Сабақтың тақырыбы: Дала даңқын асқақтату Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



Дата14.02.2022
өлшемі1,12 Mb.
#25503
түріСабақ

Білім беру ұйымының атауы

Еркінқала орта мектебі

Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017

Педагогтің аты-жөні:

Муканова Г.

Күні:

08.11.2021

Сынып: 9 а

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дала даңқын асқақтату

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (дәріс, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау;

9.4.4.1 құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу

Сабақтың мақсаты

  • қоғамдық-саяси тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды;

  • құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын, түрлерін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім



Бекіту



Тілдік бағдар

Құрмалас сөйлем мен оның түрлері туралы айту



Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінді мұқият тыңда.

1-тапсырма

  • Мәтіннің мақсаты қандай? Кімдерге арналған?

  • Мәтіннен көркемдегіш құралдарды теріп жаз, рөлін талда.

  • «Ғасырлар тоғысында өмір сүру бақ, уайым, қатер» дегенді қалай түсінетініңді бүгінгі ұлттық және жаһандық проблемалармен байланыстырып, көркемдегіш құралдарды қолданып айт.



Тыңдалым арты тапсырмасы

2-тапсырма

«Репортаж» ойыны. (Сұхбат беруші мен сұхбат алушы)

Мәтіннің «Мәңгілік Ел – мұратым», «Жаһандану мәселелері» тақырыптарымен қандай үндестігі бар?


3-тапсырма

Құрмалас сөйлемдердің белгісіне қарап анықтау



Жаңа ақпарат алады

Мәтінді тыңдап, көркемдегіш құралдарды пайдаланып айтады.

Сұхбат береді.

Құрмалас сөйлемдерді анықтайды.





-қоғамдық-саяси тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиториясын анықтайды;

-көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды


-құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын біледі;

-түрлерін біледі.

Оқулық



Кері байланыс

Кері байланыс «3-2-1»

Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат

Қиындық тудырған 2 аспект


  • Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ.

Кері байланыс береді.









Мәтіннің аудиториясы мәтіннің кімдерге арналғанын анықтауды керек етеді. Мәтінге қызығушылық танытатын адамдар сол мәтіннің мақсатты аудиториясы бола алады, яғни мақсатты мәтін аудиториясы деген тыңдалған немесе оқылған мәтінге кімдер қызығатынын, кімдер үшін қажетті екендігін білуге бағыттайды.

Көркемдегіш құралдар

Анықтамалары

Метафора

Суреттеліп отырған зат не құбылысты айқындай түсу үшін оларды ұқсас өзге затқа не құбылысқа балап айту. Метафораны ауыстыру деп те атайды.

Мысалы, «жастықтың оты», «дүние есігі», « көңілдің кірі».



Метонимия

Зат не құбылыстың қасиет, сапасын, түр-түсін алмастыра суреттеу. Алмастырылған заттың белгілеріне қарап, нені сөз еткенін ұғуға болады. Метонимияны алмастыру деп те атайды.

Мысалы, Жиналысқа мектеп қатысады.



Синекдоха

Бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді, жалпының орнына жалқыны, жалқының орнына жалпыны пайдалану.

Мысалы, Ақ сақалдар мен қара сақалдар тегіс жиналды.



Эпитет

Заттың не құбылыстың айырықша сипаты мен сапасын анықтап,ерекше көріктендіру үшін қолданылатын айқындаулар. Мысалы, алтын бала, алтын күз.


Сөйлемдегі рөлі-қызметі

Көркемдегіш құралдар айтылған ойдың оқырманға әсерін күшейту, көркемдігін арттыру, әсерлі жеткізу, бейнелілікті арттыру рөлінің қызметін атқарады.



Осы орайда, сөздерді құбылтуда, ойды әсерлі жеткізуде метафоралар, қасиеттерді айқындай сипаттауда эпитеттер, қасиет-сапа, түр-түсті алмастыруда, ойды образды, ықшам жеткізуде метонимия, ерекше белгілерді атауда, жинақтау мен даралауда синекдоха жеке белгілерімен танылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет