміз.
Отан-ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
3.Сәйкестендіру тапсырмалары:Келесі беттегі бағанның сол жағындағы сөздерді оң жағындағы сөздермен сәйкестендір.
Жалаң Біз табиғатты қорғаймыз.
Жарас қуанды.
Жайылма Түлкі жорытты.
Жауын ағыл-тегіл құйды.
4.Дұрыс жауабын таңдау тапсырмалары:
1.Қыстырма сөзі бар сөйлемді тап.
а)Бұл демалыста кетпей-ақ қой.
ә)Айтпақшы,ертең театрда жақсы қойылым болады.
б)Ата,мен сізді қатты сағындым.
2.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
а)екіге
ә)үшке
б)төртке
3.Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді тап.
а)Әсем-оқушы
ә)Қонақтарға табақ тартылды.
б)Оқыған жөн.

Тапсырманы орындайды.


Өлеңнен тұрлаулы мүшелерді табады.Тиісті жерге сызықша қояды.
Тапсырмаларды сәйкестендіреді.
Тапсырманың дұрыс жауабын табады.



Дескриптор:
-тапсырманы орындайды (1б)

Дескриптор:


-тұрлаулы мүшелерді табады (1б)
-тиісті жерге сызықша қояды (1б)

Дескриптор:


-тапсырманы сәйкестендіреді (1б)
Дескриптор:
-тапсырманың дұрыс жауабын белгілейді (1б)

Ереже жазылған плакаттар



Сабақтың соңы

Үйге тапсырма.Бөлім бойынша өткенді қайталау
Кері байланыс.



Кері байланыс жасайды

жұлдыздар



Тексерілді:



Бөлім:

Мамандықтар әлемі

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

4

Сабақтың тақырыбы:

Сөз және оның мағынасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

4.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кестебойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу.

Сабақтың мақсаты:

Мәтіннен синоним,антоним,омонимдерді табады.Сөз мағынасын ажырата алады.

Бағалау критерийлері:

-

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері:

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ/Ж).Психологиялық ахуал туғызу.Шаттық шеңберіне шығарамын.
Шақырамын сендерді,
Балаларым кел бері.
Толтырайық шаттыққа,
Дөңгеленген шеңберді.
Оқушылар: Бақыт деген-Осы шаттық шеңбері Қол ұстасып тұрайықшы , кел бері.
Бақыт деген-Көрмей қалса сағынып,
Мені іздейтін-адал жүрек сендегі.
«Ұшақ»әдісі арқылы топқа бөлу.
1-топ: «Синоним»тобы
2-топ: «Антоним»тобы
3-топ: «Омоним»тобы

Шаттық шеңберіне тұрады.
Ұшақтарды бір-біріне тілектерін білдіре отырып ұшырады.

«Жарайсыңдар!,Тамаша!»
Мадақтау сөздерін қолдану
«Үш шапалақ»әдісі өздерін бағалау

Интербелсенді тақта

ұшақтар


Сабақтың ортасы

(Ұ/Ж).Артық сөзді тап.
Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.
-Осы сөздердің ішінде қай сөз артық? Неліктен? «бүлдіру» сөзі артық,себебі ол қимылды білдіріп тұр, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет