Сабақтың тақырыбы Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңін шынайы өмірмен салыстыру



бет1/3
Дата19.01.2023
өлшемі0,64 Mb.
#61942
түріСабақ
  1   2   3


Бөлім: «Адамгершілік-асыл қасиет»

Мектеп: Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:



Сынып: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңін шынайы өмірмен салыстыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.4.1.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.
5.3.2.1 кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: «Адамдық диқаншысы» өлеңінің шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстыру;
Көпшілігі: өлеңнің шағын көлемді үзінділерін мәнерлеп оқу, жатқа айту, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстыру;
Кейбір оқушылар: өлеңнің шағын көлемді үзінділерін мәнерлеп оқу, жатқа айту, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау;.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Қызығушылықты ояту. Тапсырма. «Сөздер сөйлейді» . Оқушылар берілген тірек сөздерге қатысты ақпататты анықтауы тиіс.
Ағартушы, «Оқу құралы», «Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш», әліпби, «Маса» , мысалшы, «Қырық мысал» .


  • Осы өлең жолдары арқылы автордың өмірлік ұстанымын анықтауға бола ма? (оқушылар жауабы тыңдалады).

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Оқушылар өлең үзіндісіне байланысты өз пікірлерін білдіреді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

ҚБ

5-сынып
Қазақ әдебиеті оқулығы

Сабақтың ортасы



Мағынаны тану.
1-тапырма. «Адамдық диқаншысы» өлеңін дауыстап мәнерлеп оқу.
Ж.Шығарма үзінділерін дауыстап оқу үшін таңдайды.
Ж/Ж Олар жұпта отырып дауыстап оқиды. Оқушылардың бірі екіншісіне дұрыс оқу жолдарын керектігін үйрете алады. (екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауыс т.б.)
ТЖ.Мұғалім кейбір оқушыларды сыныптың алдында мәнерлеп оқуға шақырады. Олар негізгі жерлерін жатқа айта алады. Деңгейлері төмендеу оқушылар қағазға қарап оқи алады.
Адамдық диқаншысы
1-оқушы: Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
2-оқушы: Жаратқан малды Құдай не керекке-
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет