Сабақтың тақырыбы: Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлу Сабақтың мақсаттары



бет1/4
Дата08.02.2023
өлшемі330,19 Kb.
#66137
түріСабақ
  1   2   3   4

Ашық сабақ:
Тақырыбы: Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды
бір таңбалы санға көбейту, бөлу
Сыныбы: 6 арнаулы сынып

Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлу
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлу амалдарын есептеу тәсілдерін меңгеріп есептер шығару.
Түзету: Есептер шығару арқылы зейінін және есте сақтау қабілетін, саусақтарға байланысты жаттығу арқылы қол – саусақ моторикасын түзету және дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқушылар бойына сіңіру. Халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушыларды қонақжайлылыққа, адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: отантану, география.
Көрнекіліктер: ҚР картасы, асықтар, қоржын.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

– Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
(Оқушылар орындарына отырады).

  1. Сыныппен амандасу

  2. Сыныпты түгендеу, кезекшімен сөйлесім

  3. Оқушыларды сабаққа бейімдеу

  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Қыс айларын ата

  • Қазір қай ай?

  • Желтоқсанның нешесі?

  • Бүгін аптаның қай күні?

  1. Үй жұмысын тексеру.

Балалар, бүгінгі математика сабағымыз ерекше түрде өтеді. Біз сендермен бірге саяхатқа шығамыз.
Қазіргі уақытта саяхатқа немен шығуға болады? (ұшақпен, пойызбен, автобуспен...).
Ал біздің ата-бабаларымыз бұрынғы кезде түйемен, ат арбамен бір ауылдан екінші ауылға той-думанға барып тұрған. Бүгінгі таңда біз ата-бабаларымыздың дәстүрін, салттарын жалғастырушы ұрпақ болғандықтан, біз де саяхатқа түйемен және аттармен шығамыз. (Түйемен аттардың суретін тақтаға ілу).
Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Қандай жол ережелерін білу қажет. Керуенге орнығып отырып алайық. Оқушылар өз фотосуреттерін түйелерге және аттардың үстіне жапсырады).
Халықта “Қазақ қонақсыз болмайды” деген сөз бар. Ол біздің еліміздің қонақжайлылығын білдіреді. Осы керуенмен біз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай әр аймақта тәуелсіздігімізді тойлауға барамыз. Әр облыс дайындаған тапсырманы орындауға тырысамыз. Балалар, Қазақстан Республикасы неше ақмайқа бөлінген (5)

  • Орталық Қазақстан

  • Шығыс Қазақстан

  • Солтүстік Қазақстан

  • Батыс Қазақстан

  • Оңтүстік Қазақстан


(Балалардың назарын облыстарға бөлінген картаға аудару. Саяхатқа баратын қалаларды анықтау)

  • Солтүстік Қазақстан – Петропавл қаласы

  • Батыс Қазақстан – Атырау қаласы

  • Оңтүстік Қазақстан – Шымкент қаласы

Жолымызды туған жеріміз Орталық Қазақстан – Қарағанды қаласынан бастаймыз. Саяхат барасында мүдірмей тапсырмаларды орындау үшін қане ауызша есептер шығарып дайындалып алайық.


– Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
(Бәйге, көкпар, орамал тастамақ, ...).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет