Сабақтың тақырыбы Тіктөртбұрыштың ауданы. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/2
Дата14.06.2022
өлшемі20,74 Kb.
#36794
түріСабақ
  1   2


Күні:14.12.2021
Пән:Математика
Сынып:

Мектеп:Үркер мектебі
Мұғалімнің аты-жөні:Малдыбекова Дильназ
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тіктөртбұрыштың ауданы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.3.1.1 тік төртбұрыш ауданы формуласын: S=a·b шығарып алу және қолдану;
3.3.1.3 тіктөртбұрыш (шаршының) ауданын табуға берілген есептерді талдау және шығару

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы:
аудан болатын нысандарды атайды және ауданды өлшеуге арналған өлшемдер мен құралдарды таңдап алады, палеткамен өлшей алады
Оқушылардың көбі:
тіктөртбұрыштың S=a·b, шаршының S=a2 ауданын табуға формулаларды құрастырады және қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табады формулаларын қалай құрастыруға және қолдануға болатынын түсіндіре алады

Сабақтың барысы.

Сабақтың кезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
10мин

Психологиялық дайындық
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.


Математикалық диктант

Дұрыс жауапқа қарап өзін-өзі бағалайды.


12 – 11 балл «5»
10 – 7 балл «4»
6 - 4 балл «3»
3 – 0 балл «2»
Оқушыларды топқа бірігу Алдын-ала дайындалған тіктөртбұрыштар мен шаршыларды оқушыларға тарату. Ауданын табу арқылы топқа бірігу.

Оқушылар барлығы бірге тақпақты айтады
Математиқалық диктантта тек жауабын жазады

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Керемет», «Жаксы»

Арнайы шаршылар беріледі





Сабақтың ортасы
30мин

Есепті шығар
2 тапсырма
Оқушыларға топтық жұмысқа арналған қима қағаз таратып беру. . Тапсырма сабақта меңгерген дағдыларды бекітуге арналған. Қиындық туғызған жағдайда оқушыларға жетекші сұрақтар қою.

  • Есепті шығару үшін қандай формула қажет болды?

  • Үлеске қатысты қандай ережені қолдандық?

3 тапсырма:
Анасы Аяулымның туған күніне арнап тіктөртбұрыш тәріздес торт пісірді. Торттың ұзындығы 4 дм, ені 3 дм. Туған күнге келген қонақтар торттың бөлігін жеді. Торттың қалған бөлігінің ауданын тап.
Максималды 4 ұпай




1-амал
1 ұпай

2-амал
1 ұпай

3- амал
1ұпай

Жауабы
1ұпай

Барлық
ұпай саны

1-топ
















2-топ
















3-топ
















4-топ
















Оқушыларды интербелсенді тақтадағы тапсырмамен таныстыру. Есепті шығару үшін, фигуралардағы белгісізді табу үшін қай формула керек екенің сұрау.
4тапсырма
Фигуралардағы белгісізді табу үшін тиісті формуламен сәйкестендір.
5тапсырма
Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Кері есеп құрастыруға қиналған оқушыларға жетекші сұрақтар қою.
-Тапсырманы орындауда қандай қиындық туындады?
-Дәптердің 1 торкөзінің ауданы нешеге тең?
-Оны қандай шамамен анықтадық?
Тапсырма:
Есепті шығар, кері есеп құрастыр.
Дәптердің екі торкөзі қай фигураға ұқсайды? Сол фигураның ауданын тап.

2тапсырма
Оқушылар топта орындайды. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарын дұрыстығын дәлелдеп береді.

4тапсырма


Оқушылар кезектесіп есепті шығарады. Сәйкес фигурадағы белгісізді формуланы сәйкестендіреді.
5тапсырма
Оқушылар берілген тапсырманы алдымен өзі жек орындайды. Содан кейін жұбымен талқылап пікірлеседі. Жұптағы оқушылар өздерінің ортақ шешімін ламинатталған параққа жазады. Содан кейін бірнеше оқушыдан сыныпқа өз есептерін түсіндіруді сұрау, ал қалған оқушылар жауаптарын онымен салыстырады

Ұпай санымен бағаланады

Ламинатталған парақ,маркер



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет