Сабақтың тақырыбы: Т. Сұлтанбековтың «Ғажайып планета»



Pdf көрінісі
Дата21.03.2017
өлшемі359,32 Kb.
#10098
түріСабақ

 

Сабақтың тақырыбы: Т.Сұлтанбековтың «Ғажайып планета» әңгімесін талдау сабағы

 

Сабақтың мақсаты: «Ғажайып планета» әңгімесінің тақырыбын

идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, жазушының тіл шеберлігін таныту.

 

Сабақтың міндеттері:

 

1.

 



өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, ұжымшылдыққа, 

тиянақтылыққа тәрбиелеу;

 

2.

 



«Ғажайып планета» әңгімесінің тақырыбын, идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, жан-

жақты талдау;

 

3.

 



оқушылардың іскерлік, өз бетімен жұмыс дағдысын жетілдіру, еркін сөйлеуге, ашық 

пікір айта білуге бағыттау, ойлау қабілетін дамыта отырып шығармашылыққа баулу, 

өзіндік көзқарасын қалыптастыру, ақпарат мүмкіндіктерін қолдана алуға үйрету.

 

Сабақтың түрі: Жинақтау, пысықтау және бекіту сабағы.

 

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сөздік, интерактивті әдістер, кітаппен жұмыс, проблемалық 

сұрақтар, шығармашылық ізденіс, әңгімелесу.

 

Көрнекілік: фотосуреттер, мультимедиялық құралдар, түрлі түсті қарандаш, қайшы, 

қағаз, желім, сіренке, скочь т.б.

 

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері, география, технология.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1)

 



6 сынып оқулығы;

 

2)



 

Методикалық құрал;

 

3)

 



Т.Сұлтанбеков «Шахмат»;

 

4)



 

Қазақ тілі мен әдебиет журналы;

 

5)

 



Түсіндірмелі сөздік;

 

6)



 

Энциклопедия.

 

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

а) Сәлемдесу.

 

Сәлеметсіздер ме құрметті балалар! Бүгінгі біздің сабақта қонақтар отыр. Сондықтан да 

балалар, біз өзімізді қандай тәрбиелі, әдепті екенімізді көрсете білейік.

 

ә) Психологиялық сәт.

 

``Өнер алды-қызыл тіл`` 



 

Анаңдай оны құрметте!

 

Қапсымай,талмай үйрен,біл, 



 

Асылын сөздің өрнекте. 

 

Ана тіл-асыл қазына, 



 

Байлығың-білсең ол сенің. 

 

Жеткізер өмір жазына



 

Сонымен өсер өркенің, -дей отырып сөз өнерін, асылын, тіл тазалығын сезінетін әдебиет 

сабағын бастаймыз. 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

 

Балалар, бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты Т.Сұлтанбековтың «Ғажайып планета» 



әңгімесіндегі көркемдік мазмұнын ашу, жазушының тіл шеберлігін таныту.

 

Бұл әңгімеге кіріспес бұрын Т.Сұлтанбеков кім екенің қайталап өтейік.



 

«Ой қозғау».

 

Талап Сұлтанбековтың өмірі мен шығармашылығы жайлы кестені толықтыр:

 

1930 жылы қыркүйектің

 

1-ші жұлдызында дүниеге келді.

 

Ақсу қыстағында дүниеге келді.



 

Арғы аталары

 

Ақын Ілиястың туыстарының бірі. 

Бабасы Берсүгірден Жансүгір мен 

Сүлеймен туылады. Ілияс Жансүрдің 

баласы болса, Талапбек Сүлейменнен 

туған Сұлтанбектің тұяғы.

 


Садыр Найманнан шыққан атақты Нияз 

батырдың баласы Жақыптың қызы. 

Атасы Нияз кезінде болыс болып, патша 

өкіметінен шен алған алқалы 

шаңырақтың иесі.

 

Анасы Дәмеш қандай тұқымнан шыққан?



 

1955-1959 жылдардағы қызметі.

 

«Жетісу» газетінде қызмет атқарады.

 

Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ 



ойындарын насихаттаушы және 

республикалық дәрежедегі төреші, 

Қазақстан Республикасының бірнеше 

дүркін чемпионы.

 

Т.Сұлтанбековтың қандай спорттық 



ойындарға өз үлесін қосты?

 

Талап Сұлтанбековтың 



 

еңбектерін ата.

 

«Көшпелі алтын», «Лұқман Хакім», 

«Жүрек тулайды», «Жұлдыз ат», 

«Тізгін», «Темір еліне саяхат», 500-ден 

астам көркем кинолардың қосалқы 

туындылардың авторы.

 

1962-1970 жылдары қызмет атқарды.

 

Қандай жылдар аралықта Т.Сұлтанбеков 



«Білім және еңбек» журналында қызмет 

атқарды?


 

1970-1985 жылдардағы қызметі

 

«Қазақфильм» киностудиясында қызмет 

атақарды.

 

Бүкілодақтық «Киноорталық» 



бірлестігінің қазақ бөлімінің директоры 

қызметін атқарды.

 

1985-1991 жылдары қандай бірлестіктің 



директорлық қызмет атқарды?

 

Мұғалім: - Өте жақсы балалар! Талап Сұлтанбековтың өміріне қысқаша шолып, қайталап 

өттік.

 

ІІІ. Жаңа сабақ. Т.Сұлтанбековтың «Ғажайып планета» әңгімесін талдау сабағы.



 

«Қызығушылықты ояту».

 

Мұғалім: Сіздер фантастикалық кинолар мен әдебиеттер оқисыздар ма?

 

- Қандай фантастикалық кітаптар оқыдыңыздар?



 

- Фантастика дегеніміз не?

 

Фантастика-әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсірлеп бейнелейтін жанры. 



Қазақ әдебиетінде фантастика халық қиялынан тұрған хайуанаттар жайлы қиял-ғажайып, 

тұрмыс-салт ертегілерінен бастау алады. Мысалы: «Ер Төстік», «Керқұла атты 

Кендебайда», «Қырық өтірік» фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі.

 

- Фантастика жазатын адамдарды қалай атаймыз?



 

Фантаст – шығармасын ой елестерінен қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан 

тыс әсірелеп жазатын жазушы.

 

- Фантастика жазушыларды білеміз бе?



 

Талап Сұлтанбеков, Шоқан Әлімбаев, Абдул-Хамит Мархабаев.

 

«Ойға шақыру». (мағынаны ашу, мазмұндау)

 

Рейтингілік жоспар жүйесін тізбелеу.

 

1.

 



Кеме командирінің биологке шүйілуі.

 

2.



 

Экипаждың бөгде ғаламшар тұтқыны болуы.

 

3.

 



Жасанды адам физиомеханикалық «Кибердің» әзілі.

 

4.



 

Экипажға төнген қауіп.

 

5.

 



Ең жақын жұлдыз шоғырына бұрылу жөніндегі ұйғарым.

 

6.



 

Орталық ғарыш стансасы бұйрығының сөзсіз орындалуы керектігі.

 

7.

 



Орбитаға қаптаған ұсақ денелер.

 

8.



 

Биолог Тұрановтың қуанышы.

 


9.

 

Космос балықтарын қызықтау.



 

10.


 

Турановқа әсер еткен белгісіз күш.

 

11.


 

Кибердің кемені қондыруы.

 

12.


 

Бөгде планетадағы тіршілік.

 

13.


 

Ғалым Тұрановтың зерттеулері жайлы.

 

14.


 

Сыртқы экспедицияға шығуға дайындық.

 

15.


 

Бөрене тектес жанды торпедолардың көбеюі.

 

16.


 

Автомобильдің үлкен жарға келіп тірелуі.

 

17.


 

Өзен үстіндегі жәндіктер.

 

18.


 

Кибердің аккумулятор қуатын ауыстыруы.

 

19.


 

Кибердің денесінің тоққа қайта қосылуы.

 

20.


 

Белгісіз күштің Турановты ұйықтауға мәжбүр етуі.

 

21.


 

Экипаж мүшелерінің өз планеталарына қайтуға жиналуы.

 

22.


 

Кеме экипажының зерттеу жұмыстары туралы әңгімелесуі.

 

«Ойға шақыру».

 

-



 

Балалар ғаламшар дегеніміз не?

 

Күнді айнала қозғалатын аспан денесі.



 

- Күн жүйесінде бізге белгілі қанша ғаламшар бар?

 

9 ғаламшар бар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон.



 

- «Байқоңыр-12» ғарыш кемесі басқа ғаламшарға қалай тап болды?

 

- Байқоңыр туралы сіздер не білесіңдер?



 

Байқоңыр-ғарыш алаңы. Ол Қазақстан жерінде орналасқан. Одан тұңғыш ғарыш 

зымыраны сәтті ұшырылды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін 

орбитаға шығарды. Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихындағы тұңғыш рет 

Ю.А.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа атанды.

 

1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен 



Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ 

ғарышкері Т.А.Мұсабаев ғарышта екі рет болды.

 

- Балалар, сіздерге мен алдын-ала тапсырма бергем. Ғарышкерлер туралы мәлімет іздеп, 



дәптерге жазып келу.

 

Дәптермен жұмыс. 

 

Еркін жауап. (3 минут)

 

Сабағымызды жалғастыра отырып, проблемалық сипаттағы талдау сұрақтарына еркін 



жауап берсек.

 

1) Экипаж құрамындағы жасанды адамның аты кім? (физиомеханикалық «Кибер»)



 

2) Ғарыш кемесі неліктен басқа ғаламшарға қонуға мәжбүр болды? 

 

3) Экипаж мүшелері анабиоздық ұйқыға кеткенде жұмысты автоғарышкер атқарады екен, 



сендер оны қалай елестете аласыңдар?

 

4) Электрондық ми ғарыш кемесіне төнген қауіп-қатерді қандай белгімен берді? (дауыстап 



айты)

 

5) Жанды метеориттер жауыны нелерден тұрады екен? (ұсақ денелер, шыбын-шіркей 



тәрізді)

 

6) Жасанды «Кибер» кемені қалай құтқарды? (электрондық миды қосты)



 

7) Бөгде ғаламшар неге тірі жәндіктерден ғана құралған?

 

8) Ғарыш кемесінің терең ұйқыға кету себебі не? 



 

Оқулықпен жұмыс.

 

Мұғалім: - Балалар, жер бетіндегі өсімдік топырақта өсіп-өніп, олар алуан формада 

табиғаттың, ауа райының ыңғайына қарай икемделіп өседі, ал ғаламшарда олардың қалай 

өсетінін мәтінен тауып оқып беріндер. ( бет)

 

«Шығармашылық талдау» стратегиясы

 

Сынып оқушыларын екі топқа бөліп, әр топқа шығармашылық жұмыс беру.



 

Мұғалім: - Балалар, сіздерге «Жасанды кибер (робот) қандай болу керек?» деген 

шығармашылық тапсырма беріледі. Сіздердің ойынша қазіргі кибер қандай болу керек 

екендігін елестеп, қиялдарын дамыту жолында мында жұмыс түрін өткіземін. Сіздерге 

қайшы, түрлі түсті қарындаш, желім, сіренке, фламастер, скочь, қағаз соктың бөтелкесі, ақ 

қағаз және түйме беріледі. Осы заттардан сіздер кибердің мүсінің жасайсындар және 

Киберге ат қоясындар. Оған 10 мин қана берілді. 

 

ІІІ. Сабақты қорытындылау.

 

«Түртіп алу INSERT жүйесі». (кестені толтыру)

 

Білетінім



 

Білгеніме сәйкес келмейтіні

 

Мен үшін жаңалық



 

Таң қалдырды

 

 

 



 

 

ІV. Үй тапсырмасын беру. Эссе «Мен қалай басқа ғаламшарды елестеймін».

 

V. Бағалау.

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет