Сабақтың тақырыбы Сандық технологияны пайдалану. Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар»



Дата18.04.2022
өлшемі35,49 Kb.
#31388
түріСабақ


Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы

Сандық технологияны пайдалану.

Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар».

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру.

Бағалау критерийлері

  • Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне, үзінділерге сүйене отырып, жаңа тақырыпқа, көтерілетін мәселеге болжау жасай алады.

  • Өз көзқарасын жан–жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, тақырыпты жалғастырып айта алады.

1-қадам. Тыңдалым алдындағы тапсырма.

Болжап көрейік.

  • Мәтіннен алынған сөздер мен үзінділер арқылы тыңдалым мәтінін болжап көріңдер.

* Мәтінде қандай тақырып қозғалады немесе не туралы айтылуы мүмкін?

* Оны қай сөздерден байқауға болады?



  • Өз білімдеріңе сүйене отырып, тақырыпты жалғастырыңдар.

Тақырыпқа байланысты сөздер және терминдер:

сандық технология, 3Д модель, табысты болашақ, ғаламтор, даму, инновациялық технологиялар, ірі жоба, операциялық технология, жетістік, тиімділік, ұлт соры, шырмаушы тор, т.с.с.



Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер:

Менің ойымша...

Бір жағынан...

Мен осы көзқараспен ... келісемін/келіспеймін.

Себебі ...

Бағалау критерийі:


  • Берілген дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, жаңа тақырыпқа, көтерілетін мәселеге болжау жасайды.

  • Дәйексөздер мен үзінділерді дәлел келтіре отырып талдай алады.


2-қадам. Тыңдалым тапсырмасы.

  • «Сандық технология – табысты болашақтың кілті» тақырыбында берілген бейнеролик пен Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар» тамашалаңдар.

  • Бейнероликте берілген ақпаратты мұқият тыңдаңдар.

  • Мәтіндердің стильдері мен көтерілген мәселелерге мұқият назар аударыңдар.

Бағалау критерийі:

  • Тыңдалған ақпараттарды саралай алады.


3-қадам. Түсіндірме/аударма сөздікпен жұмыс.

Мұхтар Шаханов «Компьютер басты жарты адамдар» өлеңінің негізгі ойын талдап, өлең бойынша түсініксіз болған сөздерді анықтау мақсатында түсіндірме немесе аударма сөздікпен жұмыс жасайды.

Бағалау критерийі:

  • Өлеңнен, кем дегенде, он түсініксіз сөз бен ұғымдарды теріп алады.

  • Түсіндірме немесе аударма сөздікпен жұмыс жасай алады.


4-қадам. Өлеңдегі ойға байланысты өз пікірін ПОПС формулаға салып жазу.

Бағалау критерийі:

  • Өлеңде көтерілген мәселелерді анықтайды.

  • Кем дегенде, 7-8 сөйлеммен өз көзқарасын дәлелдей отырып жаза алады.

  • Сөйлем құрылымын сақтап жаза алады.

мәтіннен алынған сөздер мен үзінділер берілген

презентация

https://kazakh-tv.kz/kz/view/presidental_address/page_191214_sandyk-tekhnologiya-%E2%80%93-tabysty-bolashaktyn-kilti


https://www.youtube.com/watch?v=4y_ZcnZgqS4



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет