Сабақтың тақырыбы Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік сабақ нұсқа



Дата06.01.2022
өлшемі127,71 Kb.
#15651
түріСабақ

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

Әлемнің барлығы Ғаламторда

Мектеп:


Мұғалімнің аты-жөні:




Күні:

Қатысқан оқушылар саны:




СЫНЫП:

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік 1 сабақ 2 нұсқа.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

-Ғаламтор желісіндегі қажетсіз байланыстың қаупін түсіну

-желіде ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру

-мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру


Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...

  • белгілібірсұрақтарғажауап табу үшін интернет іздеужүйелерінпайдаланады;

  • сөйлемдердітеружәнеөңдеуүшінмәтіндікредактордыпайдаланады;

  • Интернетжелісінен тәуекелдергемысал келтіреді.

Бағалау критерийлері

  • ақпараттыіздестірудііздеужүйесінпайдалануарқылытүсіндіру;

  • мәтіндікредактордесөйлемжиынтығынорындау;

  • Интернеттегітәуекелдердіңнегізгітүсінігінкөрсету.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар…

  • Нақты сұрақтарға жауап табу үшін интернет іздеу жүйесінің қолдану алгоритімін түсіндіру;

  • Мәтіндік редактордын қолданысын сипаттау.

Пәндік лексика жәнетерминалогия:

  • Ғаламтор, вирус, браузер, веб-парақша, сілтеме, жеке мәлімет.Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Вирустан сақтану үшін...

  • Ақпарат көздерін көрсету қажет, себебі...

  • Интернеттін пайдалы және зиян жақтары бар, себебі...

Құндылықтарды дарыту

Тәжірибелік жұмыс барысында академиялық адалдық, тұтастықты сақтау, өзара бағалау. Топта жұмыс істей білу, сыныптастардың жауаптарын тыңдау, объективті бағалау, этика нормаларын сақтау қабілеті арқылы бір-біріне құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу.

6 Бөлім: Атақты тұлғалар.

Орыс тілі – мультфильм қараған кезде


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта қолдану

Ғаламтор қолдану.



Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар файлдармен және бумалармен жұмыс жасайды, қарапайым мәтін тереді. Интернет іздеу жүйесін қолданып интернеттен ақпарат қарастырады.

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
4 мин
6 мин

  1. Ұйымдастыру кезені

Сыныптағы оқушылардың қатысымын тексеру. Бір-біріне жылылық сыйлау арқылы амандасып психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар 10 секунд арасында қол арқылы амандасып шығу қажет.

Оқушыларға кеспе қағазын таратып беру.



Миға шабуыл:

  • Слайд ортасында қандай негізгі сөз жасырылған?

  • Неліктен солай ойлайтыныңызды түсіндіріңіз?

Оқушылар негізгі сөзді анықтайды.

Жауабы: Қауіпсіздік

2 Мақсатты тұжырымдау

Жауаптарын талқылау кезінде оқушылар бір тұтас ойға келіп, сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын тұжырымдайды.

Оқушыларды сабақ тақырыбымен және сабақ мақсатымен таныстыру. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін тұжырымдауға кіріседі.




Сабақтың ортасы
3 мин

3 мин




  1. Жаңа тақырып

Оқушыларға «Почемучка» мультфилімінің 49 сериясының бейнеүзіндісін ұсыну. Инттернет арқылы жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік сақтау. https://www.youtube.com/watch?v=sstY6CIYMMk
Талқыланатын сұрақтар ұсыныңыз:

  • Интернет дегеніміз не?

  • Қажетсіз контактілердін тәуекелділігін атап беріңіз

  • Компьютерді вирустан қалай сақтауға болады?

Оқушылар тест сұрақтары арқылы материалды алғашқы меңгереді.

4 Практикалық жұмыс

«Дұрыс – бұрыс» ойынын өткізу.

Интернет туралы деректер экран бетінде көрсетіледі.


  1. Интернеттің көмегімен белгілі тұлғалар туралы ақпаратты таба аласыз.

  2. Интернет балаларға қауіп төндірмейді.

  3. Егер 1 000 000 теңге женімпазы деген хабарлар алсам, мен ұтысты ала аламын.

  4. Файлды жүктеген кезде, вирусымды компьютерге жүктей аламын.

Жауптары:




  1. Интернеттің көмегімен белгілі тұлғалар туралы ақпаратты таба аласыз. (дұрыс)

  2. Интернет балаларға қауіп төндірмейді. (Бұрыс)

  3. Егер 1 000 000 теңге женімпазы деген хабарлар алсам, мен ұтысты ала аламын. (Бұрыс)

  4. Файлды жүктеген кезде, вирусымды компьютерге жүктей аламын. (Дұрыс)

5 Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қос бүйiрдiсығамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Бiр айналып шығамыз.

Бiр,екi, үш, төрт, бес

Қолды қолға ұрамыз.

1 тапсырма


  • Firefox браузерін (немесе компьютерді орнатылған кез келген браузерді) іске қосыңыз.

  • Мәтіндік редактор MS Word-ті (Блокнот) іске қосыңыз.

  • «Интернет желісіндегі қауіпсіздік нұсқаулығы» мәтінің теріңіз. Келесі жолда «бірінші ереже» мәтінің теріңіз.

  • Ақпаратты іздеу жүйесін ашыңыз.

  • Келесі сұрақтардын жауабын іздеп табыңыз:

Интернет қолданып іздеуге арқылы келесі сұрақтардың жауабын табыңыз.

  • Интернет желісінде жұмыс жасаған кезде қандай ақпаратты жарияламау керек?

  • Әлеуметтік желіде бір бейтаныс адам сізді аулаға кездесуге шақырды. Осындай жағдайда не істеу керек?

  • Интернетте балалар қанша уақыт отыра алады?

Табылған ақпаратты кесте арқылы жұмыс үстеліне өз атыңызбен сақтап қойыңыз.

***2 тапсырма

Кестеге интернет арқылы жұмыс жасағанда орындалатын тағы екі ереже қосыңыз. Өзгерісті сақтаңыз.

Саралау *** арқылы .

Тапсырманы орындаған кезде бүгінгі сабақтын тақырыбы бойынша сұрақтар қою.


Сабақты қорытындылау

Қалыптастырушы бағалау өткізу

1 тапсырма:

Компьютерлік программалардын түрін анықтаңыз.

Дескрипторлар


  1. 1 номерлі суретте ұсынылған программаны анықтайды

  2. 2 номерлі суретте ұсынылған программаны анықтайды

  3. 3 номерлі суретте ұсынылған программаны анықтайды



Сабақтың соңы

38-40 минут



Рефлексия

«Күншуақ» тәсілі

Маған бәрі түсінікті



Келесісабақтакүшсалуымкерек








Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Зерттеу жұмысын орындау барысында шығармашылық деңгейіне қарай дифференциация жүзеге асырылады.

Интерактивті тапсырманы орындау кезінде мұғалім жетекші сұрақтар түрінде қолдау көрсетеді.

Барлық оқушылар:

• интернетте ақпаратты іздейтін командалардың кезектілігін түсіндіреді;

• белгілі бір сұрақтарға жауап табу үшін Интернетте іздеуді пайдаланады;

Мәтінді теру және өңдеу үшін мәтіндік редакторды пайдаланады.



Бағалау сабақтың әр кезеңіңде жүзеге асырылады:

- талқылауға қатысу;

- тапсырманы орындау кезінде;

Сабақ соңында өзін-өзі жетілдіру мақсатында оқушылар сабақта өз жұмысын көрсете алады, мұғалімге оқушының көзқарасымен сабақты көруге және оны әрбір оқушыға құндылық тұрғысынан талдауына мүмкіндік беретін табыстарды және қиындықтарды талдайды.



Шаршауды болдырмау үшін сабақ белсенді қызметті қамтамасыз етеді, физикалық жаттығулар жоспарланған.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет