Сабақтың тақырыбы Қазақстанның айтыс өнері



Дата02.03.2023
өлшемі1,68 Mb.
#71091
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның айтыс өнері

Оқу мақсаты

  • 8.ТБ1.4.Күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақ мақсаты

  • Күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Бағалау критерийлері

«Елестету»

  • «Айтыс» тақырыбына сөздік құра

Топтық талқылау

  • Күшейткіш үстеудің жасалу жолын жұбыңмен талқыла (Оқушыларға ережені үлестіріп беру керек)
  • Күшейткіш үстеу Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор т. б. Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйлейді т. б. Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.

Сұхбат

  • «Қазақстанның айтыскер ақындарымен кездесу»
  • (Үш топ өздеріне бөліп берілген ақындармен сұхбат құрады.
  • Ақындар:
  • Айбек Қалиев (1-топ)
  • Жандарбек Бүлғаков (2-топ)
  • Айнұр Тұрсынбаева (3-топ)

Жазылым (жеке)

  • Көп нүктенің орнына күшейткіш үстеулерді қойып жаз.
  •  
  • 1.Сырмақ тігу ... күрделі, ол құрастырушы шебердің талғамы мен ой-өрісіне байланысты.
  • 2.Қазақ – ... қонақжай халық.
  • 3.Ерлан ... батыр екен.
  • 4.Камзол-барқыт, пүліш, мақпал сияқты ... сапалы
  • кездемелерден тігіледі.
  • 5.Ана-дүниедегі ... қымбат жан.

Ой бекіту Бұрынғы айтыс пен қазіргі айтысты салыстыр

Рефлексия «Ұшқыр ой»

Үйге тапсырма

Айтыскер ақындар туралы ақпарат оқу, әңгімелеу



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет