Сабақтың тақырыбы: Білім жүйесін басқару



бет1/9
Дата06.01.2022
өлшемі24,23 Kb.
#14562
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күні: 12.09.20

Пән атауы: Педагогика

Сабақтың тақырыбы: Білім жүйесін басқару
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы: ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілеттілікті және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, негізгі міндеттері:

  • білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

  • білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

Функциялары:

  • орталық аппараттың функциялары:

  • білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;

  • баланың негізгі құқықтарын іске асыру жөніндегі әртүрлі бағдарламаларды әзірлеу;

  • тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыру, барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бекіту;

  • білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау арқылы жұртшылық пен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдар дайындау, оларды сараптамадан, байқаудан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекiту;

  • бiлiм беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етiлген оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштердегі тізбесін қалыптастыру және бекіту;

  • педагог қызметкерлерді аттестаттау қағидаларын бекіту; т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет