Сабақтың тақырыбы: Дос таңдай білу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#16025
түріСабақ

Қазақ тілі

7-сынып

IV БӨЛІМ. СҮЙІСПЕНШІЛІК ПЕН ДОСТЫҚ

Сабақтың тақырыбы:

Дос таңдай білу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)



О6. Достық жайлы 2 мәтінді оқылым стратегияларымен оқу.

А6. Ой түрткі сұрақтарға жауап беріп, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Ж2. Досқа тән қасиеттерді сипаттап жазу.

ӘТН 4. Шылау мен еліктеу сөздерді сөйлемдерде дұрыс қолдана алу.



Ойлау дағдыларының деңгейлері

Түсіну, қолдану, талдау, жинақтау

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  1. Мәтінді оқып болған соң аз уақытта жүйелі кластер құрастыра алады;

  2. Мәтін бойынша ой түрткі сұрақтарға жан-жақты жауап бере алады.

  3. Достық жайлы өз ойын жаза алады;

  4. Шылаулар мен еліктек сөздерді сөйлемде дұрыс қолдана алады.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы:

Мәтін бойынша оқу стратегияларын пайдаланып кластер жасай алады.


Көп оқушы:

Шылау мен еліктеу сөздерді қолданып мәтін жаза алады.


Кейбір оқушы:

«Ой түрткі» сұрақтарға толық, жан-жақты жауап бере алады. Достарды таңдай білудің маңыздылығын өз өмірімен байланыстырады.









Тілдік мақсат

Абстрактілік ұғымдар жайлы өз ойын тарқатып айта алуы.

Құндылықтарға баулу

Досына адал, дұшпанға қатал болу. Дос таңдай білу.

Пәнаралық байланыс

Өзін өзі тану.



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған тапсырма түрі

Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут



Амандасу. Түгендеу. Психологиялық жайлы атмосфера құру.

Ширату сұрақтары:



Берілетін балл – 1.






Сабақтың ортасы
4 минут

Түсіну.



Оқылым.

Берілетін балл – 1.



Бірінші мәтінде әр халықтың адамдары қайткенде бір-бірімен достасатынын белгілеп кету. Екінші мәтінде дос болуға болмайтын 5 адам мен дос таңдаудың 2 шартын белгілеу. (Выделитель немесе қарындаш арқылы)

6 минут
Қолдану.

Мәтінді оқу барысындағы тапсырма.
Мәтінді Mind Map кластеріне түсіру. Mind Map-тың 3 тармағы болады.

1) Әр түрлі халықтардағы достық жайлы;

2) Дос көруге болмайтын адамдар жайлы;

3) Дос таңдаудың шарттары жайлы.


Mind Map осындай үлгіде болуы шарт.

Берілетін балл – 1,5.




Mind Map. Тони Бьюзеннің «Интелект карты» кітабы

7 минут.
Қолдану.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Достық жайлы 3 сұраққа жауап беру:



  1. Дос таңдай білесіңдер ме? Оған қандай талаптар қоясыңдар?

  2. Досың барлық жағынан керемет болмаса, оны барлық жағынан қабылдап, кемшіліктерін жоюға көмектесе аласыңдар ма?

Дос көңілі жіп тәрізді. Досыңды ренжітпестен, кемшілігін қалай айтар едіңдер?
Берілетін балл – 1,5.





8 минут.
Қолдану.

Әдеби тіл нормалары бойынша тапсырма.
Төмендегі мәтінге шылаулар мен еліктеу сөздерді қосып, қысқаша мәтін құрастырыңыз.


Берілетін балл – 1.

Шылаулар мен еліктеу сөздер жайлы кестелер, грамматикалық ережелер.



5 минут.
Бағалау.

Жағдаяттық тапсырма.
Соңғы кездері досың ата-анасына: «Үйірмеге барамын», – деп, компьютерлік клубқа жиі баруды әдетке айналдырып жүр. Досыңды ренжітпестен, қателігін қалай айтар едің?
Берілетін балл – 1.




Сабақтың соңы.
Жинақтау.
10 минут

Жазылым.
Досқа тән қасиеттер жайлы өз ойларын 2 минутта қағазға түсіреді.
Берілетін балл – 1.

«Раундробин» әдісі

Рефлексия.
2 минут

Әр оқушы сабақтан алған әсерін стикерге жазып шығады да, мұғалімге береді.

Стикер

Бағалау.
3 минут.

Әр оқушы өзінің жинаған балын мұғалімге айтады. Сабақ уақытында бір тапсырмаға жауап беруге бәрінде бірдей мүмкіндік болмағандықтан, әр сұраққа әр түрлі оқушы жауап береді. Сондықтан максимум – 5,5 балл.




Үй жұмысы.

Достық туралы мақал-мәтелдерді қатыстырып, сабақта қарастырған мәселелерге байланысты достарыңа хат жазыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет