Сабақтың тақырыбы: Манометрлер. Сорғылар Бөлімі: Қысым



бет1/3
Дата06.03.2023
өлшемі27,51 Kb.
#71837
түріСабақ
  1   2   3

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Манометрлер. Сорғылар



Бөлімі:

Қысым




Педагогтің аты-жөні:







Күні:







Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы:

§ 28. Манометрлер. Сорғылар




Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.1.10 – манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау




Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Манометр құралын не үшін
қолданылатынын анықтай алады,түрлерін біледі,оларды күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді.
Көптеген оқушылар істей алады: Барометр мен манометр құралын салыстыра отырып,айырмашылығын түсінеді.Манометрмен қысым айырымын өлшей алады,бөлік құнын анықтай
Кейбір оқушылар істей алады: Манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принциптерін,заңдылықтарын айқын тұжырымдайды.Адамның қан айналым жүйесіндегі қысымды өлшей алады.




Бағалау критерийлері



-Манометр мен сорғылардың түрлеріне анықтама бере алады.
-Манометр мен сорғылардың түрлері мен ерекшеліктерін ажырата алады.
-Манометр мен сорғылардың жұмыс істеу заңдылықтарын айқын тұжырымдайды,практика жүзінде аспаптармен өлшеулерді толық жүргізе алады.




Тілдік мақсаттар



Арнайы пәндік лексикамен терминалогия: Сөздік



Ағылшынша

Қазақша

Орысша

Pump

Сорғы

Насос

Piston

Поршень

Поршень

Gas manometer

Манометр

Манометр

Atmospheric pressure

Атмосфералық қысым

Атмосферное давление

Valve

Клапан

Клапан

Жазылым , айтылым дағдыларына сүйене отырып , оқушылардың сөздік қорын дамыту;


Манометрдің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген..........
Су сорғысының құрылысы қандай және ол қалай жұмыс жасайды..............
Метал манометр қалай жұмыс атқарады...............




Құндылықтарға баулу



Өмір бойы оқуға дайын болу,шығармашылық пен сын тұрғысынан
ойлауды талдау,қарым-қатынас жасау қабілеті.




Пән аралық байланыс

Математика , ағылшын , география , биология






Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
10 минут

1.Ұйымдастыру:Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Ғалымдардың есімдері арқылы 3 топқа бөлінеді.
2. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы алдыңғы білімді қайталау
1. Жердің ауа қабығының Жер бетіне және ондағы денелерге түсіретін қысымы (Атмосфералық қысым дегеніміз не?)
2. 1643ж. алғаш рет итальяндық физик Эванджелиста Торричелли өлшеген болатын (Атмосфералық қысымның сандық мәнін кім, қашан өлшеді?) 3.133 Па – ға тең (1мм.сын.бағ нешеге тең?) 4.766 мм.сын.бағанына тең атмосфералық қысым (Қалыпты атмосфералық қысым деген не?) 5. Барометр (Қысымды өлшеуге арналған құрал?)

« Қолшатыр әдісі » арқылы тамшы қаазындағы сұрақтарға жауап береді








АКТ
ДК экран


Слайд

Сөздер жазылған стикерлер


Қарындаш,


қаламсап,
сызғыш

Сабақтың ортасы
25 минут



«Миға шабуыл» әдіс-тәсілі арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу және мақсатымен таныстыру
Топтық жұмыс:Жаңа тақырыптың мазмұнын меңгерту мақсатында оқушылар мәтінді оқып шығады. «Өрмекші торы» әдісі арқылы бірін бірі оқытады.
1 тапсырма.
І топ «Сұйық манометр»
ІІ топ «Түтікті металл манометр»
ІІІ топ «Сорғылар»


2 тапсырма. Шағын тест (деңгейлік тапсырмалар)
А деңгейі:
1. Тәжірибеде қысым айырымын бақылап отыру үшін қажетті аспап?
a) Барометр b) Манометр
c) Термометр d) Барометр – анероид

2. Манометр сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?


a) «манос» - тығыз емес, «метрео» - өлшеймін
b) «манос» - қысым, «метрео» - өлшеймін c) «манос» - тығыз, «метрео» - өлшеймін
d) «манос» - айырмашылық, «метрео» - өлшеймін
В деңгейі:
1. Манометрдің қандай түрлері бар?
a) Ашық және жабық
b) Сұйық және түтікті металл
c) Сұйық және тұтқыр
d) Металл және резеңке
2. Айдау сорғысы суды қанша метрден артық көтере алмайды? a) 15 м b) 5 м c) 10 м d) 200м
С деңгейі:
1. Берілген ыдыстағы қысым атмосфералық қысымнан қаншалықты жоғары неме төмен екенін көрсететін құрылғы? a) барометр
b) түтікті металл манометр
c) сұйық манометр d) сорғылар
3 тапсырма. /үш топқа да бірдей тапсырма/
Адасқан формулалар:


F, m, N, S, k, g, P, U, t, ρ٫ μ٫ v, h, x ;
Осы белгілерді пайдаланып формула құрастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет