Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек. Доғаның ұзындығы. Дөңгелек, сектор және сегменттің аудандары Бөлім



бет1/4
Дата31.03.2023
өлшемі36,92 Kb.
#77891
түріСабақ
  1   2   3   4

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қысқа мерзімді жоспар №1
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек. Доғаның ұзындығы. Дөңгелек, сектор және сегменттің аудандары

Бөлім:

Шеңбер. Көпбұрыштар

Педагогтің аты-жөні:

Нұрқасынов Қ.М.

Күні:




Сыныбы:9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Шеңбер және дөңгелек. Доғаның ұзындығы. Дөңгелек, сектор және сегменттің аудандары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.1.1 шеңбер доғасының ұзындығының формуласын білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Шеңбер доғасының ұзындығының формуласын біледі және қолдана алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин.

I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Сабақты жағымды ахуалдан бастау. Оқyшылaрдa бір-бірінe болғaн доcтық ceзімдeрін оятy мaқcaтындa «Aтом жәнe молeкyлa» әдіcі aрқылы пcихологиялық жaғдaй орнaтaмын.
Үй тапсырмасын тексеру:
«Мен саған, сен маған» арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.

Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Дескриптор:
-үй тапсырмасын орындады (1 балл)
«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

9-сынып оқулығы
ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе
5 мин



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Шеңбер дегеніміз не?
2.Дөңгелек дегеніміз не?
3.Шеңбердің радиусы дегеніміз не?
4.Шеңбердің диаметрі дегеніміз не?
5.Диаметр радиустан неше есе ұзын?

Дескриптор:
-Шеңбер және дөңгелектің не екенін түсіндіре алады
(1 балл)
-Диаметр радиустан неше есе ұзын екенін айтады немесе жазады (1 балл)



9-сынып оқулығы
ДК экраны

Сабақтың ортасы
Жеке жұмыс
10 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма беріледі
Жеке жұмыс «Кім шапшаң» әдісі арқылы есепті шешеді
1-тапсырма
Шеңбердің ұзындығын 1 м-ге ұзартқанда оның радиусы неше метрге ұзарады?

«Мен саған, сен маған» әдісі арқылы бір-бірлеріне көмектеседі
Түсінбеген тапсырмаларды бір-біріне түсіндіреді. .
Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, талдау жасайды






Дескриптор:
-шеңбер ұзындығының формуласын қолданады
(1 балл)
-шеңбер ұзындығының формуласын түрлендіреді
(1 балл)
-шеңбер радиусын анықтайды;
(1 балл)



9-сынып оқулығы
ДК экраны

Топтық жұмыс
10 мин

Топтық жұмыс «Көшбасшы» әдісі арқылы есепті шешеді
2- тапсырма
Шеңбердің екі нүктесі оны бұрыштық шамалары 11:13 қатынасындай болатын екі доғаға бөледі. Егер шеңбердің радиусы 6 см-ге тең болса, осы доғалардың ұзындықтарын табу керек.

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды.
Шеңбер доғасының ұзындығының формуласы:




Кіші доға ұзындығы:

Үлкен доға ұзындығы:




Дескриптор:
-шеңбер доғасының бұрышын анықтайды (1 балл)
-кіші доғаның ұзындығын дұрыс табады (1 балл)
-үлкен доғаның ұзындығын дұрыс анықтайды (1 балл)

9-сынып оқулығы
ДК экраны

Сабақтың соңы
5 мин.

Шеңбер доғасының ұзындығының формуласы қандай?
Шеңбер ұзындығының формуласы қандай?
Шеңбер радиусы диаметрден қанша есе кіші?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет