Сабақтың тақырыбы: «Тіл – қатынас құралы»



Дата17.02.2023
өлшемі1,95 Mb.
#68717
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Тіл рухани байлық »

Сынып жетекшісі: Дәулет Айжарқын Жүсіпқызы

Мирамбекова Маржан

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына бір-бірімен жақсы тіл табыса білетін, мәдениетті сөйлеуге дағдыланған, бір біріне ойын ашық айтатын дағдыны дарыту.

Тіл – қатынас құралы


Тілдік қатынас - тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір- бірімен қарым-қатынас жасауы, қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу, яғни адамзаттың тіл арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіредіБұл жерде сөйлеу тілі деген тіркесті ерекше бөліп айтуға тура келеді. Өйткені ол ауызекі сөйлеу деген мағынаны емес, жалпы адамзатгың сөйлесу құралы, сөйлеу құралдарының қызметі, адамның тілі, адамның тілдік қатынас құралы деген қоғамдық-әлеуметтік мәні бар ұғымды жеткізуі тиіс. Сондықтан осындай нақтылы ұғымды білдіру үшін, біз сөйлесім тілі деген тіркесті қолданамыз.
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.

«Кім тапқыр » ойыны


Бірнеше мақалдың алдыңғы бөлігін айтып, соңын жалғастыру керек
1.“Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте”.
2.“Туған жер тұғырың, туған тіл қыдырың”
3“Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады”.
4. “Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар”.
5. “Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер”.
6. “Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ”
7.“Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын”.
8. “Өнер алды қызыл тіл

Мәтінмен жұмыс: - оқып, сұрақтарға жауап беру Өте ертеде бір дана қария өмір сүріпті. Ол дүниеден көз жұмар алдында қасына ұлын шақырып алып:- Балам, менің мына дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқыпты қолдан,- депті....Күндердің күнінде бала әкесі қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан сұрайды.- Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Сенің әкең сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сол кісіден үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ,- деп ақылгөй қария аталы сөздің шешуін айтып беріпті. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: 1) Әкесі баласына тілді неліктен мұра етіп қалдырған? ( Халықтың талай ғасырлар барысында жасаған материалдық байлығы мен рухани мәдениетін, әдебиетін, ұлттық дәстүрін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізетін тіл. Қарияның баласына қалдырған асыл мұрасы - тіл арқылы жететін өнер - білім, мәдениет, ғылым, өткен - кеткен тарих, ата - баба дәстүрі.) 2) Тілден қымбат қазына жоқ дегенге келісесіңдер ме? (Әр халықтың тілі - өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы) 3) Ана тілін неліктен қымбат қазынаға теңейді?

Сергіту сәті. Көрсетілген суреттер бойынша тұрақты сөз тіркестерін табу


1.
2.
3.
4.
5.

Кері байланыс. «Менің сөзім» әдісі


Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды.

Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет