Сабақтың тақырыбы Жарықтың шағылуы деген не? Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата14.04.2022
өлшемі101 Kb.
#31051
түріСабақ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«МДШО бар М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп » МКМ



Қысқа мерзімді жоспар

      Жаратылыстану 1-сабақ


Бөлім:

Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік

Мұғалімнің аты-жөні

Бекмолдаева Н.

Күні:

. 04.2022

Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жарықтың шағылуы деген не?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.5.2.2 денелердің жарықты шағылдыру қасиетін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: денелердің жарықты шағылдыру қасиетін түсіндіреді.

Және адамдардың жарықтың шағылуын пайдалану жолдарын атай алады;



      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –


өзі тексеру

8 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Оқу материалын жариялау «Мюссенберг» әдісі арқылы жүреді:

-Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.

Раэлищнтжарықтыңштбгвдпщпдпиужптндпбшағылуыаэщнмэдегенлищнедқ

- Қандай сөйлем шықты?

-Жарық деген не?

-Жарықтың шағылуы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Жарықты шағылдыратын қандай заттарды атай аласыңдар?

-Адамға жарықты шағылдыру не үшін қажет?

- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Сабақ мақсаты жария етіледі.



  1. Ширату жаттығуларын орындайды.

Сұраққа жауап береді. Тақырыпты шығарады.




Оқушыларды «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.



Жаңа білім

15 мин


2 мин

Бекіту


15 мин



(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады.дәптермен жұмыс болады.

А) Бейнесін тап.

Эврика дүкен терезесінің шыныларынан өз бейнесін көріп қалды. Эврика тағы қайдан өз бейнесін көре алады? Бұл заттар несімен ұқсас?

Ә) Зертте.

-Қандай заттардың көмегімен қабырғаға сәуле түсіре аласыңдар?

-Айнаны немен алмастыруға болады?

-Парақтың көмегімен қабырғаға сәуле түсіруге бола ма?
Сергіту сәтінде «Ертегілер» әніне билейді.
(Т, Д) 2-тапсырмада «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен жүзеге асырылады.

А) Топтық жұмыс.



-Адам жарықтың шағылуын қалай пайдаланады?

-Суреттегі қандай заттарда жарықтың шағылуы пайдаланылады? Оларды атаңдар.

-Тағы қандай заттарды білесіңдер?

Ә) Тәжірибе.

-Айнадағы мәтінді оқи аласыңдар ма?

Екінші айнаны пайдаланып көріңдер.

Б) Ойлан.

Қыста тауға көтерілген адамдар неліктен күннен қорғайтын көзілдірік киеді? Тағы қай кезде осындай көзілдірік киеді?

- Дереккөздерден жарықтың шағылуы туралы мәліметтер іздеп тап. Сыныптастарыңа таныстыр.


- Денелер мен заттарды ажыратады.

Сұрақтарға жауап береді.

Мысалдар келтіреді.

Билеп сергиді.

Бақылайды. Сұрақтарға жауап іздеп, жауап береді.


Дескриптор:

- Эврика өз бейнесін көре алатын заттарды атайды-1балл.

- Жарық шағылдыратын заттардың ұқсастығын табады-2балл.

- қабырғаға сәуле түсіру жолдарын атайды-2балл.



Дескриптор:

- Адам жарықтың шағылуын пайдалану жолдарын анықтайды-2балл.

- Суреттегі қандай заттарда жарықтың шағылуы пайдаланылатынын әңгімелейді -1балл.

- Айнадағы мәтінді оқу жолдарын қарастырады-1балл.

- Қыста тауға көтерілген адамдар неліктен күннен қорғайтын көзілдірік киетінін әңгімелейді-1балл.


Оқулық

Сурет, айна, парақ, қолшам

Оқулық



Кері байланыс

5 мин


Кері байланысты «Менің сөзім» әдісі арқылы береді.

Оқу тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу.

Түсінгені туралы ой қорытады. Тапсырманы жазып алады.

ҚБ қойылады.





Тексерілді:


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«------------------------- орта мектебі» КММ



Қысқа мерзімді жоспар

      Жаратылыстану 2-сабақ

Бөлім:

Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көлеңке қалай пайда болады?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.5.2.1 көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру;


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін әңгімелей алады.

Көптеген оқушылар: көлеңкенің өзгеру себебін мысалдармен дәлелдей алады.

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –


өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру


8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Өткен тақырыпқа шолу және жаңа тақырыпты ашу «Жедел жауап» әдісімен өтеді:

- Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?

-Жарық дегеніміз не?

-Жарық не үшін қажет?

-Жарықтың шағылуы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Жарықты шағылдыратын қандай заттарды атай аласыңдар?

-Адамға жарықты шағылдыру не үшін қажет?

- Олай болса бүгінгі сабағымызда топырақтың құрамы туралы оқып білетін боламыз.

Сабақ мақсаты жария етіледі.



  1. Ширату жаттығуларын орындайды.



Өткен тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді. Тақырыпты шығарады.


Оқу тапсырмасын орындаған оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.




Жаңа білім

15 мин


2 мин

Бекіту


15 мин


(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.

А) Сөздік жұмысы.



көлеңке.

Ә) Суретпен жұмыс:

Негеш пен Эврика кейбір материалдардың қасиеттерін зерттеді. Жұмыс нәтижесін сурет түрінде бейнеледі Олардың суретіндегі заттарды қандай екі топқа бөлуге болады? Балалар суреттің ортасына неліктен Күнді бейнелеген?

Б) Зертте.

-Жарық қалай таралады?

-Көлеңке түсіретін заттар қандай материалдан жасалған?

-Қараңғы бөлмеде көлеңкені байқай аламыз ба?

-Ал бұлыңғыр күні ше?

-Көлеңке пайда болуы үшін не керек?

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

-Тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бер.


Сергіту сәтінде «Жаяу» әніне билейді
(Т, Д) 2-тапсырмада «Бізде бір ой бар...» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

А) Суретпен жұмыс.

Суреттерді салыстыр. Толқын мен сәуленің қандай ұқсастығы бар?

-Олардың басты айырмашылығы қандай?

-Екінші суреттің көмегімен көлеңкенің қалай пайда болатынын айтып беріңдер.

-Күн ашық кезде кейбір заттардың көлеңкесін байқаймыз. Ол қалай пайда болады?

Б) Ойлан.

-Неліктен көлеңкенің түсі қара болады?

-Қараңғы жерде және бұлыңғыр күні көлеңке көрінбейді. Неліктен?

Ә) Мәтінмен жұмыс.



Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

-Мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырып, достарыңның жауабын ал.



-Сөздікті жаттайды.

-Сұрақтарға жауап береді.


Әнге қосылып, билейді.


-Сұраққа жауап береді.

-Мәтінді оқиды.




Дескриптор:

Сөздікті жаттайды-1балл.

- Суретіндегі заттарды екі топқа бөліп атайды-1балл.

- Суреттің ортасына неліктен Күнді бейнелегенін анықтайды -1балл.

- Жарық қалай таралатынын әңгімелейді-1балл.

Көлеңке түсіретін заттар қандай материалдан жасалғанын атайды-1балл.



- Қараңғы бөлмеде көлеңкенің байқалмау себебін болжайды-1балл.

Дескриптор:

- Толқын мен сәуленің қандай ұқсастығын анықтайды-1балл.

- Көлеңкенің қалай пайда болатынын айтады-1балл.

- Көлеңкенің түсі қара болу себебін атайды-1балл.

- Қараңғы жерде және бұлыңғыр күні көлеңке көрінбеу себебін болжайды-1балл.



Оқулық


Кері байланыс

5 мин


Кері байланысты «Шеринг» әдісі арқылы береді.

Оқу тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу.

Түсінгені туралы айтады. Тапсырманы жазып алады.

ҚБ қойылады.




Бұл ҚМЖ-ны өзгелерге таратуға болмайды, авторлық құқықты сақтаңыз. Егер осындай дайын ҚМЖ немесе БЖБ, ТЖБ алғыңыз келсе, +77764531215 нөміріне ватсапқа жазыңыз.

3-тоқсанға 5 пәннен БЖБ, ТЖБ 2 нұсқада алуға болады.

Оның ішінде:

математикадан 3 бжб,1 тжб

қазақ тілінен 2 бжб, 1 тжб

әдебиеттен 2 бжб, 1 тжб

дүниетанудан 1 бжб

жаратылыстанудан 1 бжб, 1 тжб болады.

БЖБ-лардың мақсаты, дескрипторымен балл қою кестесі, рубрикасы болады.



ТЖБ-лардың тапсырма сипаттамасы, дескрипторымен балл қою кестесі болады.

БЖБ, ТЖБ-лар биылғы курста берілген жаңа шаблонда жасалады және ЖБ алатын уақытқа қарай почталарыңызға жіберіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет