Сабақтың тақырыбы: «Р дыбысын қою»



Дата15.03.2023
өлшемі344,08 Kb.
#74455
түріСабақ
Байланысты:
Р дыбысын қою


Сабақтың тақырыбы: «Р дыбысын қою»
Сабақтың мақсаты:
1. Фонематикалық қабылдауын дамыту
2. Артикуляциялық моторикасын дамыту
3. Зейін болуға тәрбиелеу

Жоспар:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Сабақтың тақырыбы
3. Артикуляциялық жаттығулар
4. Р дыбысын қою
5. «Р» дыбысын қоюға арналған дайындық артикуляция жаттығуларын орындау.
6. Фонематикалық анализдерді дамыту
7. Р дыбысын буында, сөзде, сөйлемде бекіту
8. Сабақтың қорытындысы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Логопед мұғалім ракетаның суретін көрсетеді.

- Бұл не? Дұрыс ракета, ал ракета деген сөздің бірінші дыбысы қандай?
- Р
- Дұрыс айтасың
- Ит қалай ырылдайды? РРРРРРРР. Қане бәріміз иттің дауысын келтірейік.

2. Сабақтың тақырыбы
- Бүгін біз Р дыбысын естіп, дыбыстап және оны сөйлемде табуды үйренеміз. 3. Артикуляциялық жаттығулар
«Күрекше», «Кесе», «Тоқылдақ», «Ат шауып келеді» артикуляциялық
жаттығуларды орындау.
4. «Р» дыбысын қою
Логопед мұғалім дыбысты қою үшін үш тәсілді қолданады.
1.(Еліктеу )
- Ит сияқты ырылдау ( РРРРРРРРРРР)
2.(Айнаға қарап қайталау)
- Аузымызды ашып тілді үстіңгі таңдайға қойып д-д-д-д деп айту.
3.(ж дыбысы арқылы шығару)
- Логопед мұғалім: Тілімізді үстіңгі таңдайға қойып, Ж деп дыбыстаймыз. Р деп естіледі.
5. Дұрыс артикуляция қалпы дағдыларын өндеу.
«Р» дыбысы дұрыс шығуы үшін «Р» дыбысының артикуляциясына назар аударамыз.
-ерін аздап дөңгеленіп тұрады.
-жоғарғы, төменгі тістер арасы алшақ келеді.
-тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі.
-тіл мен таңдай арасында ауа толқын еркін өтеді.
-тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады.
-жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаны мұрын қуысына өту жағын жауып тұрады.
-дауыс шымылдықтары қатайып бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.
-ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.
6. Фонематикалық анализдерді дамыту
Логопед мұғалім: Мен қазір сөйлемдерді айтамын, ал сен Р дыбысын естіген кезде шапалақ ұр. Жарайма?
Логопед мұғалім сөздерді айтады қара, сабын, кеме, қыран, арпа, парта т. б.
Ал бала Р дыбысын естіген кезде шапалақтайды.
- Мына суреттерге қарашы Р дыбысы болса таңдап ал. Бала суреттерді қарайды.
Кілем, ракета, доп, робот, алма, қар, ара


Логопед мұғалім:
- Ал енді ойын ойнайықшы «Төртінші артық» Р дыбысы жоқ сөздер артық болады. Мысалы, алма, шалбар, тарақ, радио.


Логопед мұғалім сөзді атап, төрт суретті баланың алдына ашады. Бала артық суретті алып тастайды.
Мұғалім логопед: Сен поезға мінгің келе ме? Сенің алдыңда үш вагон және суреттер тұр(осы үш вагонға Р дыбысы суретте қайда кездесетінін көрсет және орналастыр (басында, ортасында, соңында)
Робот ара қар

7. Р дыбысын буында, сөзде, сөйлемде бекіту
1.Ра, ро, ры, ри, ру
Ар, ор, ыр, ир, ұр
Ара, оро, ыра, ыро
Тра, тро, дра, дро, жра, шра
2.Қар, бор, тар, жар
Қара, дара, сары, тары
Батыр, қасқыр, айран, торғай
Ракета, жапырақ, тырна, тарақ
8. Сабақтың қорытындысы
Ойын: «Дыбысты ауыстыр»
Шарты: балалар сөздердегі л дыбысының орнын р дыбысымен ауыстырып жазады.
Ала, тал, қал, бол, қала, дала, тол.
Үйге тапсырма: жаңылтпаш жаттау.
Ара, ара, аралар,
Балдың бойын жағалар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет