Сабақтың тақырыбы: Абзац Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата11.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#27667
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Сөз артында сөз

Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып: 3

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Абзац

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру

3.2.1.2 қаріпті пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету)

3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою



Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Абзац ұғымы туралы анықтамасын біледі

Көптеген оқушылар:

мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді жазады

Кейбір оқушылар:

мәтінді пішімдеу командаларды қолданады


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Жаңа тақырыпқа шолу.



(Ө)

Бір түсті әріптерді пайдаланып, сөздер құрастыр.


Дескриптор:

-әріпті мәтінмен жұмыс істей алады;

-тақырыпқа байланысты сөзді табады.


ҚБ:
3.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Тапысрманы орындайды


Смайлик

Карточка


Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Абзац-Enter пернесінің басылуымен аяқталатын мәтін бөлігі.

Мәтінді туралау үшін Главная (Басты) құралдар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша туралау батырмалары қолданылады. Егер Сол жақ шеті бойынша туралауды таңдаса, онда мәтіннің оң жақ шеті түзі болмайды, ал егер Оң жақ шеті бойынша тураласа, онда мәтіннің сол жақ шеті түзу болмайды, ал егер Ортасы бойынша тураласа, онда мәтін парақтың ортасына орналасады да, екі жақ шеттері де түзу болмайды.

Көрсетілім.



Мәтін жолдың басынан сол жақтан бастап жазылады. Тақырып атауы ортаға жазылады. Мәтін тергенде екі жақ шеті түзу болып әдемі көрінуі үшін, Екі шетін туралау батырмасын басу қажет.



WordPad мәтіндік редакторында мәтінді тізім түрінде де теруге болады. Тізімде әрбір абзац бірдей пішімделеді және әр жол нөмірден немесе арнайы таңбадан- маркерден басталады.

(Ө) 2-тапсырма.

Мәтінді пішімдеу режимін сақтап сол қалпында тер.
Қоршаған ортада берілетін ақпараттың өзі әртүрлі болып беріледі. Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат


  • мәтіндік,

  • графикалық,

  • дыбыстық,

  • сандық

  • бейнеақпарат болып бөлінеді.

Ақпараттың негізгі түрлерін қарастырайық. Мысалы: сөз, мәтін, әңгіме түрінде берілген ақпаратты мәтіндік ақпарат деп атаймыз. Ал кейбір ақпараттар бізге сурет, сызба, кесте түрінде беріледі, оны біз графикалық ақпарат деп атаймыз. Енді кейбір ақпараттар бізге сандық көрсеткіш түрде беріледі. Мысалы, сандар, арнайы өлшеммен жасалынған ақпараттар, кейбір есептеулер. Мұндай ақпараттарды сандық ақпараттар деп атаймыз.Санмен берілген ақпарат суретсіз де, мәтінсіз де бізге түсінікті болады.
Дескриптор:

- WordPad мәтіндік редакторды іске қосады;

- мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді жазады;

-мәтінді пішімдеу командаларды қолданады


ҚБ:

Мұғалімді тыңдайды

Тапсырманы орындайды


Смайлик


Интербелсенді тақта/ компьютер

Карточка



Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:



барлығын түсіндім

Бір нәрсе түсінемін, бірақ

бәрін емес



Түсінбедім, қайталап қарау қажет


Өзін-өзі бағалау.




Плакат/ слайд

Үй тапсырмасы

§ 9, жұмыс дәптері 22-23-бет












Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет