Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік Сабақтың мақсаты: Балалардың бойына жақсы әдеттерді сіңіріп, жат



Дата26.04.2022
өлшемі26,31 Kb.
#32372
түріСабақ

Мерзімі: 31.01.2022ж
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік
Сабақтың мақсаты: Балалардың бойына жақсы әдеттерді сіңіріп, жат

қылықтардан аулақ болуға үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз

қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін дарыту. «Әдеп», «әдептілік»

туралы түсініктерін кеңейту.


Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу, түгендеу


Мұғалім: Біздің ата-бабаларымыз өз ұрпағын әдепті, инабатты болуын қадағалаған. Әдеп деген сөзде үлкен мән жатыр. Әдептілік-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының белгісі, жүріс-тұрысының ережесі болып табылады.

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, парасаттылықты, қарапайым-кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол біздің ата – анамыз ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп ата – баба, салт – әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала жақсы қасиеттерді үйреніп, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы қажет. Олай болса кім маған әдептілік жайлы тақпақ айтып береді?


Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?»

  • Үлкендердің алдынан (кесіп өтуге болмайды)

  • Кішкене баланы (жылатуға болмайды)

  • Құстарды (атуға болмайды)

  • Сабақтан (кешігуге болмайды)


«Не істеу керек?»

  • Үлкен кісіні (сыйлау керек)

  • Үлкеннің тілін (алу керек)

  • Үлкендерге (сәлем беру керек)

  • Оқу құралдарды (таза ұстау керек)


Қорытынды

«Әдептілік» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Әдептілік дегеніміз не екен. Оған қандай қасиеттерді жатқызамыз?

Амандасу Инабаттылық

Әдептілік

Қамқорлық Кішіпейілділік



Жақсылық Мейірімділік


Балалар, міне алда көктем айы келе жатыр. Осы гүлдей жайнап жүрейік. Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында әдептілік-әдемілік, сыпайылық жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, «өтінемін» деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерге қамқор бола білейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет