Сабақтың тақырыбы: Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»



Дата09.04.2022
өлшемі138,67 Kb.
#30415
түріСабақ

№2 Мәртөк мектеп-гимназиясы

Арыкова Айнур Махсутовна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала». Кейіпкерлер бейнесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

7.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (эпитет, теңеу, мақал-мәтел, метафора, диалог, пейзаж, портрет) қолданысын талдау
І.Психологиялық ахуал.

ІІ. Топқа бөлу

Оқушыларға 3 түрлі смайликтер беріледі. (Смайликтер, артындағы сөздер: повесть, метафора, пейзаж, портрет, теңеу; Вася, ата-әже, Жомарт, Жамал, Серік; Анна Ивановна, Савченко, Борис, Мария, Галя) осы смайликтер арқылы топтарға бөлінеді және әр топ өзінің қандай жұмыспен айналысатынын сөздерге қарап болжайды.

Оқушылар «Алтын ережемен» танысады.

1. Оқушы сабаққа кешікпеуі керек.

2. Топта тәртіп сақтай білуі тиіс.

3. Топта бірін-бірі сыйлай білуі қажет.

4. Топтық жұмысқа белсене араласуы тиіс.

5. Топ мүшелері бірінің айтқанын екіншісі ынтамен тыңдай білулері қажет.

6. Топ мүшелері бір-біріне тапсырманы түсіндіре білулері қажет.

7. Топ мүшелері бірін – бірі әділ бағалауы тиіс.

8. Сондай-ақ топ мүшелері келесі топтардың да пікірлерін, ойларын, айтқандарын ынта қойып тыңдай білулері тиіс.

9. Топ мүшелері өздерін бір-бірімен тең дәрежеде ұстай білулері керек.

10. Топ мүшелері берілген уақытқа сәйкес жұмыс жасай білуі керек (уақытпен санасу)

Талқылау сұрақтары:

1.Қ.Қайсеновтың лақап есімі кім, неге олай аталып кетті?

2.Повестің «Жау тылындағы бала» аталу себебі не деп ойлайсыз?

3. Ол балалар кімдер, олар туралы білу маңызды деп ойлайсыз ба? Ендеше, сол кейіпкерлерді бір сәт көз алдымызға елестетіп көрелік.

Болжау.


І кезең.

Ж.Ж. «Дайын мәтін» әдісі. Үнтаспа тыңдалады. Білім алушылар үнтаспадан және алдарына берілген үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып жазады.

Берілген үзіндіні талдаңыз. Қандай көркемдегіш құралдар қолданылған? Қолданылу ерекшелігін анықтаңыз.

... Өте жақсы балалар. Бірақ, не керек, асыр салып уайым-қайғысыз өткізетін сәби өмірлері оқ пен оттың ортасында өтіп жатыр. Қыршын жастар жасына жетпей, өмір қызығын көре алмай кетуі де мүмкін ғой. Біз болсақ елуге кеп қалдық. Жас шағымыз да жаман өткен жоқ. Жігіттік дәуірдің де қызығын көрдік. Алай-бұлай болып кетсек, өкініші де жоқ сияқты, бұларға қарағанда. Қаршадай бастарынан айдалада түнеп, бозторғайша таң сәрісінен тұрып, бұта паналап жүргендері мынау, бұлар тағдырға не жазды екен?! Бористі қойшы, оның мамасы жанында ғой. Ана Сережа бейшараны айтсаңшы! Шешесі болса жау қолынан қаза тапты. Әкесінің қайда екені, өлі-тірісі де белгісіз. Өз елінде, туған- туысқандарының арасында жүрсе тағы бір сәрі, басқа елде, басқа халықтың арасында жүр. Ол тіпті жас қой, не түсінеді? Елінің қайда екенін де білмейтін шығар. Осынша бүліншілікке қанішер қарақшы Гитлер жауапты! Баланы анадан, ананы баладан айырған сол қарақшы! Менің Жорам да осылардай. Оның өмірі не болар екен? Бірақ ол әйтеуір әке- шешесінің жанында ғой. Отрядта өзіммен бірге ғой.



Дескриптор:

-Үзіндідегі көркемдегіш құралдарды анықтайды;



-Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды.

Кері байланыс (білім алушылар дәптерлерін алмастырып, бірін бірі бағалайды. Білім алушы: (Тамаша, Темірхан! Жарайсың! Толықтыруың қажет...)
ІІ кезең.

Т.Ж. «Геометриялық фигуралар» стратегиясы

Берілген фигуралардың ішінен қайсысын аталған кейіпкерлерге сәйкестендірер едіңіз, неліктен?



1-топ: Партизандар қатарында болған Серіктің өмір соқпағы шығармада қалай суреттеледі? Оның тапқырлығы мен қырағылығын автор қалай көрсетті?

Дескриптор

- Кейіпкер бейнесінің жасалу тәсілдерін анықтайды;

- Серік бейнесін талдайды.

2-топ: Шығармада Анна Ивановнаның аналық қамқорлығы қалай көрінеді?

3-топ: Шығармадағы аналар бейнесін талдаңыз.

Дескриптор

- Анна Ивановнаның бейнесін айқындайды;

- Аналар бейнесін берудегі автордың суреткерлік шеберлігін талдайды.
Проза минуты. «Допты дәлдеп лақтыр» әдісі.

Бұл жерде білім алушылар шеңберге тұрып, қолдарындағы допты лақтырады. «Жау тылындағы бала» шығармасынан өзіне ең ұнаған кейіпкері туралы үзіндіні қысқаша жатқа оқиды.



Топтар бір-біріне «Кері байланыс бутерброды» арқылы кері байланыс береді
Қорытынды. «Кейіпкер баспалдағы» әдісі.

(Серік Мергенбаевтың өмір жолының баспалдақтарын жазады. «Жау тылындағы бала - Серік»).



Рефлексия «Мен үшін маңызды болғаны...»

Бүгін мен үшін ....... маңызды болды (жасыл түс)

*................. қызықты болды (қызыл түс)

*.......................... қиын болды (сәбіз түс)


Тақтаға рефлексия жасау үшін дайын құрылымды шығарып, оқушылар бүгінгі өзінің әрекетіне талдау жасайды. Сол арқылы мұғалім бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын анықтай алады. (стикерге жазып жапсырады)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет