Сабақтың тақырыбы: Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, оналтылық) Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі44 Kb.
#20646
түріСабақ
  1   2

Маңғыстау облысы.

Қомшабаева Арайлым Бексейтқызы


Информатика 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, оналтылық)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білім білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытып,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, баяндау арқылы түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, ж/дәптер, оқулық.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен сәлемдесу

- оқушыларды түгелдеу

- сабаққа дайындықтарын тексеру

- зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.


II. Үй тапсырмасын тексеру:

Ауызша, сұрақ – жауап арқылы қауіпсіздік техника ережелерін сұрау.


III. Жаңа сабақ:

«Сан» түсінігі математика үшін де, информатика үшін де маңызды болып табылады.

Сан қандай да бір алфавиттің символымен немесе символдар тізбегімен өрнектеледі. Мұндай символдарды цифр деп атайды. Сан түсінігімен санау жүйелері туралы түсінік байланысты.

Санау жүйелері – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері.

Бұрынғы және қазіргі қолданылып жүрген барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес санау жүйелері болып екі үлкен топқа бөлінеді. Позициялық санау жүйелерінде цифрдың мәні орналасу орнына тәуелді, ал позициялық емес санау жүйелерінде тәуелді емес. Позициялық емес санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның тұрған орнына тәуелді емес. Позициялық емес санау жүйелерінің ішінде ең көп тарағаны – римдік санау жүйесі.
Позициялық санау жүйелері

Позициялық санау жүйелерінде әрбір цифрдың мәні, осы санның жазылуында тұрған орнына тәуелді. Қазіргі кезде кең тараған позициялық санау жүйелеріне ондық, екілік, сегіздік және он алтылық жүйелер жатады. Әрбір позициялық жүйенің нақты анықталған цифрлар алфавиті мен негізі бар.

Позициялық санау жүйесінің негізі цифрлар санына тең және көрші позицияда тұрған бірдей цифрлардың мәндері неше есеге ерекшеленетінін анықтайды.

Сандардың бізге үйреншікті жазылу жүйесі ондық жүйе деп аталады, ол он араб цифрларынан тұрады. Кез келген санды жазу үшін 0 - ден 10 - ға дейінгі 10 цифр қолданылады, оның негізі 10 - ға тең; екілік жүйеде тек 0 және 1 цифрларын қолдануға болады, негізі - 2; сегіздік жүйе сегіз цифрдан тұрады, негізі – 8; он алтылық жүйеде ондық санау жүйесінің он цифры және қалған 6 цифрдың орнына латын алфавитінің әріптері қолданылатын, барлығы он алты цифр бар, негізі – 16.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет