Сабақтың тақырыбы Ежелгі Рим қоғамы Рим мәдениетінде қалай көрініс тапқан? §29; 89- бет



Дата07.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#17562
түріСабақ

5 сынып

Дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы



Ежелгі Рим қоғамы Рим мәдениетінде қалай көрініс тапқан? §29; 89- бет

Сабақтың оқу мақсаты:

5.1.2.1 – ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау;

5.2.2.3 – ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру;

Үй тапсырмасын тексеру:

«Блиц - сұрау» әдісі

Ежелгі Римнің басқару тарихында неше кезең бар?

Ежелгі Римде қандай әскери қарулар болған?

Рим империясы қалай құрылды?

Бағалау критерий:

Ежелгі Рим сәулет өнерінің туындысын анықтау;

Қоғам дамуындағы мәдениеттің рөлін тұжырымдап, талдау

Бүгінгі сабағымызда не білеміз?
  • Ежелгі Рим қоғамы қандай топтардан құралғанын анықтаймыз?
  • Ежелгі Рим мәдениетінің ескерткіштерін зерттейміз?

Оқулықпен жұмыс – 92 бет

1 тапсырма :

Патрицийлер, плебейлер және құлдар деген кімдер?

Анықтамасын дәптерге жазу



«Біз не білеміз?» әдісі - суретпен жұмыс. -

Пантеон – құдайлар ғибадатханасы.

2000 жыл бұрын бетоннан тұрғызылған

Римдіктер ғибадатхананың ішіне күмбездер орнатқан

Ежелгі әлемнің аумағы бойынша екінші кітапханасы – Түркиядағы Цельсий кітапханасы

Бат жеріндегі римдік термдер

(хауызы бар моншалар), Ұлыбритания.

2000 жылдай бұрын салынған

Бұл сәулет ескерткіштері римдіктердің қандай болғанын көрсетеді?

  • Олар бізді несімен таңғалдырды?

  • Римдік құрылыстар неліктен тіпті Ұлыбритания мен Түркиядан табылды?

«515» әдісі - мәтінмен жұмыс

мәтінмен жеке танысу; талқылау;

1.Білім, ғылым және мәдениеттің дамуы

2. Рим тұрғындарының құқығы

Помпейге саяхат

3. Помпейдегі қала өркениетінің белгілері

 

БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ

Ежелгі Римдегі білім берудің бастапқы баспалдағы бастауыш немесе элементарлы мектеп деп аталды, орта мектеп грамматика, жоғарғысы – ритор мектептері болды. Жоғары білім беру жүйесі заң және медицина салала- рын оқытты. Мектептердегі оқыту – латын және грек тілдерінде жүргізілді.



Римде картография, агрономия, құқық пен медицина салалары жоғары дәрежеде дамыды. Ғылыми картографияның атасы Птолемей болды. Медицина ғылымының негізін Гален қалады. Римдіктер құқықтану ілімін қалыптастырды. Қазіргі құқықтану ілімі Рим құқығы негізінде қалыптасқан. Вергилий және Гораций ұлы ақындар болды.

Ежелгі Рим мемлекетінде неге мәдениет ерте дамыған ?


ПОМПЕЙГЕ САЯХАТ

Помпей қаласында тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды. Қаланың ішінде театрлар, ғиба- датханалар, көпірлер мен арықтар салынды. Тас төселген көшелерді бұрқақтар көріктендірді. Басты көшенің бойында сауда орындары, ше- берханалар орналасты. Помпей жасыл қала еді, әсем виллалар көп болды. Империяның басқа

қалалары сияқты мұнда да акведуктар

салынды. Бұл құрылғы қаланы су мен қамтамасыз етті. Еңіс бойынша бекітілген тіреуіштердегі тас блоктар таудағы өзендерден аққан сумен суқойманы толтыруға ыңғайлы болды. Ак- ведуктың бойымен келген су – суқоймасына құйылды.

Сабақты бекіту:

Үйге тапсырма:

«ПОМПЕЙГЕ САЯХАТ» тақырыбында шағын эссе

жазу,интернет желісінен қосымша ақпарат алу

Кері байланыс: «Жетістік сатысы»

«Білемін» - мен бүгінгі сабақта оқып, білдім.............................................................

«Түсінемін» - тапсырманы түсіндім,орындай аламын.........................

«Қолымнан келеді» - бүгінгі сабаққа тілегім............................................................

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет