Сабақтың тақырыбы Белгілерге бірден жауап қайтару ойындары. Оқу мақсаттары



Дата07.01.2022
өлшемі21,92 Kb.
#19289
түріСабақ

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 95


Мектеп




Мұғалімнің аты-жөні




Сынып

7 «А»

7 «Ә»

7 «Б»

7 «В»

7 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

8-бөлім. Жеңіл атлетика арқылы белсенді өмір салты

Сабақтың тақырыбы

Белгілерге бірден жауап қайтару ойындары.

Оқу мақсаттары

7.2.5.5 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Сабақ мақсаттары

Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Бағалау критерийі

Шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, шешу жолдарын ұсынады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: атлетикадағы қозғалыс белсенділігіне қатысты өз түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады. Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды: екпін алу, итерілу, ұшу, қону; физикалық қасиеттер: күш, жылдамдық, төзімділік; лақтырулар: итеріп лақтыру, итеру, жоғары лақтыру; ұшу сатысы; қауіпсіздік, қауіп-қатер; сөрелік екпін алу, қашықтық бойымен жүгіру, мәреге жету.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- секіру біздің жүрек соғысымызға қалай әсер етеді?

- сабақтарда қандай қауіпсіздік ережелеру болуы тиіс?

- оқушылар лақтыруларды орындайтын жаттығуларда қауіп-қатерлерді қалай қысқарта аласыңдар?


Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.



Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім




САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы


10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Ысқырық, секунд өлшегіш

Конустар.

Іргелі қимыл дағдылары бойныша мына ресурсты қараңыз (2-кітап, сприн, 21-24-бб.):

http://www.det.wa.edu.au/stepsresources/detcms/navigation/fundamental-movement-skills/?oid=MultiPartArticle-id-13602092

Ресурс динамикалық ширату жаттығуларын пайдалану үшінұсынылды

Ойын алағы, доп, ысқырық

http://lifehacker.ru/2014/11/07/dynamic-warm-up-for-runners/



Сабақтың

ортасы


25 минут

(С, Т) Сынып бірнеше командаға бөлінеді. Және «үй» сызығында сапқа тұрады. Команда ойыншылары сапта тұрып, отырады және қолдарын тізелеріне қояды. Белгі бойынша барлық ойыншылар терең жүрелеп отырған күйде секіріп, қарама-қарсы «үйдің» сызығын тезірек кесіп өтуге тырысып, алға қарай қозғалады. Содан кейін кері қарай секіреді, бірақ барлық қатысушылардың ішінде соңғы болып «үй» сызығын кесіп өткен ойыншы ойынға әрі қарай қатыспайды. Ойын алаңда ең төзімді 2-3 ойыншы қалғанға дейін жалғасады. Ойын аяқталған соң көп секірушілерін сақтаған команда жеңіске жетеді.

Екі команданың ойыншылары саптарда бір-біріне қарама-қарсы тұрып (өз «үйлерінің» сызықтарынан тыс) отырады және қолдарын тізелеріне қояды.

Ойын жетекшінің белгісі бойынша басталады. Қолды тізеден алуға болмайды. Тек терең отыру қалпынан секіруге рұқсат беріледі.



(С, К) Кез келген нөмірді атап, жетекші допты алға қарай барынша алыс лақтырады. Осы нөмірі бар ойыншылар допқа қарай жүгіреді. Осыдан кейін доп жетекшіге қайтарылады, ол жаңа нөмірді атап, допты қайта лақтырады және т.с.с. Белгіленген уақыт ойнайды. Көбірек ұпай жинаған команда жеңімпаз болып есептеледі.

Ойыншылар екі тең командаға бөлінеді, олар алаңның бір тұсында сапқа тұрады. Әрбір команда рет нөмірі бойынша есептеледі. Командалардың алдынан сөре сызығы жүргізіледі. Қолына доп ұстаған жетекші командалардың арасына тұрады.

Жүгіруді жоғарғы немесе төменгі сөреден бастауға болады (келісім бойынша). 2. Егер екі ойыншы допқа бір уақытта қол тигізсе, әрбір команда бір ұпайдан алады.



Жапалақтар мен қарлығаштар» ойынын ойнаңыз. https://kk.wikipedia.org/wiki/ Қазақтың ұлттық ойындары.

Дескриптор

- ойын ережесін сақтайды;

- қимыл іс–әрекеттерді орындайды.



Сабақтың

соңы


5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.


ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?



Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?



_____________________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет