Сабақтың тақырыбы Тәуелсіз Қазақстан Оқыту мақсаты



Дата02.03.2023
өлшемі51,51 Kb.
#71166
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар

Пән

Дүниетану

Бөлім

Тәуелсіздік, мемлекеттік және патриотизм

Педагогтің аты-жөні

Қайынды Айгерім Мұратқызы

Күні

25.02.2022

Сыныбы: 1 « »

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тәуелсіз Қазақстан

Оқыту мақсаты

1.3.5.2. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу.

Сабақ мақсаты

Барлығы: Қазақстан тарихындағы айтулы оқиғалар қай кездерде болғанын білетін болады, «тәуелсіз», «тәуелсіз Қазақстан» деген сөздердің мағынасын түсінетін болады.
Көпшілігі: Қазақстанға тәуелсіз мемлекеттің барлық белгілері тән екендігін мысалдарменкөрсетеді;
Кейбірі: Тәуелсіз Қазақстан туралы коллаж жасайтын болады.






Сабақ барысы



Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут



Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Күлімдеп күн шықты,
Жадырап нұр төкті.
Қайырлы күн!
Бүгін бізде дүниетану сабағы.

Алдыңғы тақырыпты еске алу. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтар қояды.






Барлығы бірге хормен айтады.


Алдыңғы тақырыпты еске алады. Сұрақтарға жауап береді.



Ынталандыру





Оқулық, презентация





Сабақтың ортасы
34 минут

«Болжам жасау» әдісі
Біз Отанымызды сүйеміз. Ақынның сөздері жүрегімізге жақын.
Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар,
Тәуелсіз ел – Қазақстан
Көркіне көркі жарасқан.
Тәуелсіз азат елім,
Туып, өске байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тұа берер
Қазақстаным менің!

Бүгін сабақта не туралы айтатынымызды түсінген шығарсыңдар?


Бүгін біз «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбын қарастырамыз.Бұл
тақырып бойынша не білетіндеріңді еске түсіріңдер.

«Тәуелсіз Қазақстан» туралы бейнежазба көру.




«Миға шабуыл» әдісі
Бүгін біз тәуелсіз мемлекет дегеніміз не, оның өз қызметін қалай жүзеге аыратыны туралы білеміз.
«Тәуелсіз» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Мұғалім оқушылар айтқан сөздерді тақтаға жазады.

Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз мемлекет болды.


Тәуелсіз елдің өз шегарасы, мемлекеттік тілі, рәміздері, Ата заңы, астанасы, ұлттық валютасы бар. Ол басқа мемлекеттерге тәуелсіз, дербес болу керек.
1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба,
Гимн қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда мемлекетіміздің негізі Ата Заңы қабылданды. Ата Заңда Қазақстан азаматтарының құқықтары мен міндеттері жазылған.
Еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге болды.
Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті – Қасым-Жомарт Тоқаев.


Сергіту сәті


Жұптық жұмыс
Парталасыңмен «Тәуелсіз Қазақстан» деген тақырыпта диалог құр. Сен оған қандай сұрақтар қойдың?


Топтық жұмыс
Оқулықтағы мәтін мен суреттерді пайдаланып, Тәуелсіз Қазақстан туралы класстер құрастыр.
Кластерді қалай құрастырады? Ақ парақтың ортасына «Тәуелсіз Қазақстан» деп тақырыбын жаз. Тақырыпты дөңгелекке алып, мәтінге қатысты түсініктерді күн нұры тәрізді етіп тарат. Оны безендір.


«Идеялар қоржыны» тәсілі
Тақтада кәрзеңке белгісі салынған, оған оқушылардың «Тәуелсіз Қазақстан» ұғымы туралы бар білетін мәліметтері шартты түрде салынады. Үстелдің үстінде «Тәуелсіз мемлекет», «Халық», «Астана – Нұр-Сұлтан», «Тұңғыш Президент – Н. Назарбаев», «Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Гимн», «Мемлекеттік тіл», «Конституция – еліміздің негізгі заңы», «Мемлекет ел ішінде өз мәселелерін өзі еркін шешеді», «Қазақстан басқа әлем елдерімен келісімшарт жасасады»,
«Қазақстанның валютасы – рубль» деген кестелер дайындалған.




Мұғалім өлең оқығанда оқушылар оны мұқият тыңдайды.


.

Сұрақтарға жауап береді.


Бейнежазбаны көреді.


Оқушылардың болжамдық
жауаптары:
- ешкімге тәуелді емес;
- азат,еркін;
- басқа елдерге
бағынышты емес;
- өз еркіндігі бар;
- тәуелсіз мемлекет.
Презентацияны қарайды. Мәліметтермен танысады. Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, жаңа мәліметтерді меңгереді. Тәуелсіз мемлекет болғалы жеткен бірнеше жетістіктермен танысады. Еліміздің тұңғыш президенті және қазіргі президенті туралы біледі.
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап беріп отырады.

Би қимылдарын бірге жасайды.


Парталасымен «Тәуелсіз Қазақстан» деген тақырыпта диалог құрады.


Оқулықтағы мәтін мен суреттерді пайдаланып, Тәуелсіз Қазақстан туралы класстер құрастырады.

Тақтаға оқушы шақырылады, ол парақшамен жасырылған мәтінді оқиды, қалған оқушылар бұл анықтаманың тәуелсіз мемлекетке қатысы бар екендігіне келіссе қолдарын көтереді, егер келіспесе қолдарын көтермейді. Оқушылар «Қазақстанның валютасы – рубль» деген қатені тауып, «Қазақстанның валютасы – теңге» деп түзетеді.



«Жарайсың!», «Керемет!», «Тамаша!», «Жақсы!», «Өте жақсы!» және т.б.


Жауап берген оқушыларға мадақтау сөздер айтады.


Сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларды «Шапалақтау» әдісімен бағалау.

«Бағдаршам» әдісімен жұмыстарын бағалау.


Белсенділік танытқан оқушыларға мадақтау сөздер айтады. «Жарайсың!», «Тамаша!», «Жақсы!», «Өте жақсы!», «Жақсы»
және т.б.



Оқулық, презентация


Оқулық, презентация


Бейнежазба

Оқулық, презентация

Оқулық, суреттер, презентация

Бейнежазба


Оқулық, презентация


Ақ парақ


Оқулық, презентация

Сабақтың соңы
3 минут

Кері байланыс







Сабаққа кері байланысты «Бас бармақ» әдісі арқылы жасайды.









Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет