Сабақтың тақырыбы: Қантамырлар жүйесінің түрлері. Зертханалық жұмыс Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу



Дата15.12.2023
өлшемі98,21 Kb.
#138678
түріСабақ

Қысқамерзімді жоспар


Бөлім:

8.2А Заттардың тасымалдануы

Педагогтің аты-жөні:

Ж.Ж.Тулеушова

Күні:

12.12.2023 ж.

Сыныбы: 8 А,Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қантамырлар жүйесінің түрлері. «Зертханалық жұмыс «Дене жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.10 жануарлардың қантамырлар жүйесі түрлерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Оқушылар дене жаттыығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттейді.


Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Топ ережесін еске түсіреді.


Топтастыру.



Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:



Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.






Жаңа сабаққа кіріспе
5 мин

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және пікір алмасу жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Зертханалық жұмысты орындайды.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

Мұғалім оқушылардың зертханалық жұмысын орындау барысын бақылайды, тексереді. Нұсқаулық көрсетеді. Қолдау қажет ететіндерге қолдау көрсетеді. Оқушының сыни ойлана білуіне мүмкіндік жасайды. Түрткі сұрақтар қояды.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

«ми рефлексі » әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Мұғалім оқушыларды «Ми рефлексі» әдісі арқылы бағалайды. 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет