Сабақтың тақырыбы Мәңгілік ел менің арманым Мақсаттары



Дата15.06.2022
өлшемі21,82 Kb.
#36887
түріСабақ

Педагогтің аты - жөні

Дуненбаева Б

Күні

31.01.2021 ж

Сынып:2 «А»

Қатысушылар саны: 21

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Мәңгілік ел – менің арманым

Мақсаттары

1. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.
2. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге, өзіндік пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру. 
3. Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа,еңбексүйгіштікке,әдептілікке тәрбиелеу.



Көрнекіліктер

слайдтар, кітапшалар, мектеп макеті.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі /уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті



Ресурстар



Сабақтың басы / Ұйымдастыру
8 минут

Психологиялық дайындық:
Кездескенде әр адам
«Қайырлы таң!» деу керек!
«Миға шабуыл»
І. Топқа бөлу 

  • Балалар , алдарыңда екі таңбалы сандар жатыр. Яғни жылдар сөйлейді. Қане, ойланып үш топқа бөлініп отыра қалыңдар. 

  • 1991 - 2016 жылы тәуелсіздік алдық. Биыл тәуелсізідігімізге 25 жыл болады. (эмблемаларымен бөлінеді)

  • 1889 - 2016 жылы ұлы ағартушы , ұстаз – жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл.

Тағы да бір елеулі оқиға төрт жылда бір рет өтеді. 2013-2017жж.
елімізде үлкен көрме өтеді «ЭКСПО - 2017» (слайд 1)
Міне , балалар жылдар шежіресіне тоқтала отырып 3 топқа бөлініп алдық. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға». Тәрбие сағатына қызығушылықпен, ізденіспен қатысайық.
ІІ. Ыбырай туралы мәлімет 
Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Балқожаның
қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық
тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.
Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы, ғалым 
В.В Григорьевпен жақын танысып алды. 
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды. 



Баланың назарын сабаққа аудару
Топқа бөлінеді

Ы.Алтынсаринның шығармашылығымен танысады.



Презентация

Слайд


Сабақтың ортасы
10 минут

3.Топтық жұмыс
Алдарыңда өлең жолдары жатыр. Сол өлең жолдарының дұрыстығын қараймыз, қаншалықты Ыбырайдың өлеңдерін жатқа білетінімізді тексерейік. ( әр топқа өлеңдерді дұрыс құрастырту, мәнерлеп оқыту)

Оқушылар топқа бөлініп, берілген сұрақтарға жауап береді.



Плакаттар


Таратпа

Сабақ
тың аяғы
7 минут

«Қорытындыла» әдісі.
«Дала қоңырауы» Ақылбек Шаяхметов. 
(білім шырағын жағу)

Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіреді.

Слайд


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет