Сабақтың тақырыбы: Ағаштың суретін саласың. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



Дата22.06.2022
өлшемі132,5 Kb.
#37187
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: VІІ ҚОРШАҒАН ОРТА

Күні :

Педагогтің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: Ағаштың суретін саласың.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

2.2.1.1 сөйлеу барысында алған ақпарат бойынша сұраулы сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану
. 2.5.1.2. сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/жіктік/ септік жалғауларын қолдану

Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар:мұғалім көмегімен сұраулы сөйлем құрастырады
Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында жіктік/септік жалғауларын қолданады..
Кейбір оқушылар: иллюстрация/ суреттер/ сызбалар таңдап,қарапайым сұрақтар қояды, жауап береді

Тілдік мақсаттар

Күн, ай, ағаш.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
(5 минут)

Мұғалім сыныппен сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді. Балаларды сабаққа дайындау үшін сұрақтар қояды:
-Балалар, бүгін ауа райы қандай?
-Күн жылы ма?
-Сендерге қандай ауа райы ұнайды?.
Үй тапсырмасын орындалуын тексеру.79 бет.4-тап.Сөйлем құрап жаз. Қызығушылықты ояту мақсатында «Белгісіз ақпарат» әдісі бойынша сұрақ қояды:
-Балалар, мына ненің суреті? Ағаш туралы не айтасыңдар?
-Өте жақсы, балалар! Сонымен ағаштардың бізге беретін пайдасы мол екен. Ағаш оттегін бөледі, ал оттегімен біз демаламыз.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Сәлемдеседі.
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.

Үй тапсырмасын 1-2 оқушы оқиды.


Мұғалім қойған сұраққа жауап береді.


Балалардың ағаш туралы айтады да, екінші суретпен байланысын тауып,
сабақтың тақырыбын болжайды.



смайликтер арқылы
бағалау

«Бас бармақ»






Слайд

Сабақтың ортасы
(6-32 минут)



1. Суретпен жұмыс. а)Суретке қарап,тыңда, қайтала.Есте сақта!
Күннің суреті
Айдың суреті Ағаштың суреті
Ол сурет сала ма?
ә)Тыңда. Қайтала.
— Сәлем, Әлібек.
— Сәлем, Әнел.
— Мынау ненің суреті?
— Бұл — айдың суреті.
— Мынау ненің суреті?
— Бұл — ағаштың суреті.
б)Жіктік жалғауларды кесте бойынша қайталау.
2. (МК)1 –тапсырма.
Оқы. Суреттің орнына қажетті сөзді қойып жаз.
Әнел ... суретін салды..Оның суреті жақсы.
Әлібек ... суретін салды. Әлібектің суреті әдемі
Мен .. суретін саламын.

3. 2-тапсырма. . «Иә, «жоқ» деген сөздерді қолданып, сұрақтарға жауап бер.
Үлгі: Иә, мен сурет саламын


Сергіту сәті
4. «Кім білгір?» ойыны. Көп сұрақ құрастырған оқушы жеңімпаз аттанады.
3-тапсырма.'>3-тапсырма. Суретке қарап, сұрақтарды толықтыр.


Тірек сөздер: не, ненің суретін, қандай сурет
5.4-тапсырма. «Бұл кімнің/ненің суреті?», «Суреті қандай?»
сұрақтарын қолданып, диалог құрыңдар.

Тыңдалым,айтылым.
Суретке қарап , тыңдайды,қайталайды
Суретке қарап , тыңдайды,қайталайды.
Оқылым,айтылым.
Мәтінді рөлге бөліп оқиды , аударады
«Рөлдегі оқушылар» әдісі .Берілген үлгі мен суреттер бойынша диалог құрайды.
Мен сурет саламын
Сен ...
Сіз .....
Ол ... жіктейді.
Айтылым, жазылым
1–тапсырма. Суретпен сәйкестендіріп, орнына қажетті сөзді қойып жазады.
Айтылым.Сұрақтарға жауап береді.
Сен сурет саласың ба? Сен ағаштың суретін саласың ба? Сен гүлдің суретін саласың ба? Сен күннің суретін саласың ба.?
Сен айдың суретін саласың ба?
Сергіту сәтін орындайды
3-тапсырма Суретке қарап, сұрақтарды толықтырады.
Әлібек, сен …? Әнел, сен …? Анна, сен …?Саша,сен …? Сенің атаң …? Оның әкесі …?
«Тексерейік айдары»слайдқа қарап, нұсқаларды оқып шығады.
Диалог құрайды.
Үлгі:— Бұл ненің суреті?
— Бұл — ағаштың суреті.
— Ағаштың суреті қандай?
— Ағаштың суреті әдемі.

«Бас бармақ»



Дескриптор
-қазақ тіліне тән дыбыстарға көңіл аударып диалогті оқиды -мәтінді рөлмен, қатесіз оқиды; − сұхбаттасына сұрақ қояды;
−сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді − септік жалғауларын дұрыс қолданады.
- Дескриптор: -тиісті сөзді қойып жазады, -септік жалғауларын дұрыс қолданады - сөйлемдерді жазуда бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады − әріптердің көлбеулігін және байланысын сақтап жазады;
«Бас бармақ»

Дескриптор: -сұрақты толықтырады;
-сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданады – жіктік жалғауларын дұрыс қолданады
Дескриптор: -сұхбаттасына сұрақ қояды;
− сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді − септік жалғауларын дұрыс қолданады.

Оқулық 80бет
сөздік
суреттер


Оқулық
81 бет


жазу дәптері
слайд


Оқулық
81 бет


Оқулық
82 бет



Сабақтың соңы

Үй тапсырмасын беру : 82 бет 5-тапсырма
Сөйлемді толықтырып жаз.
Мен сурет сала… . Сен сурет сала… ба?
Ол сурет сала… . Мен ай мен күннің суретін сала…







Кері байланыс
«Бағдаршам» әдісі
Қызыл- мүлдем түсінбедім
Сары- жартылай түсіндім
Жасыл-толық түсінікті

Оқушылар сабақта алған білімдерін бағдаршамның түстері арқылы түсінгенін білдіреді



Бағалау

Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет