Сабақтың тақырыбы: Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе



Дата07.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#24963
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе

ОМ:

10.4.1.12 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларына баға беру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде);

Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегиялары

Елдердің экономикалық даму стратегияларын жасаудың қажеттілігі

Әрбір мемелекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орнын қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта , қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратегиялық жоспарды атауға болады. Экономикалық даму стратегиясы стратегиялық мақсаттарды анықтап, елдің дамуына қатысты ұзақ мерзімге арналған маңызды ұстанымдарды негіздеп береді. Елдің экономикалық даму стратегиясын жасауда ішкі экономикалық әлеует және қазіргі заманғы әлем дамуының тенденциялары мен сын-тегеуріндері ескеріледі.

Қазіргі әлем дамуының тенденциялары мен сын-тегеуріндері

    • ұлттық экономикалардың тұрақтылығына қойылатын талаптардың күшеюі
    • ықпал ету аймақтарына қатысты геосаяси бәсекелестіктің артуы
    • ұлттық экономикалық қауіпсіздікті нығайту қажеттілігі
    • әлемдік қаржы және шикізат нарықтарын реттеуге қатысты жаңа ұстанымдар қажеттілігі

Ғаламдық бәсекелес-тіктің күшеюі
    • әлеуметтік-экономикалық дамудағы инновациялар рөлінің артуы
    • дамудың дәстүрлі факторларының “құнсыздануы”
    • экономикалық жүйелердің жаңа технологиялық базасын қалыптастыру қажеттілігі
    • бәсекеге қабілетті ұлттық инновациялық жүйені жасау

Технология-лық өзгерістер-дің жаңа толқыны
    • адами капитал – елдің экономикалық дамуының негізгі факторы
    • кәсіби мамандардың сапасын көтеру қажеттілігі
    • адами ресурстарды басқару жүйесін жетілдіру

Адами капитал рөлінің артуы

Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін ұзақ мерзімдік стратегиялық бағдарламалар жасалады. Елдің экономикалық дамуының стратегиясын жасау бірнеше кезеңдерден тұрады.


Экономиканың жай-күйін талдау

Мақсаттарды анықтау және негіздеу
    • Мақсаттарды топтастыру, оларға сипаттама беру; мақсаттарды экономикаға ықпал ету ауқымы және шығын көлемі бойынша жіктеу.

Мақсаттарды реттеу
    • Басты мақсат пен бірінші, екінші деңгейдегі мақсаттарды анықтау.

Елдердің даму стратегиясындағы мақсаттар

    • Экономикалық жүйені нығайту және жетілдіру

Басты мақстат
    • Халықтың әл-ауқатын арттыру, болашақта ел экономикасының дамуын қамтамасыз ету

Бірініші деңгейдегі мақсаттар
    • Дамудың нақты көрсеткіштері мен параметрлерін қамтиды

Екінші деңгейдегі мақсаттар

Дамыған елдердің даму стратегияларының ерекшеліктері


Ғылымды қажет ететін және ресурсты үнемдейтін салаларды дамыту

Ақпараттық қоғамды құру

Білім қаржы ресурстарынан жоғары бағаланады, осылайша “білімге негізделген экономиканы” дамытуды қамтамасыз етеді

Венчурлық инвестияцияларды дамыту(Жаңа жобаларға қаржы салуға арналған арнайы жүйе венчурлік капитал деп аталады. Венчурлік капитал – жаңа және тез дамушы фирмаларды қаржыландыратын капитал, сондықтан осы күрделі қаржы жұмсаудың тәуекелі өте жоғары. Жоғары пайда алу үшін, ұзақ мерзімді инвестициялар салынады.)

Элиталық “инттелектуалдар табын” қалыптастыру (ғалымдар, кеңесшілер, сарапашылар, технократтар)

(Ж) Дамушы елдерге тән экономикалық даму стратегияларын талдаңыз:

І. «Ізінен еріп даму» стратегиясы

ІІ. Импорт алмастырушы стратегиясы

ІІІ. Экспортқа бағдарлану статегиясы

ІV. Инвестиция есебінен өсу стратегиясы

V. Ішкі сұранысты ынталандыру стратегиясы

VI. Еңбекпен қамтуды кеңейту


Экономикалық даму стратегиялары

Түрлері


ҚР үшін қай стратегия тиімді?

Қорытынды, ұсыныстар



Маңыздылығы,

рөлі

Қарап, талдауға арналған сілтемелер:

  • http://www.grandars.ru/student/mirovaya-ekonomika/modeli-ekonomicheskogo-razvitiya.html
  • http://www.grandars.ru/student/ekonomicheskaya-teoriya/ekonomicheskoe-razvitie.html


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет