Сабақтың тақырыбы Абайдың қарасөздеріндегі көтерілген әлеуметтік мәселе



Дата19.12.2022
өлшемі0,52 Mb.
#58221
түріСабақ




Бөлім: Абайды оқы, таңырқа

Мектеп: Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Абайдың қарасөздеріндегі көтерілген әлеуметтік мәселе.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.3.4.1.шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Абай қарасөздері бойынша алған әсерін сипаттап, хабарлама жазу;
Көпшілігі: шығармада көтерілген мәселені анықтап, сыни хабарлама жазу;
Кейбір оқушылар: шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жазу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру:
Қызығушылықты ояту. «Қар үйіндісі» әдісі
«Нағыз адам болу үшін адам бойындағы үш қасиетті ата».Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұппен ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша үш жауап бір жауап болып біріктіріледі. (Жеке, жұппен, топпен жасайды)

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушылар жағымды ахуал қалыптастырады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.



ҚБ «Одағайлар» әдісі
Оооооо! – тамаша жауап;
Оййййй! – төмен жауап

6-сынып
Қазақ әдебиеті оқулығы

Сабақтың ортасы


Мағынаны тану. 1-тапсырма. Қарасөздерден алған әсерлеріңді сипаттап, мәтін мазмұны бойынша өз пікіріңізді жазыңдар.
«Төрт сөйлем» әдісі арқылы оқушылар жеке жұмыс жасайды.

1-сөйлем: қарасөздердің қалай әсер еткені туралы бір ой жазыңыз;


2-сөйлем: шығармадан бір мысал келтіріңіз;
3-сөйлем: бір сұрақ қойыңыз;
4-сөйлем: сол сұраққа жауап беріңіз.
Дескриптор

ҚБ
2-тапсырма. Дифференциациялық тапсырма:
А деңгейі: Салыстырыңыз.
Хрестоматияда берілген ақын қара сөздерінің мазмұнымен де танысып, қарасөздегі ойлармен тұжырымдарға түсінік беріңдер.

В деңгейі: Абайдың қарасөздері бүгінгі күні өзекті ме? Маңызы қандай? Неліктен?

С деңгейі: Жазыңыз. Абай қарасөздеріндегі көтерілген әлеуметтік мәселеге сыни хабарлама жазыңыз.
Дескриптор:

  • қарасөздегі ойлармен тұжырымдарға түсінік береді;

  • ойларын дәлелдейді;

  • Абайдың қарасөздерінің өзектілігі туралы өз пікірін білдіреді;

  • Абай қарасөздеріндегі көтерілген әлеуметтік мәселеге сыни хабарлама жазады.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»


«Автор орындығы». Үздік жұмыстар оқылады.

Оқушылар «Төрт сөйлем» әдісі арқылы жеке жұмыс жасайды.
Оқушылар саралау тапсырмасын орындайды.

Қарасөздегі ойлармен тұжырымдарға түсінік береді;


ойларын дәлелдейді;
Абайдың қарасөздерінің өзектілігі туралы өз пікірін білдіреді;
Абай қарасөздеріндегі көтерілген әлеуметтік мәселеге сыни хабарлама жазады.



Смайликтер

ҚБ



6-сынып
Қазақ әдебиеті оқулығы

Оқулықпен жұмыс


А3 парағы,оқулық, маркер
стикер

Сабақтың соңы

Рефлексия.





Үй жұмысы

Сыни хабарламаны толықтыру.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет