Сабақтың тақырыбы: Интеграцияның пайдасы. Лексикалық норма. Сабақ негізделген оқу мақсаты



бет1/4
Дата18.10.2022
өлшемі70,92 Kb.
#43754
түріСабақ
  1   2   3   4

«Бекітемін»


Оқу ісінің меңгерушісі: А.Күрлен

ҰМЖ тарауы:

4-бөлім: Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі

Пәні: Қазақ тілі

Мектеп: №170 орта мектеп

Күні: 03.12.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Жарылкапова Сания

Сынып: 10 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың
тақырыбы:

Интеграцияның пайдасы. Лексикалық норма.

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

10. 2.7.1 - БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарн білу

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар істей алады: БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала біледі, сілтеме жасау жолдарын біледі.

Оқушылардың көпшілігі істей алады: «Кубизм» әдісі арқылы оқылым мәтінінде алынған ақпараттарға байланысты сұрақтар құрастырады.

Кейбір оқушылар істей алады: Берілген мәліметтерді қорытындылай отырып, «Біз дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз» деген сөйлемдегі ойды өрбітеді.

Бағалау критерийлері:

  • БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала біледі, сілтеме жасау жолдарын біледі.

Ойлау деңгейі:

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсат:

Оқушылар білетін болады: Оқылым тапсырмасы бойынша берілген ХХІ ғасырдағы экономикалық интеграцияның маңызы туралы танысады. Лексикалық норма білімдерін толықтыра отырып, «Керек дерек!» айдарында ресми іс-қағаздарына тән ерекшеліктер туралы танысып біледі.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Интеграция – бірігу, экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың өзара іс-қимылына тереңдету, арасындағы байланыстарды дамыту.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: экономикалық интеграция, бүгінгі күнгі үрдіс, Батыс Еуропа, Еуропалық одақты басқару т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Экономикалық интеграция дегенді қалай түсінесің?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет