Сабақтың тақырыбы: Шығанақ Берсиев-атақты диқан. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



Дата27.11.2022
өлшемі20,89 Kb.
#53064
түріСабақ


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омарова Алмагуль
Тохтахунқызының 7 «Б» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Шығанақ Берсиев-атақты диқан » тақырыбында өткен сабағының
рефлексифтік талдауы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 наурыз күні 7«Б» сыныбында сабақ өттім. Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа алып, қолайлы әдіс- тәсілдерді қолданып ,оқушылардың белсенді жұмыс жасауына жағдай жасадым.


Сабақтың тақырыбы:Шығанақ Берсиев-атақты диқан. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
7.Т2 – тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау;
7.5.1.3 – септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақтың мақсаты:

Мәтінді түсініп оқиды және мазмұнын игереді,үстеудің мағыналық түрін біледі.
Мәтін бойынша тірек сөздерді жазады, нақтылау сұрақтарын құрастырады, үстеулерді сөйлемде орынды қолданады.
Мәтін бойынша өзі жайлы дәлелдемелермен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, құттықтау құрастырып жазады, үстеуден болған синоноимдерді түрлендіріп қолданады.

Бағалау критериилері: Шағын үзінділермен жұмыс жасай алады.
Көркем шығарманың тіліне талдау жасай алады.
Сыни хабарма жазады.
Дескриптор: -Үзінді бөліп ала алады.
- Мәнерлеп оқи алады
-Шығармадағы тілдік бейнелеу,суреттеу құралдарының
мағынасын анықтайды.
-Шығармадан алған әсері бойынша сыни хабарлама жазады.
АКТ қолдану дағдылары:Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысы көрнекі құралдарды пайдаланып,қолдандым.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар бір –бірімен амандасып шаттық шеңберін құрды.
Сабақтың мақсаты,бағалау критерийлері айтылады.
Шығанақ Берсиев туралы видеорлик көрсетілді.
«Миға шабуыл»әдісі арқылы жетекші сұрақтар қойылады
Тыңдалым мәтіні ұсынылады
1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
1. Шығанақ Берсиев қандай өнім егеді?
2. Ойыл өңірі әлемге қалай танылды?
3. Шығанақ төртінші рекордын жасау барысында неше центнер өнім алды?
4. Сталин Шығанаққа не үшін алғыс айтты?
Бағалау критерийлері:
- мәтін мазмұнын анықтау
- дәлелді жауап ұсыну
2-тапсырма. Мәтінде қарамен жазылған сөздің септеулік шылау екенін дәлелдеңіз

Өгіз бен сиырды аралас жеккен бір топ егінші соқасын қара жерге жаңа салған екен. Олжабек пен Жамал соларға қарай жүрді. Егіншілердің көлігі жүрмей, өздерімен өздері әуре болып жүр. Олжабектің көзі көліктерде. Төкенмен бірге келе жатқан Шығанақ жалт бұрылды.


Түскі астан соң олар кешке дейін әуре болды. Сондықтан, Амантайдың Жанбота туралы ойлауға да шамасы болмады.
Бағалау критерийлері:
мәтін мазмұнын түсініп оқу
септеулік шылауларды ажырату.
Балалар тапсырманы жақсы орындады


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттарына қол жеткіздім деп ойлаймын.
Сабақтың уақыттық кезеңдерін тиімді сақтай алдым.
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Алдыңғы сабақта өткен «Шылаулар » тақырыбы бойынша жалғаулықтардың қандай түрлері бар деген сұраққа оқушылар жауап бере алмай мүдіріп қалды. Жалпы жалғаулықтарды атады, бірақ оның үш түріне мысалдар келтіре алмады.
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқыту мен оқуға қатысты)?
1: Оқушылардың сергіту сәтінде,айтылған қосымша ақпараттар өте тиімді болды деп ойлаймын.
2: Оқушылар Ш.Берсиев туралы көптеген мәлімет алды деген ойдамын

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді ( оқыту мен оқуға қатысты)?


1: Оқытуда орыс тілді оқушыларды тек қазақша сөйлеуге дағдыландырып, ойларын еркін жеткізсе, сабақтың жақсы өтуіне оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Берілген шылаулармен сөйлем құрастыру барысында оқушылар қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс қатесіз айтты. Жалпы сабақ мақсатына жетті деп ойлаймын. Ш.Берсиевтің өміріне арналған сабақта оқушылар көптеген мәлімет алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет