Сабақтың тақырыбы: Роботтар әлемінде



Дата17.06.2022
өлшемі38 Kb.
#36999
түріСабақ



С.Сейфуллин ЖОББ мектебі
Сыныптан тыс іс-шара


Сабақтың тақырыбы: «Роботтар әлемінде»


Қатысқан:5 «а» сыныптар


Дайындаған:Базылова Айгүл Дүйсембайқызы


2018 жыл
Сабақтың тақырыбы: Роботтар әлемінде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттеріндамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір–бірін құрметтеуге, роботтар тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Қатысушылар: 5 «а» сынып
Жабдықталуы:Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар, конструктор бөлшектері.
Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі,бейнелеу өнері, қазақ тілі


Сәлеметсідерме оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Роботтар әлемінде» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ойынға 3 топ қатысады.

«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады


Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейік.
Жарыс кезеңдері:
І. Биографиялық поэма (Биопоэма) (таныстыру) 5 мин
ІІ. «Дайындал! Тыңда! Алға!» (сөре, мәре) 7 мин
ІІІ. Шебер қолдар (конструктор құрастыру) 10 мин
ІV. «Жас суретші» (робот суретін салу) 5 мин
V. Үйге тапсырма 3 мин
VI. Роботтар биі 5 мин
Сабақтың барысы:


І тур: Биопоэма. Әрбір топқа параққа жазылып, өздері туралы келесідей сауалдарға жауап беру тапсырылады:
1. Есімдері
2. Біз қандаймыз? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз).
3. Сүйікті іс-әрекеттеріміз? (Қол боста айналысуды құмартатын үш әрекетіңіз, хобби).
4. Өмірлік қағидам (кредо). (Өмірде ұстанатын басты қағидаңыз, ұраныңыз).
5. Сүйікті пәндер? (Қандай есімдерді ұнатасыз?).
ІІ кезең: «Дайындал! Тыңда! Алға!» (сөре, мәре)

1- топ


  1. Тірі организм ретінде құрылған автоматты құрылғы? Жауабы: Робот

  2. Роботтарды дизайндеуге, құруға, қолдануға және олармен жұмыс істеуге бағытталған механикалық, электрлік және компьютерлік инженерия элементтері бар пәнаралық сала? Жауабы: робототехника

  3. Білім беру және зерттеу платформасы ретінде кең ауқымда қолданылатын робот? Жауабы:Nao

  4. Алғашқы нағыз әмбебап хирург-робот? Жауабы:Da Vinci

  5. .«Рульдік Басқару» блогына қанша мотор қосу кажет? Жауабы: 2

2-топ
1.Чех тілінен аударғанда rob сөзі қандай мағына береді? Жауабы: құл


2.Роботты басқаратын жүйелер неше топқа бөлінеді? Жауабы: 4
3.Бұл ғалым 12 жасында адам тәрізді бірнеше қимыл жасауға мүмкіндігі бар гуманоид автоматының жобасын құрған болатын? Жауабы: Леонардо да Винчи
4.Ең бірінші компьютерлік программист? Жауабы: Ада Лавлейс
5. 1.Компьютерлік графика бөлімі, көлемді обьектілерді бейнелеу үшін қолданылатын (бағдарламалық, аппараттық) тәсілдер мен құралдар жиынтығы? Жауабы: 3D графика

3-топ
1.«Тасбақа» деп аталатын алғашқы автономды роботын кім құрастырды? Жауабы: Уильям Грей Уолтер


2.LEGO® Digital Designer қандай бағдарлама? Жауабы: виртуалды LEGO® бөлшектерімен жұмыс істеу арқасында объектілердің 3D үлгісін жасап шығаруға мүмкіндік беретеін арнайы бағдарлама.
3.Әр түрлі ақпаратты (температура, жылдамдық, сәуле, түс, дыбыс) өлшеуге арналған құрал? Жауабы: датчик
4.LEGO® MINDSTORMS® EV3 жинағының құрамына қанша бөлшек кіреді?
Жауабы: 541
5.Роботтарды әрекетке келтіретін басқару орталығы? Жауабы: EV3 модулі

ІІІ кезең


Шебер қолдар (конструктор құрастыру)
Оқушыларға құрастыру конструкторы беріледі үш топ робот құрастырады.

Келесі сайысымыз жас суретші деп аталады яғни сіздерге А4 парағы беріледі сол параққа роботтың суретін саламыз және де уакыт 5 минут


ІV кезең «Жас суретші» (робот суретін салу)
V тур: Үй тапсырмасы
VI тур: Роботтар биі
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Сіздерге әрдайым биік белестер тілейміз!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет