Сабақтың тақырыбы: Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері



бет1/4
Дата12.12.2022
өлшемі3,38 Mb.
#56780
түріСабақ
  1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы: Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері

Бөлімі:

9.2А Жазықтықтағы түрлендірулер

Педагогтің аты-жөні:

Жорабай Г.Е

Күні:

1.12.2022ж

Сыныбы: 9 Б, Г

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

9.1.4.14 үшбұрыштар ұқсастығы белгілерін білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты:

  • Ұқсас фигуралардың, ұқсас үшбұрыштардың анықтамаларын, қасиеттерін, ұқсастық коэффициенттерін біледі және үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін ажыратады;

  • Үшбұрыштардың ұқсастығының белгілерін есептер шығаруда қолданады;

  • Үшбұрыштардың ұқсастық белгілерін дәлелдеулерде қолданады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


5 мин.
Өткен сабақты тексеру
5мин.



- Ұйымдастыру.
- Оқушылармен амандасу
- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
-үйжұмысын тексеру №166


Миға шабуыл:
C-1: Қозғалыс дегеніміз не?
С-2: Ұқсастық дегеніміз не?
С-3: Қозғалыстың түрлерін ата.
С-4: Центрлік симметрия дегеніміз не?
С-5: Осьтік симметрия дегеніміз не?
С-6: Бұру дегеніміз не?
С-7: Параллель көшіру дегеніміз не?
С-8: Парраллель көшірудің формуласы
C-9: Ұқсас фигураларға мысал келтіріңіз
С-10: Қозғалысқа мысал келтіріңіз.
Гомотетия деген не?

«Жақсы тілек- жан жылуы» оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, жақсы көңіл күймен сабақты бастайды.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді.





Дескриптор:


-Өткен сабақтағы ережелерді қайталайды.

Геометрия - 9 сынып
Сұрақтар

Сабақтың ортасы.
10 мин.



Жаңа сабақты меңгеру.
Оқулықпен жұмыс
Белсенді оқу әдісі: «Джигсо»
Мұғалім оқышыларға ақпарат беріледі.
- Бастапқы топтағы оқушылар 1-ден бастап нөмірленеді. 12 оқушы болған жағдайды қарастырайық, әр топта 4 оқушыдан: А тобында А-1, А-2, А-3, ; В тобында В-1, В-2, В-3, .., С тобында С-1, С-2, С-3, D тобында D-1, D-2, D-3.
Барлық бастапқы 3 топқа үшбұрыштың 3 белгісі беріледі.
- Ортақ мәселемен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Мұғалім бұл жағдайда жұмыс орындарындағы бастапқы топтардың атауы жазылған белгіні осында жиналатын ойыншылардың нөмірлеріне ауыстырады: 1, 2, т.с.с.. Осылайша әртүрлі 3 топтағы 4 оқушыдан жаңа топ – сарапшылар тобы анықталады, мозаика құралады:
1-белгісі бойынша сарапшылар: А-1, В-1, С-1, D-1, 2-белгісі бойынша сарапшылар: А-2, В-2, С-2, D-2,
3-белгісі бойынша сарапшылар: А-3, В-3, С-3, D-3
Сарапшылар өздерінің тапсырмаларын жан-жақты талдап, талқылағанда, білгендерін өзгелерге қалай үйретуге болатынын да ойластырады: сызба, карта, кластер, т.б. жасайды. Талқылау соңында әр оқушы өз сұрағы (тапсырмасы) бойынша сарапшыға айналады. Мұғалім талдауға жеткілікті уақыт бөліп, топтардың талқылауларын қадағалайды, дұрыс шешім қабылдануын басқарады.
- Сарапшылар өз топтарына қайтады, бастапқы топ қайта құрылады. Әрбір сарапшы-ойыншы сәйкес нөмірі бойынша кезекпен өзінің білгенін құрдастарына үйретеді. Осылайша оқушылар мұғалімнің рөлінде болып, бірін-бірі үйретеді, топтағы әрбір оқушы үшбұрыштың 3 белгісін де игеріп шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет