Сабақтың тақырыбы: «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Сәйбек қарттың әңгімесі



бет1/2
Дата08.11.2022
өлшемі186 Kb.
#48419
түріСабақ
  1   2


Пәні:Қазақ әде


Пәні:Қазақ әдебиеті

Бекітемін


Мектеп: С.Толыбеков атындағы № 3 IT мектеп-лицей

Күні: 13.02.2020.ж

Мұғалімнің аты-жөні: Сейітбай Ақерке

Сынып: 5 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

«Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Сәйбек қарттың әңгімесі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау (5.Т/Ж1).



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: әдеби шығарманы түсініп оқып,алған әсерін сипаттап айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі: әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттай алады.

Кейбір оқушылар: кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалай алады.

Бағалау критерийі

  • Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттай алады.

  • Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалай алады.

  • Әдеби шығарманы түсініп оқып,алған әсерін сипаттап айта алды

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер: Сәйбек қарт, Қожа, Сұлтан.
Диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, болуы мүмкін, өзгелердің пайымдауынша, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні...



Құндылықтарға баулу

«Зайырлы қоғам және жоғары руханият»

Пәнаралық байланыс

АКТ пәнімен, өмірмен байланысты

Алдыңғы оқу

«Менің атым Қожа» шығармасын біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
10 минут

Сабақтың ортасы
25 минут


Сабақтың соңы


5 минут




Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесемін.
2.Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалаймын.
3. «Жырлайды жүрек » әдісі арқылы пихологиялық дайындық жасатамын.

Топқа бөлу: «Жұлдызшалар» арқылы топқа бөлу.


Бағалау парағымен таныстыру
Топ ережесі:

  • Бірін-бірі мұқият тыңдау

  • Ойланып,тиянақты жауап беру

  • Топта ұйымшыл болу

  • Тапсырманы тиянақты орындау

  • Өз ойын ашық айту.

Бірін-бірі әділ бағалау


Үй тапсырмасын сұрау.
«Көңілді доп» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтар қою.

  1. Алдыңғы сабақта қандай үзіндімен таныстық?

  2. Сол үзіндімен танысқанда қандай сезімде болдыңдар?

  3. Қожа неліктен педкеңеске түсті деп ойлайсыңдар?

Дескриптор:
- Сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: Смайлик арқылы бағалаймын


Кері байланыс:Өткен сабақ бойынша қиындық туғызған сұрақтар бар ма?


Жаңа тақырып
Мұғалім түсіндірмесі
Интербелсенді тақтадан жаңа тақырыпқа түсінік беру.
«Кинометафра» әдісі арқылы филимнен үзінді көрсетемін


Түсінгендері жайлы оқушылардан сұрау.



  1. Қожа не себепті анасымен мектепке келді? (Қожаның тәртібіне байланысты педкеңес өткізілді).

  2. Неліктен Сәйбек қарт Қожаның әкесіне қарыздар? (Әкесінің жорға күреңін абайсызда өлтіріп алуы).

  3. Қожаның әкесі неліктен Сәйбек қарттан жорға күреңнің құның сұрамаған? (Қожаның әкесі өте жомарт, парасатты, кеңпейілді кісі болған).

  4. Сәйбек қарттың Қожаға бұл әңгімені айту себебі неде? ( Қожаның тәртібіне, іс-әрекетіне көңілі толмағандықтан).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет