Сабақтың тақырыбы: Спорт жарысына қатысамын. Сөз құрамы. Түбір және қосымша. Оқу мақсаты



Дата15.01.2023
өлшемі29,21 Kb.
#61346
түріСабақ



Мұғалімнің аты-жөні:

Қуатқызы Зина

Пән/Сынып:

2-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

2-аптаның 1-сабағы

Тарау немесе бөлім атауы:

Дені саудың – жаны сау.

Сабақтың тақырыбы:

Спорт жарысына қатысамын.Сөз құрамы. Түбір және қосымша.

Оқу мақсаты:

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырыпкөлбеу және таза жазу
2.4.2.1 – мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: түбір мен қосымшаның бір-бірінен айырмашылығын аңғарады;
Көбі: түбір сөздерге тиісті қосымшалар жалғай алады;
Кейбірі: жаттығу жұмысы барысында дұрыс талдаулар жасай біледі;

Бағалау критерийі:

Түбір сөз бен қосымшалы сөздерді ажырата алады. Түбір сөздерге тиісті қосымшалар жалғай алады.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе, балақай!
Біз қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Сөз құрамы. Түбір және қосымша
-Бүгінгі сабақта:
-түбір сөз бен қосымшалы сөздерді ажырата аласың;
- түбір сөздерге тиісті қосымшаларды жалғауды үйренесің;





Слайд № 1



5 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың түсіндірмесі.
https://yandex.ru/collections/api/links/redirect/?url=https%3A%2F%2Fimektep.kz%2Fkz%2Ftubir-men-kosimsha&yid=9087612071587888185



Сөздер

Түбір

Қосымша

Шаңғышы

Шаңғы

-шы

Апталық

Апта

-лық

Күні

Күн



Палуандар

Палуан

-дар

Сөз дегеніміз не?


7. Антоним деген не?
8. Синоним деген не?
9. Омоним деген не
Сөз дегеніміз не?
7. Антоним деген не?
8. Синоним деген не?
9. Омоним деген не
Сөз дегеніміз не?
7. Антоним деген не?
8. Синоним деген не?
9. Омоним деген не
Сөз дегеніміз не?
7. Антоним деген не?
8. Синоним деген не?
9. Омоним деген не
Кестедегі сөздерге назар аудар!
Сөздің түбірінде мағына бар ма? Қосымшасында ше?
Осыдан мынадай қорытынды шығарамыз.


Ереже.
Сөздің одан әрі бөлшектенбейтін мағыналы бөлігі түбір немесе түбір сөз деп аталады. Мысалы: күн, жыл, спорт, палуан.
Сөздің түбірге жалғанатын бқлігі қосымша деп аталады. Мысалы: күні, жылдар, спортшы, палуандар.
Түбірдің белгісі:

Жаңа тақырыпты бейнематериал арқылы меңгеру

Сұрақтарға жауап берген оқушыларды мадақтау сөздерін қолдану.



Слайд №2

Слайд №3

Слайд №4


5 минут

Тәжірибе

Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма
33-жаттығу
Шаңғы жарысында
Ертең жарыс болады дген күні аспанды бұлт торлап, түні бойы қар жауды. Келесі күні бұлт ыдырап, күн жарқырап ашылып кетті.
Жарысқа қатысатындарды сапқа тұрғызған мұғалім:
-Бүгінгі жарыста сендерден жаңа рекорд күтеміз, -деді.
..... Жарыс басталды. Тәуке бірден алға түсті. Брақ орта жолда Ержан Тәукені қуып жетіп қалды. Тәуке артына қарағанда, ол күлімсіреп қойды. «Несіне мәз болады екен!» деді бұл ызыланып. Ол алға ентелеп, тачқты ышқына сілтейді.
Бірақ Ержан сонда да қалысатын емес. Ол Тәукенің қасынан зу етіп өте шықты. Ол алдағы тау жотасының ортағ беліне жетті. Әрі қарай тырмысып, өрлей бастады.
Бұл кезде Тәуке де тау жотасына іліккен еді. Бірақ өзінің әлсіреп қалғанын енді айқын сезді. Көз алдына: «Рекорд! Рекорд!»-деп шулаған балалар елестейді......


Мәтін бойынша тапсырмалар:
1. Мәтінде не туралы айтылған?
2. Мәтінді өзің әрі қарай жалғастыр
3. Тәукенің әрі қарай іс әрекеті қандай болады деп ойлайсың?
4. Мәтінде берілген қарамен жазылған сөздерді түбір мен қосымшаға ажырат.


2-тапсырма.
34-жаттығу.
Өлеңді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.
Зулайды зырқырап
Маңдайдан тер бұрқырап.
Шаңғым асар шаршамай,
Бір қыраттан бір қырат.


Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Дескрипторы:
-мәтінді түсініп оқиды;
-сұрақтарға жауап береді; 1-ұпай
-қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады; 1-ұпай

Дескриптор:
-өлеңді қатесіз, көркем көшіріп жазады; 1-ұпай
-қарамен жазылған сөздердің түбірін анықтайды; 1-ұпайқосымшаларын анықтады; 1- ұпай

Слайд №5

Слайд №6



Слайд №7



7 минут

Бекіту

3-тапсырма.
Түбірі мен қосымшасын сейкестендір.

Ара

Ның

шана

Ші

ән

Лар

алма

Сы




Тақырыпты меңгергенін анықтау

Дескрипторы:
-түбір мен қосымшаларды сәйкестендіреді.

Слайд №8

2минут

Қорытындылау.

Қорытынды.
Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Түбір дегеніміз не?
Қосымша дегеніміз не?
Рефлексия.
«Ұстазға хат»

Сұрақтарға жауап беру.



Дескрипторы:
-сұрақтарға жауап береді; 1-ұпай



Слайд №9
Слайд №10




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет