Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларындағы салт-дәстүрлер



бет3/5
Дата16.01.2023
өлшемі92,3 Kb.
#61483
түріСабақ
1   2   3   4   5
Сабақтың ортасы
20мин

20 мин

Халқымыздың көне дәуірден бастау алатын бай тарихы, сан түрлі мәдениеті, өзіндік әдет- ғұрпы,салт-дәстүрі бар, пейілі кең байтақ даласындай қонақжайлылығы рухани мәдениетімізде суреттелгенімен қатар басқа елдер мойындағаны белгілі. Ұлтымыздың болмыс бітімі турасында небір ойшыл ғалымдар айтып өткендей, тыныштықта тәубешіл, жаугершілік сәтте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да мейірімді, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, әділдікті жақтай білген халық.
Қазақ халқы салт-дәстүрді берік ұстанған. Оны әрқашанда орындап, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде қалдырып отырған. Қазақ «қазақ» деген атын осы күнге дейін өзінің қазақи салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, тыныс-тіршілігімен талай елді таң қалдырып келеді. «Ата салтың-асыл қазынаң» демекші осы тәуелсіз еліміздегі ата-бабаларымыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, әспеттеп, жоғалғанды жаңғыртып, көнергенді жаңартып келер өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдыру ата-бабаларымыздың міндеті болса, оны қастерлеу, орындау – біздің борышымыз.Салт-дәстүрлер қандайда бір халықтың мәдени даму дәрежесін, өзіндік ерекшеліктерін көрсететін,оны басқа халықтан айырып танытатын белгі десек те болар. «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» деген мақал осыған дәдлел. Сонымен бірге салт-дәстүрден адамдар өзінің өзгеден айырмашылығын, жеке басын танып білдіреді. Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді.
Аузына түкірту – ырым. Ертеден келе жатқан ырым бойынша, қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, тағы басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп алатын болған. Оның мақсаты – сәби сол адамдардай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан туған.
Тұсау кесубала тәрбиесіндегі әдет-ғұрып, ырым. Баланың аяғын жіппен немесе қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жеңіл, ақкөңіл адамға кескізеді. Тұсау кесу құрметіне тағам дайындап, көршілерді жинап, жеңіл-желпі құрмет көрсетіледі. Тұсау кескен адамға сыйлық беріледі. Тұсауды ала жіппен кесу көне шаман дінінен қалған.
Қазақ ырымдары:
Бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса әкесі өліп қалады деп тыйым салған.
Нанның қиқымын жесе – бай боласың дейді.
Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді.
Жас балаға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп жорыған.
Қыз балаға жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады дейді.
Бала алғаш жолаушы шыққанда той жасайды.
Сәби көзін ашып ұйықтаса – жары сұлу болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет