Сабақтың тақырыбы: Мен әдепті баламын Оқу мақсаты



бет1/2
Дата01.02.2023
өлшемі26,23 Kb.
#64485
түріСабақ
  1   2



Пәні: Әдебиеттік оқу
ҰМЖ бөлімі :Өзім туралы
Күні:
Сыныбы :2

Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мен әдепті баламын

Оқу мақсаты:

2.2.3.1.Мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
2.2.1.2. Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу
2.2.8.1.Мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау

Сабақтың мақсаттары



Барлық оқушылар: Сюжеттің дамуындағы өзгерістермен шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

Оқушылардың басым көпшілігі: Шығарманы іштей оқып, ондағы әдепті сөздерді анықтайды.

Кейбір оқушылар: Сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтап, жақсы мен жаман тақырыбына ертегі жазады.

Бағалау критерийлері

Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

Құндылықтарға баулу:

Достық, адалдық, кішіпейілділік дағдыларын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс:

қазақ тілі, өзін-өзі тану

Бастапқы білім:

Мұғалімнің көмегімен мәтін жанрын ажырата алады.

АКТ қолдану дағдылары

Сюжетті суреттер

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Ұйымдастыру
Топқа біріктіру



Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
Топқа бөлу: Күн шуақтары арқылы төрт топқа біріктіру
1-топ: Жасыл, 2-топ: Сары, 3-топ: Қызыл,4-топ: Көк
«Сұрақтар жаңбыры» әдісі. ҰЖ.
-Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
-Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
-Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
-Әдептілікті бізге кім үйретеді?
-Әдептілік деп қандай іс- әрекетті айтамыз?



Шаттық шеңбері



Түрлі түсті
жолақшалар

Сабақтың ортасы
Жаңа білім

Топтық жұмыс



1-тапсырма: (ЖЖ) «Айырмашылығы неде?» ойыны. Оқу мақсатын түсіну үшін.
Оқушыларға екі түрлі сурет көрсету арқылы екеуінің арасындағы айырмашылықты сұрау.Нақты жауаптар айту.
Тапсырма: Сұрақтарға жауап бер.
1.Сурет бойынша екі баланың іс-әрекетін анықта.
2.Қай баланың іс-әрекеті дұрыс?
3.Неге екінші баланың іс-әрекеті дұрыс емес деп ойлайсыңдар?
4. Екі сюжетті салыстыра отырып, тақырыбы мен негізгі ойды анықтаңдар.
Дескрипторы.
- Сурет бойынша екі баланың іс-әрекетін анықтайды.
- Іс-әрекет арқылы сюжетті суреттің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.
ҚБ: Кері байланыс жұпты бағалау
2-тапсырма: (ТЖ) «Сөздер патшалығында» әдісі.
1.Мәтінді іштей оқы. Мәтіндегі әдептілік тақырыптағы қажетті ақпараттарды анықта.
Әдептілік –адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала,ұқыпты, тілалғыш, шыншыл,қайырымды,еңбекқор, адал болады.Әдепті балалар кездескен адамдардың бәрімен амандасады, қоштасады. Әрдайым таза жүреді.
Дескриптор:
-Мәтінді іштей оқиды.
-Мәтіндегі қажетті ақпараттарды анықтайды.
ҚБ: Кері байланыс топты бағалау.
Сергіту сәтін орындату
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз
Аман болсын әке менен анамыз.
3-тапсырма: «Үштік» әдісі. ТЖ
Саралау тапсырмасы
А-деңгейі: Бірінші сурет бойынша қолданған әдепті сөздерді жаз.
В-деңгейі: Сюжетті өзгерткен сөздерді жаз.
С-деңгейі: Жақсы мен жамандық туралы ертегі құрастыр.
Дескрипторы:
А-деңгейі: Сурет бойынша әдепті сөздерді жазады.
В-деңгейі:.Сюжетті өзгерткен сөздерді жазады..
С-деңгейі:Жақсы мен жаман туралы ертегі құрастырады.
ҚБ: Кері байланыс топты бағалау.

Екі түрлі бейнедегі сюжетті сурет



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет