Сабақтың тақырыбы: Оқу жылдарындағы сәттер. Бжб бөлім: 2-бөлім: Қазақтың Қанышы



бет1/3
Дата30.11.2022
өлшемі149,04 Kb.
#53978
түріСабақ
  1   2   3

Қысқамерзімді жоспар
7-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Оқу жылдарындағы сәттер. БЖБ

Бөлім:

2-бөлім: Қазақтың Қанышы

Педагогтің аты-жөні:

Қожамбердиева Күлімхан

Күні:

28. 11.2022жыл

Сыныбы: 10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Оқу жылдарындағы сәттер. БЖБ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау;
10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу

Сабақтың мақсаты:

- әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдайды;
- ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.
ә). Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
б). Топтастыру.



Оқушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша екі топқа бірігеді.
І-топ:
ІІ-топ
Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.




Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.



Тоқыма жіп



Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Роман-эссенің кейіпкерлерін атайды. Олардың образын салыстырыңдар.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет