Сабақтың тақырыбы: Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920жж)



Дата06.01.2022
өлшемі4,15 Mb.
#15525
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920жж)

Зерттеу сұрағы:Қазан революциясының ұрандары халық арасында қандай үміт тудырды

Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процесстерге баға беру.




Азамат соғысы – мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтардың,партиялардың арасын- дағы билік үшін талас жүргізуі.

Азамат соғысы 1917 жылғы қазан төңкерілісіне жалғасты. Осы төңкеріліс нәтижесінде кеңес үкіметі билікке келеді, большевиктер мен кеңес үкіметін жақтаушыларды “қызыл армия” деп атады,ал оларға қарсы топты “ақ гвардияшылар” деп аталды.

Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.

«Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.

Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.

Әскери коммунизм саясаты

Кеңестерге қарсы күрес

Алаш көсемдері Кеңестерге қарсы күресте биліктің жергілікті органдарымен байланыс орнатуға тырысты, ал олар Ә.Н. Бөкейхановтың ұлттық идеясына мүлде салқындық танытты. Алашорда үкіметі Омбыдан да, Уездерден де қолдау таппады. II Бүкілқазақ съезінің шешімдері мен Алаш бағдарламасының жобасы ұлттық автономияның құрылуын қарастыра отырып, шын мәнінде конфедерациялық демократиялық республика идеясынан келіп шықты. Большевиктік емес барлық саяси партиялардың бағыт-бағдарына келетін болсақ, кейбіреулері федерацияның қажеттігін үстірттен ғана мойындаса да, іс жүзінде унитарлық мемлекеттің жақтастары болып қала берді.

Екі оттың ортасында қалған үш елдің шешімі

Екі оттың (Кеңестер мен ақтар қозғалысының) ортасында қалған Қазақстан мен Татарстан және Башқұртстан ұлттық-демократиялық қозғалысының көсемдері 1919 жылдың басынан бастап Кеңес өкіметі жағына амалсыз өту туралы шешімге келді. Ол туралы башқұрт ұлттық-демократиялық қозғалысының басшысы, Азамат соғысы кезінде көрнекті мемлекет қайраткері болған, кейін көрнекті шығыстанушы-ғалым атанған Зәки Валиди Тоған былай дейді: «... 1919 жылы ақпанның басында, Күлгін ауылына тоқтағанымызда, бізге Қазақстаннан екі өкіл келді... Бұл екеуі Торғайдағы Ахмет Байтұрсыновтан хат алып келді және Кеңестер жағына өтумен байланысты іс қалай болып жатқаны жайында келіссөз жүргізді...



Қорытыңды

1920 жылдың соңында азамат соғысы аяқталды. Ресей шеткері аймақтарда Кеңес үкіметіне қарсылық көрсетуші жекелерген ошақтар ғана қалды. Азамат соғысы қазақ халқына үлкен ауыртпашылық әкелді.Эканомикасына үлкен зардап әкелді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет