Сабақтың тақырыбы: Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат



Дата05.05.2023
өлшемі66,66 Kb.
#90598
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар
№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты

Бөлім:

Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:

Ташболат С.С.

Күні:

25.01.22ж

Сынып: 8ә,б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.7– кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;
8.4.2.8 – есеп шығарғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiнің формуласын қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Өткізгіштің кедергісі жайлы мағлұмат алады, оның өлшем бірлігін түсіндіреді
Көптеген оқушылар істей алады: Өткізгіштің меншiктi кедергісінің формуласын есептер шығаруда қолданады
Кейбір оқушылар істей алады: Формуланы түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Сабақтың ортасы
35мин

Сабақтың соңы.




5 мин



Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

  1. Электр тогы дегеніміз не?

  2. Қандай құрылғыларды ток көздері деп атайды?

  3. ЭҚК дегеніміз не?

  4. Ток күші деп нені айтады?

  5. Электр кернеуі деп нені айтады?

  6. Кернеуді қандай құрылғымен өлшейді?

Ой қозғау. Кедергінің физикалық мағынасы қандай?Оқушылар жұпта талқылайды, ал мұғалім оладың назарын бүгінгі сабақтың мақсатына қарай аударады.


I.Оқушылар зерттеушілік дағдысын дамыту үшін жұпта тәжірибе жасайды. Ток көзі, амперметр, кілт, шамнан тұратын тізбекке әр түрлі материалдардан жасалған өткізгіштерді жалғаймыз. Бұл кезде тізбектегі ток күші 0,5 А болды.
Бұл тәжірибе бойынша, тізбектегі кернеу тұрақты болған кезінде ток күші тізбекке қосылған өткізгіштіӊ қандай материалдан жасалғанына тәуелді екендігіне көз жеткіздік.
Оқушыларға сұрақ қойылады: Қайсы өткізгіштіӊ токқа көп кедергі жасады?
Кедергі-resistance
Меншікті кедергі-resistivity
Ұзындық-lenght
Аудан-square
Жеке жұмыс (I) Есептер шығару

  1. Ұзындығы 50 м, кедергісі 0,5 Ом болатын мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы неге тең?

  2. Көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 болатын никелин никелин өткізгішінен жасалған реостаттың кедергісі 21 Ом болатын болса, оның ұзындығы неге тең?

  3. Ұзындығы 5 км, көлденең қимасының ауданы 0,85 мм2 мыс өткізгішінің кедергісі неге тең?

  4. Суретте үш түрлі өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелді графиктері берілген. Әр өткізгіштің кедергісін тап.

  5. Ұзындығы 2 м, көлденең қимасының ауданы 0,3 мм2 болатын қорғасын өткізгіштегі ток күші 2 А-ге тең болу үшін оған қандай мөлшердегі кернеу түсіру керек?

  6. Ұзындығы 400 м, ұштарындағы кернеуі 5 В, ток күші 0,05 А болатын мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы қандай шамаға ие болуы керек?



Кері байланыс
«БББ» әдісі
Бағалау
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Үй тапсырмасы
Физика және астрономия. 8-сынып.
§38. 18 –жаттығу, 1,2-есеп



Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жауап беру арқылы есіне түсіреді

Дескриптор:
-Ток көзіне өмірден мысал келтіреді.
-Формулаларды түрлендіреді, қорытады.


Дескриптор:
-Өткізгіш кедергісі оның жасалған материалына, ауданына, ұзындығына тәуелді екенін анықтайды.
-Өткізгіш жасалған материалдың тегіне қарай, кернеуі мен ток күші өзгереді.

Жалпы балл-2




Дескриптор:
-Ом заңын біледі;
-меншікті кедергі формуласын біледі;
-ток күшін анықтайды;
-сымның ұзындығын анықтайды;
-кернеудің мәнін анықтайды.
Жалпы балл-6



Оқулық дәптер





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет