Сабақтың тақырыбы Тербелістер тарауын қайталау. Есептер шығару Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет1/3
Дата13.02.2023
өлшемі31,58 Kb.
#67528
түріСабақ
  1   2   3

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР



ҰМЖ-дың бөлімі: Тербелістер мен тоқындар

Мектеп: Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Еділжанқызы Ф

СЫНЫП: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тербелістер тарауын қайталау. Есептер шығару

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Тербелістер тарауын жинақтау;
Теориялық білімдерін практикада дұрыс қолдану;

Бағалау критерийі

1.Гармониялық тербелістердің графиктері бойынша тербеліс периоды мен амплитудасын анықтайды;
2.Маятниктердің тербеліс периодының мәнін есептейді;
3. Энергияның сақталу заңын тұжырымдайды;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Тербелісті сипаттайтын физикалық шамалар период, жиілік, цикілдік жиіліктердің физикалық мағынасын біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Есептер шығаруда формулаларды дұрыс қолданады

Кейбір оқушылар: Энергияның сақталу заңына дұрыс тұжырым жасайды

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Тербелісті қозғалыстың гармоникалық түрі деп біледі

Негізгі сөздер мен тіркестер:
период, жиілік, амплитуда,резонанс, электрсыйымдылық, индуктивтілік.

Құндылықтарға баулу

ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпыәлемдік
проблемаларын шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы



Пәнаралық байланыс

Математика

Алдыңғы оқу

Электромагниттік тербелістер

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы
2 мин

Ұйымдастыру:

  1. Сәлемдесу;

  2. Оқушыларды түгендеу;

  3. Психологиялық ахуал орнату;

  4. Зейіндерін шоғырландыру;




Ортасы
33 мин

"Сиқырлы қобдиша" әдісі
1. Механикалық тербелістер дегеніміз не? Олардың қандай түрлері бар?
2. Еркін тербелістер дегеніміз не? Еріксіз тербелістер дегеніміз не?
3. Математикалық маятник дегеніміз не?
4. Серіппелі маятник дегеніміз не?
5. Электромагниттік тербелістер дегеніміз не?
6. Электромагниттік тербелістерді алуға болатын тізбек қалай аталады?


Анықтама кестесі



Физикалық шама атауы

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем
бірлігі

1

Тербеліс периоды

T

T=t/n

c

2

Тербеліс жиілігі

ν

ν=n/t

Гц, с-1

3

Тербеліс амплитудасы

A

-

м

4

Циклдік жиілік

ω

ω=2πν=2π/T

рад/с

5

Математикалық маятниктің тербеліс периоды

T



с

6

Серіппелі маятниктің тербеліс периоды

T



с

7

Электромагниттік тербеліс периоды

T



с



Есептер шығару
№1. (А деңгейі) Қатаңдығы 100 Н/м серіппеге массасы 9 кг дене бекітілген. тербеліс периоды неге тең? Жауабы: 2 с
№2. (В деңгейі) Ұзындығы 2,45 м маятник 314 с ішінде 100 рет тербеледі. Математикалық маятниктің периодын және еркін түсу үдеуін табу керек. Жауабы: 3,14 с, 9,8 м/с2
№3. (В деңгейі) Индуктивтігі 1,3 мГн катушкасын қолданып, жиілігі 2,5 МГц тербелмелі контурды құрастыру керек. Конденсатор сыйымдылығы қандай болады? Жауабы: 3,1 пФ
№4. (С деңгейі) Жер бетінде 0,5 Гц жиілікпен еркін тербелетін маятникті ғарышкерлер Айға апарды. Еркін түсу үдеуі Жермен салыстырғанда 6 есе аз. Ай бетінде маятник қандай жиілікпен тербеледі? Жауабы: 0,2 Гц

Тест жұмысы


1. Тербеліс периоды
А. Дене қозғалысы қайталанатын қозғалыс .
В. Дене қозғалысы толық қайталанатын қозғалыс
С. Дене қозғалысы толық қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығы
Д. Дене қозғалысы қайталанатын қозғалыстың аралығы
2. Тербеліс жиілігі
А. Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны
В. Өте аз уақыттағы тербелістер саны
С. Дене қозғалысы толық қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығы
Д. Бір минуттағы тербелістер.
3. Тербеліс амплитудасы
А. Дененің тепе тең күйі
В. Дененің тербеліс күйінен ауытқуы
С. Дененің тепе теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні
Д. Дененің тепе теңдік күйінен ығысуы
4. Серіппелі маятник неге тәелді? :
А. Ұзындыққа
В. Еркін түсу үдеуіне
С. Ұзындық пен еркін түсу үдеуіне
Д. Қатаңдыққа және массаға

5. Математикалық маятниктің периоды мына шамаларға тәуелді:


А. Ұзындыққа
В. Еркін түсу үдеуіне
С. Ұзындық пен еркін түсу үдеуіне
Д. Қатаңдыққа
 
6. Егер математикалық маятник жібінің ұзындығы 4 есе артса, оның периоды қалай өзгереді?
А) 4 есе артады
В) 2 есе артады
С) 4 есе кемиді
Д) 2 есе кемиді

7. Тербелмелі контур тұрады


А. Катушкадан
В. Конденсатордан
С. Катушка мен конденсатордан.
Д. Электр сыйымдылығынан.

8. Уақыт өткен сайын амплитудасы азайып отыратын тербелістер…


А) өшетін тербелістер
В) гармоникалық тербелістер
С) өшпейтін тербелістер
Д) механикалық тербелістер

9. Резонанс дегеніміз


А. Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет арту құбылысы
В. Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің амплитудасының кенет арту құбылысы
С. Мәжбүр етуші күштің тербеліс амплитудасының кенет арту құбылысы
Д. Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншіктіжиілігі кенет арту құбылысы
10 Электромагниттік тербелістер
А. Заряд пен кернеудің периодты өзгерісі
В. зарядтың, ток күшінің, кернеудің периодты өзгерісі
С. ток күші мен кернеудің периодты өзгерісі
Д. зарядтың, ток, күшінің кернеудің өзгерісі
Тест жауабы
1. С 2. А 3. С 4. Д 5. С 6. В 7. С 8. А 9. А 10. В

Тапсырма жазылған беттер



Аяқталуы
5 мин



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет