Сабақтың тақырыбы Үшбұрыштың ауданы Сабақтың түрі Жаңа сабақ



Дата16.04.2022
өлшемі25,65 Kb.
#31204
түріСабақ

Ілиясова Жансая

Математика пәні мұғалімі



`Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тарау 8.2А

Аудан

Мектеп:N193 жалпы орта мектеп

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Байкенже ауылы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Iлиясова Ж

Сынып:8


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үшбұрыштың ауданы

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.1.3.12

үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;




Сабақтың мақсаты

Барлығы:

  • Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын есеп шығаруда қолданады

Көпшілігі:

  • Әр түрлі үшбұрыштың аудандарын табады, формулаларды түрлендіреді

Кейбірі:

Ойлау деңгейі

  • Түсіну

  • Қолдану

  • Талдау

Бағалау критерийлері

  • Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын қолданады;

  • Әр түрлі үшбұрыштардың аудандарын табады, формулаларды түрлендіреді

Тілдік мақсат

Үшбұрыштың ауданын табу формулаларын түсіндіреді

Пәндік лексика және терминология

- параллелограмм;

-тік төртбұрыш;

-үшбұрыш;

-сүйір бұрышты үшбұрыш;

-тік бұрышты үшбұрыш;

-сүйір бұрыштың синусы;

- аудан


Құндылықтарды дарыту

1.Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.

2.Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

3.Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

4.Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім.

5.Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

6.Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.



7.Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандықтұрғыдан қатысуы.

Пәнаралық байланыс

Сызу,өзін өзі тану,информатика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, интербелсенді тақта, компьютер, телефон, kahoot.it сервисі,easyQuizzy

Бастапқы білім

  • Параллелограмның ауданы;

  • Тік төртбұрыштың ауданы;

- Ромбтың ауданын табу формулалары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

Сабақтың ортасы
30 мин

Белсенді оқыту

Саралап оқыту


Ұйымдастыру кезеңі
"Сәттілік тілeу"

Oқушыларды түгeндeу, сыныпта қoлайлы ахуал туғызу. «Сәттілік тілеу» трeнингін өткізу
Үй жұмысын тексеру (слайдпен, есептердің шығарылу жолын көрсетемін)
Оқушыларға бірін-бірі бағалау парағы таратылады

Тапсырмалар

Алынған дескриптор

Мах. дескриптор

Миға шабуыл




10

Ауызша жұмыс




5

Топтық-жұптық оқыту




10

Саралап оқыту

А

В

С

3

4

5

Тест




5

Аты-жөні:


Алынғаны:


МАХ: 42


"Миға шабуыл"

Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында kahoot.it сервисін пайдаланып тест тапсырмасын аламын.Оқушылар телефондарын қолданып тест тапсырады.сұрақтарға ауызша жауап беру.
ҚБ Қол шапалақтауТест тапсырмасын бірінші болып орындаған оқушыға құрмет көрсетіледі.Бағалау парағына ұпайлар түсіріледі.

Топқа бөлу

Кеспе қағаздарда геометриялық фигураларды сәйкестендіру арқылы топқа бөлемін.
Екі топ пазл құру арқылы алдынғы тақырыпты пысықтайды

ҚБ Қол шапалақтау Тапсырманы бірінші болып орындаған топқа құрмет көрсетіледі.Бағалау парағына ұпайлар түсіріледі.

Жұпқа бөлу

Кеспе қағаздарда геометриялық фигураларды сәйкестендіру арқылы жұпқа бөлемін.
Жаңа тақырыпты меңгеру

Ауызша жұмыс. Жұптарға А4 парақта параллелограмм,тік төртбұрыш, ромб суреттері таратылады.

1.Фигуралардың анықтамалары, қасиеттерін айтады;

2. Аудан табу формулаларын тақтаға жазады.

3. Алдарыңдағы фигураға бір диагональ жүргізіңдер де, сол диагональ бойынша қиыңдар.

Кері байланыс:

Қандай фигуралар шықты?

Оқушылардың жауабы:

Үшбұрыштар.

Осыдан сабағымыздың тақырыбы шығады Қандай? -"Үшбұрыштың ауданы".

Ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болады деп ойлайсыңдар?

Иә, Үшбұрыштың ауданын табу

ҚБқол шапалақтау

«Жұптық өзара оқыту» әдісі

Қолданылған әдістің мақсаты:


    • Aқпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіреді;

  • Oқушылар арасындағы тосқауылдарды жояды

1.Әр жұп үшбұрыштың түріне сәйкес аудан табуға формула қорытып шығарады.

2. Дәлелдейді

3. Қорғайды



Әр жұпқа кеспе карточкалар беремін.

Тапсырмаларды дескриптор бойынша орындайды.

Бір-бірімізге көмектектеседі.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Үшбұрыштың ауданы туралы теореманы тұжырымдайды

Төртбұрыштың диагоналін жүргізеді;

1

Үшбұрыштың түрін анықтайды;

1

Формуланы жазады

1

Қорғайды

1

Бағалау критерийлері бойынша бағаланады және бағалау парақшасына жазылады. Қол шапалақтау.
Кері байланыс

«Мұғалім -оқушы» Мұғалім оқушылардын шығарғанын тексеріп, ескертулер айтып, кері байланыс береді

Жеке жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар орындау

Қолданылған әдістің мақсаты:

  • Оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады;

  • Барлық оқушылар үшін тиімді

Әр оқушы А деңгейінен бастайды, деңгейлік тапсырмаларды сатылап шығарады.Есепті тез шығарған оқушы өз ойымен бөлісіп,сыныптағы оқушыларға көмек көрсетіп отырады

А деңгейі.

1. Катеттері 24 см және 27 см болатын тікбұрышты үшбұрышқа тең шамалас шаршының қабырғасын табыңдар.

2. Үшбұрыштың екі қабырғасы 12 дм және 18 дм, ал олардың біріне жүргізілген биіктік

4 дм-ге тең. Екінші қабырғаға жүргізілген биіктікті табыңдар.

3.Табаны АС болатын теңбүйірлі ABC үшбұрышының АВ = 10 м, ВН биіктігі 8 м болса, оның ауданын табыңдар.

В деңгейі

1.ABC тікбұрышты үшбұрышында C = 90°, АВ = 1 м A = 30°. Осы үшбұрыштың ауданын табыңдар.

2. Үшбұрыштың екі қабырғасы 6см және 8 см,ал олардың арасындағы бұрышы 1200.Үшбұрыштың ауданын тап.

3. Үшбұрыштың екі қабырғасы 6см және 8 см,ал олардың арасындағы бұрышы 1350.Үшбұрыштың ауданын тап.



С деңгейі

1. Өлшемдері 4 м × 6 м болатын тіктөртбұрыш пішіндес бөлменің еденін қабырғалары 30 см және 40 см болатын тік бұрышты үшбұрыш пішінді тақтайшалармен жабу керек. Неше тақтайша қажет және егер бір тақтайша 65тенге тұратын болса, қанша ақша жұмсалады?




Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Берілген фигуралардың ауданын табуға есептер шығарады;


Тіктөртбұрыштың ауданын табады

1

Тік бұрышты үшбұрыштың ауданын табады;

1

Тақтайша санын анықтайды;

1

Қанша ақша жұмсалатынын табады

1

Кері байланыс

«Мұғалім - оқушы», «Оқушы-оқушы»

Түрлі-түсті кеспе қағаздарда есептердің шығарылу жолына сілтеме , шығарылу жолдары, жауаптары көрсетіледі.Оқушылар біртіндеп деңгейлерден өтеді.

Қорытындылау тест

Компьютерде қысқыша тест орындайды



ҚБ қол шапалақтау

Кері байланыс

«Мұғалім - оқушы»

Бағалау парағы

Интерактивті тақта

Kahoot!


Tarsia програм.

Кеспе қағаздар

Алгебра 8 сынып

А.Е.Әбілқасымова

«Мектеп» 2018ж.

Кеспе қағаздар

easyQuizzy


Сабақтың соңы

5 мин


Бағалау

Оқушылар бағалау парақшасын бағалау критерийлеріндегі ұпайларды ескере отырып толтырады


Қалыптастырушы бағалау комментарийі:

Ұпайлар

Қалыптастырушы бағалау

1-13

Ерінбе,талпын!Ережелерді қайталау керек

14 -30

Бұдан жақсы істей аласың!Мұқият бол!

31 - 42

Жарайсың! Еңбегің көрініп тұр.Сыныптасыңа көмек көрсетуге дайынсың!


Рефлексия:

Сабақ бойы жақсы жұмыс істедіңдер.Атап кететін оқушылар...

Бұл бағаны мен сендерге бердім,ал сендер енді біздің бүгінгі істеген жұмысымызға баға беріңдер.

Сұрақтарға жауап беріңдер:

1.Бүгін сабақта не білдім?


  • 2. Бұл білімім тәжірибеде керек бола ма?

  • 3. Қайда қолдана аламын?


стикер




Үй тапсырмасы

Практикалық тапсырма: Өз бөлмеңдегі 1 жихаздың ауданын есепте




Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы



с.Көктерек

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет