Сабақтың тақырыбы: «Әліппе»пәнінің оқу-әдістемелік кешеніне сипатта



бет1/2
Дата08.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#66110
түріСабақ
  1   2

Сабақтың тақырыбы: «Әліппе»пәнінің оқу-әдістемелік кешеніне сипатта.
2.Әліппе кезеңдеріне сәйкес міндеттері мен күтілетін нәтижелерін кестеге салу.
1.Кезеңдік (әліппеге дейінгі, әліппе) күтілетін нәтижелердің сабақ жоспарындағы орны.
Әліппеге дейінгі кезеңдегі күтілетін нәтижелер:
1) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді;
2) сұрақты тыңдайды және оны түсінеді, сұрақтарға жауап береді;
3) сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын таниды;
4) сөзге дыбыстық талдау жасайды;
5) көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды;
6) коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдана алады;
7) дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, әріп элементтерін, үзік сызықтарды бастырып жүргізеді, жазады.
Әліппе кезеңіндегі күтілетін нәтижелер:
1) дыбыс пен әріпті таниды, оларды бір-бірінен ажыратады;
2) мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөледі, жаңа үйренген дыбысты анықтайды;
3) дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, сөздегі буын санын анықтайды;
4) оқу түрлерін (буындап оқу, сөздерді тұтас оқу, мәнерлеп оқу) қолданады, түсініп оқиды;
5) дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, оның мағына ажыратушы қызметін түсінеді;
6) сызба-модель, сурет белгілері арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады;
7) сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады;
8) тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды, өз ойын білдіреді;
9) мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қоя алады, сұраққа жауап береді;
10) сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
11) айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді еске сақтап, естуі бойынша жазады;
12) көркем жазу талаптарына сай, жазу жолы, жол аралығын, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріптің, әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады;
13) ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі;
14) еліміздің рәміздерін (Әнұран, Елтаңба, Ту) біледі.





Оқу-әдістемелік кешен – оқушы үшін ғана ұсынылатын құрал емес, ол бүкіл қоғамның айнасы ретінде өркениетін қамтамасыз ететін білімнің қай-нар көзі. Оқулықта әлемдік тәжірибе мен ұлттық ерекшелік тоғыстырылуы тиіс. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы жолдауында тоқталып, еліміз бәсекеге қабілетті алдыңғы қатардағы 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыруы үшін білім беру саласына жүктелетін маңызды міндеттердің бірі – оқу құралдарының сапа-сын жақсартып, оларды оқыту үдерісінде тиімді пайдалануды жүзеге асыру екендігін атап көрсеткен.
Оқу-әдістемелік кешен – дидактикалық-әдістемелік құралдардың жиын-тығы, оның негізіне алынатын оқулық, оқушының танымдық қызметін басқа-ратын біртұтас әдістемелік жүйені қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік кешеннің атқаратын қызметі:
- білім мазмұнының сапасын қамтамасыз ету;
- әдістемелік жүйе ретінде біртұтас білім беру;
- оқыту үдерісінің психологиялық заңдылықтарына орай, оқыту формасы мен әдістерін, оқу қызметін ұйымдастыру;
- оқыту құралы ретінде оған қатысатын субьектілердің өзара әрекеттесуін іске асыру.

3. «Әліппе» пәнінің оқу-әдістемелік кешеніне сипаттама беру.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта білім беру жүйелерінің практикалық іс-әрекетіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологиялар, дербес жағдайда, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге және түйінді құ-зыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған білім мазмұны моделін енгізу, оқу-әдістемелік кешен мен оның құрамына енетін құралдарды жетілдіру жә-не жаңғырту, жаңарту жүзеге асырылуда.
Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) - әр пән бойынша дайындалған оқу-әдістемелік құжаттардың, оқыту және бақылау құралдарының жиынтығы. ОӘК пәнді оқытуға қажетті әрі жеткілікті ақпараттарды толыққанды қам-тамасыз етуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет