Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі



Дата06.11.2022
өлшемі27,84 Kb.
#47905
түріСабақ

Білім беру ұйымының атауы

«Темірлан» жалпы орта мектебі

Пәні:

Математика

Бөлім:

Координаталық жазықтық

Күні:

9 .03.2022жыл

Сыныбы:6 А

Қатысушылар саны:

Педагогтің аты-жөні:

Ә.Кәрібай

Сабақтың тақырыбы:

Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.1.1координаталық жазықтық ұғымын меңгеру;
6.3.1.2тік бұрышты координаталар жүйесін салу;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Координаталық жазықтық ұғымын атап бере алады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Тік бұрышты координаталар жүйесін сала алады.
Кейбір оқушылар үшін:
реттелген сандар жұбы тікбұрыштыкоординаталар жүйесінде нүктені беретінін және әрбір нүктеге нүктенің координаталары деп аталатын бір ғана реттелген сандар жұбынбіледі

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.



1.Нүктенің жазықтығы дегеніміз не?
2. Тік бұрышты координаталар жүйесі?
3.Координаталық жазықтықдеп -.............



«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады

Дескриптор: Жалпы - 3 балл
координаталық жазықтық ұғымын сипаттайды.







Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-Тапсырма
Теңсіздіктердің бүтін сан шешімдерін атаңдар:
1) –32) –9 < x < –6;
3) –4 <2x < 4;
4) –1 < x < 3;
5) 10 < x < 14;
6) 9 <3x < 15.

Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1. Теңсіздіктердің бүтін сан шешімдерін табады.

ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.


Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-Тапсырма
1.Тік бұрышты координаталар жүйесін сызып, координаталары
берілген нүктелерді белгілеңдер:
1) x=2, y=3;
2) x=–4, y=–2;
3) x=–1, y=0;
4) x=–3, y=1;
5) x=0, y=–3;
6) x=0, y=5.

Дескриптор:
Жалпы - 3 балл
1.Тапсырманы салыстырады жіне мысал келтіреді.
2. Тік бұрышты координаталар жүйесін сызып, координаталары
берілген нүктелерді белгілейді.

ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
«Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!
Жақсы!
Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Б.Кулбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет