Сабақтың тақырыбы: Қатты денелердегі қысым Білім беру ұйымының атауы



Дата23.03.2022
өлшемі0,61 Mb.
#28566
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Қатты денелердегі қысым



Білім беру ұйымының атауы

Абай атындағы № 90 орта мектебі

Пәні:

Физика

Бөлім:

7.3А Қысым

Педагогтің аты-жөні:

Алтыбаева Қалбибі

Күні:

28,01,2022

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қатты денелердегі қысым Пр № 12

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.3.1.2 – қысымның физикалық мағына-сын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;

7.3.1.3 – есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Белгілі бір бетке түсетін қысым жайлы мағлұмат алады;

Көптеген оқушылар істей алады: Алған білімдерін есеп шығаруда қолдана біледі;

Кейбір оқушылар істей алады: Белгілі бір бетке түсетін қысымды күнделіктіөмірде қолдана білугеүйренеді;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру


10 минут

Жаңа білім

10 минут
Бекіту

15 минут


Кері байланыс
Сабақтың соңы.

10минут


Рефлекция

Бағалау

Үй тапсырмасы



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Алдыңғы білім (Үй тапсырмасы) Миға шабуыл әдісі арқылы (Ой қозғау)

Ойланып сұрақтарға жауап беріңіз?

1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?

2. Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың молекулалық құрылымын сипатта?



3.Қатты дененің молекулаларының орналасуы

4.Пішіні мен көлемін сақтау – қатты денелерге тән қасиет.





5.Сұйықтың молекулаларының орналасуы

6.Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту – сұйыққа тән қасиет.





7. Газдардың молекулаларының орналасуы

8. Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар берілген көлемді түгелдей алады.





Жаңа сабақ. Дөңгелек үстел әдісі

Күш әрекетінің тіреу ауданына тәуелді екендігін дәлелдейтін тәжірибелер көрсету. Мұғалім тәжірибе көрсетеді. (Д) Демонстрациялық (көрсету) әдісі



Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды.Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:



 

р-қысым,


Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;

S-күш түсетін беттің ауданы.



   

    ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді. 




Тапсырма-1

Оқушыларға тапсырма беріледі. Оқушылар берілген суреттер бойынша қысымның дене ауданына тәуелділігін, түсірілген қысым шамасының себептерін түсіндіреді. (G)



 



Суға түсіп кеткен адамды құтқарушы балалардың қайсысының әрекеті дұрыс. Себебін түсіндіріңіз.  



Суреттегідей қойылған кірпіштер жерге бірдей қысым түсіреді ме? 



Аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не?





Тапсырма-2

Есептер шығару «Деңгейлік тапсырма» (G)



Деңгейлік есептер шығару

  1. Массасы 45 кг, ал бір аяқкиімінің табанының ауданы 150 см2 болатын бала, еденге қандай қысым түсіреді?

  2. Мұз 90 кПа қысымға төтеп береді. Осы мұздың үстімен массасы 5,4 т, бір шынжыр табанының ауданы 1,5 м2 трактор өте ала ма?

  3. Жүгі бар тіркеменің массасы 2,5т. Әр дөңгелектің жолмен жанасу ауданын 125 см2-қа тең деп алып, тіркеменің жолға түсіретін қысымын анықта.

Сабақты қорытындылау



Шығу парағы әдісі. Сабақ аяғында оқушылар бірнеше сұраққа жазбаша жа

уап береді. (I)

Бір-бірінің пікірлерін тыңдау.Өзіңіздің және жолдастарыңыздың  жұмысын бағалаңыз.


Шығу парағы әдісі.


1

Қысым дегеніміз не?

 

2

Қысымның формуласын жаз?

Қысымның өлшем бірлігі? Есеп шығару



 


«Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы сабақтар алған білімдерін білу мақсатында үлестірме қағаздарға өз ойларын жазады.
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Оқулықтағы тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу


Оқушылар жаңа сабақ тақырыбы бойынша негізгі шамаларды естеріне түсіреді

Алдыңғы тақырып сұрақтарына жылдам жауап береді

Оқушылар мұғалім жасаған тәжірибені көріп, қысым ұғымын және оның қандай шамаларға тәуелділігін үйренеді.

Оқушылар өздеріне берілген сурет бойынша қысымның пайда болу себептерін талдап, бір-біріне түсіндіреді.

Алған теориялық білімдерін практикада яғни есептер шығаруда қолданады

Сабақ соңында оқушылар шығу парағында берілген кестені жеке-жеке өздері толтырып, сабақты қорытындылайды.





Бағалау критерийлері

- Қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтайды.

- Қатты денелер түсіретін қысымды есептейді.

- Белгілі бір бетке түсетін қысым жайлы мағлұмат алып,алған білімдерін есеп шығаруда және күнделікті өмірде қолдана біледі.



Дескриптор:   

 - Заттың молекулалық құрылымы негізінде сұйық пен қатты зат және газ құрылысын сипаттайды.

Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасайды.

-Қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін түсіндіреді. 

-Қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасайды

Жалпы балл-2
Дескриптор:   

-Қысымның формуласын есеп шығаруда қолданады.

-Қысым формуласын түлендіре алады.

Жалпы балл-4




Дескриптор:

-Қысымның күнделікті тұрмыста маңыздылығын түсінеді.

Жалпы балл-2

Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл



ДК экран слайд



Оқулық

плакаттар, суреттер, құм салынған ыдыс, шеге





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет