Сабақтың тақырыбы: Қол тігістерінің терминологиясы мен түрлері. Сабақтың мақсаты



бет1/5
Дата24.05.2022
өлшемі0,88 Mb.
#35550
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Сыныбы 5
Сабақтың тақырыбы: Қол тігістерінің терминологиясы мен түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қол тігістерінің терминологиясы мен түрлерін, құрал-жабдықтар
туралы түсінік бере отыра,орындалу жолын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіре отырып,
шығармашылық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының өз бетінше жұмыс еріктілігін, өз күшіне сенімділігін,
өз ойын дәл тиянақты жеткізе білуге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау әдісінің элементтері,ойлан тап ойыны.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақтаны пайдалану, қол тігістерінің үлгілері,
нұсқау карта
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеуөнері, математика
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа білім беру.
ІV. Жаңа білімді бекіту.
V. Қорытынды .
VI. Бағалау.
VII. Үй тапсырмасы.


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2.Сабаққа назарын аудару.
3.Сабақтың тақырыбын, мақсатын, құрылымдық деңгейімен таныстыру.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру мақсатында «Мен білемін стратегиясы» бойынша қайталау.

  1. Мақта, зығыр маталары туралы түсінік?

  2. Зығыр матасы сыртқы көрінісі бойынша қандай ?

  3. Мақта матасы зығыр матасына қарағанда жыртылуы қандай?

  4. Талшықты өңдеу процесі қандай?

  5. Мата қандай станогтан алынады?

  6. Мата қандай жіптердің айқасуынан алынады?

  7. Матада негізгі жіп және арқау жіп қалай бағытталған?

  8. Матаның жиегі дегеніміз не?

  9. Матаның оң және теріс беттерін қалай анықтайды?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет