Сабақтың тақырыбы Ұлттық тауар биржасы Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



Дата17.02.2023
өлшемі27,03 Kb.
#68917
түріСабақ


САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: №22 ЖББОМ

Күні: 30.01.2023ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Турсынмұратқызы Дана

Сынып: 10Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық тауар биржасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.​1.​3.​1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну;

10.​4.​5.​1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін (компрессия) құрастыру



Сабақтың мақсаттары

  • Мәтіннен деректі ақпаратты анықтайды. Негізгі ойға қатысты өз көзқарасын білдіріп, баға береді.

Бағалау критерийлері

Құндылықтар

Ашықтық.
Өзгелердің пікірін құрметтейді. Пікір алмасуда өзара сыйластық танытады, құрмет көрсетеді

Дескрипторлар

сұрақтарға жауап береді;
· өз көзқарасын білдіреді;
· мәселеге қатысты баға береді;
· мәтін құрауда үстеуді орынды қолданады;

Тілдік міндеттер

Лексикалық минимум:

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар: менің ойымша, біріншіден, қорытындылай келе т.б.



Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин


Оқушылармен амандасу, түгендеу
Оқушылардың қызығушылығын ояту
Бүгінгі сабақта «Сатушы мен сатып алушы» ойыны.
Сатушы өзінің затына жарнама жасап, көп затын сата алу керек.
Оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін талдау


Сабақтың ортасы
8+2 мин

15 мин


7 мин



1-тапсырма Ж/Ж
Мағынаны тану
Жазылым тапсырма
Оқушыларға тақтадан сөздерді оқып шығуға 1 минут уақыт беріледі, кейін жауып тасталады. Есінде қалғандарын жазып шығады.
Сауда-саттық, тұтынушы, кепілдік, қайтарып беру, алға тарту, тауардың өтімдігі, жеңілдік жасау.


Оқылым тапсырмасы

Өнімнің құрамын емес, қажеттілігін арттырыңыз. «Адамдар бір затты ұнатқандықтан емес, заттардың пайдасы бар болғандықтан сатып алады» дейді Дэн Кеннеди. Сауда-саттықта жұмыс жасап жүрген адамдар Котлердің «Дрель мен керегедегі тесік» атты мысалын жақсы білетін шығар. Дрельді сатып алып тұрған тұтынушы үшін дрель емес, дрельден кейін қалатын тесіктер маңызды. Яғни құралдың өзі емес, нәтижесі керек. Бір кездері дүкендерде тұратын есепшоттар есіңізде ме? Калькулятор пайда болғалы олар саудадан алынып тасталды. Адамдарға бар болғаны құралдың жылдам есептейтін тиімді түрі қажет. Virgin Airlines компаниясы авиарейстерді емес, керісінше А-Б пунктіне өтуге арналған қолайлы ұшақтарды жарнамалады. Сол секілді табысты заңгерлер сағаттап берілетін консультацияларының орнына өмірге тыныштық орната білетіндіктерін жарнамалайды. Ал күзету жабдықтарын сататын адамдар құралдарынан бұрын, адам өмірін қауіпсіз жағдайда сақтай білетіндіктерін алға тартады.


Өз өнімдеріңізге кепілдік беріңіз. Егер тауарыңызға 100% кепілдік бере алмасаңыз, өз тауарыңыздың сапасына өзіңіз сенбегендігіңіз. Ұзақ мерзімге берілетін кепілдік тауардың өтімділігін арттырады. Әрине, ең жақсы кепілдік – ақшаны толықтай қайтарып беру. Кейбір компаниялар тауардың бағасынан да көп ақша қайтарып береді. Сіздің өнімдеріңізді сатып алған соң, қулық жасап, тауарды қайтаратын тұтынушылар да болады. Бірақ көп жағдайда керісінше болатындықтан, мұндай кемшіліктерді сол ақшалармен толтырып алсаңыз болады. Қалай да мүмкіндік тауып, жеңілдік жасауға тырысыңыз. Мысалы, тегін қызмет көрсету, 3 жылға дейін толықтай кепілдік. Осы секілді жеңілдіктердіойластырып, оларды көпшілікке ұсына біліңіз.


1- тапсырма


Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді
1. Қазіргі таңда сауда орындарында есепшоттар қолданады ма?
2. Егер қолданбаса, не үшін қолданбайды?
3. Тауардың өтімділігін не арттырады?
4. 3 жылға дейін толықтай кепілдік дегенге қалай қарайсың?
5. Қулық жасайтын тұтынушылардан қалай сақтануға болады?

2-тапсырма


ПОПС формуласы арқылы негізгі ойға көзқарасын білдіреді.
1. Пікір. Мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз
2. Дәлел. Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.
3. Мысал. Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз
Оқушыларға дескриптор ұсынылады.
· Мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді

· Оқушылар негізгі ойға қатысты өз ойларын айтады


· Мәселеге қатысты өз бағасын береді


Оқылымнан кейінгі тапсырма


Оқушылар «сауда жақсы жүрсін десең» деген тақырыпқа өз 5 қағидасын қосады. Және оқушылар бір- біріне баға береді.


«f» бағалау. Оқушылар өзара бір-бірін бағалайды

«2 жұлдыз, 1 тілек»



Оқулық 10 сынып


Мәтін және сұрақтар параққа шығарылады



Сабақтың соңы
5 мин



Кері байланыс
«3-2-1»
3- жаңа ақпарат
2- кездескен қиыншылық
1-ұнаған аспект
Үйге тапсырма: 2 тапсырма



Кері байланыс «3-2-1» әдісі бойынша




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет