Сабақтың тақырыбы: Тіл алфавиті. Синтаксис. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата20.10.2022
өлшемі435,5 Kb.
#44491
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Python тілінде программалау

Педагогтың аты-жөні




Күні 26.01.2022




Сынып 6 Г,Д,Е,Ж

Қатысушылар саны

11

Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Тіл алфавиті. Синтаксис.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Python тілінің алфавитін біледі.

Көптеген оқушылар:

Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады.

Кейбір оқушылар:

Жазған программаның нәтижесін табады.



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Өткен сабақты пысықтау.
«Алма ағашы» әдісі
1.Программалау дегеніміз не?
2.Программалаушы –кім?
3. «Программалау тілі» ұғымы туралы не білесің?
4.Траслятор дегеніміз не?
5.Компилятор?
6.Интерпретатор?
7.Программа құрудың интеграцияланған ортасы туралы не айта аласың?
8.Қалай ойлайсың, программалауды үйрену не үшін қажет?

ҚБ: стикер / 1 балл/



1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.«Алма ағашы» нан стикер-алма алады, стикерде сұрақ жазылған/
Сұраққа жауап береді

Стикер
1 балл



«Алма ағашы» плакат
Стикер-алма

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Кез келген тілді үйрену оның алфавитін үйренуден басталады. Әріптерден сөз, сөздерден сөйлем құралатыны сияқты программалау тілінің де өз алфавиті бар. Программалау тілін үйренуді бастаған кезде оның командаларын жазу үшін қандай таңбалар қолдану керектігін анықтау керек.

Python тілінің алфавиті.


Идентификаторлар(айнымалылар) атауы – әріппен басталатын цифрлар мен әріптер тізбегі. Идентификатор латын әріптерінен, төменгі сызу таңбасы _k1 және 0 мен 9 арасындағы цифрлардан құралады. Мысалы, A, s25, a1b88, tri_plus_dv,zzz. Python-ның әріптер регистрі үлкен және кіші әріптерге ажыратылып берілген. Мысалы, komp1 және KOMP1-екеу екі түрлі айнамалыға жатады.


Айнымалы-мәні мен типі бар шама. Программамен жұмыс барысында айнымалылардың мәнін өзгертіп отыруға болады.
Кейбір атауларды программалау барысында айнымалы ретінде қолдануға болмайды. Мұндай сөздер қызметтік сөздер деп аталады.(for,if,class,def ..)
Python тілінің синтаксисі:

  • Программадағы жолдардың соңына нүкте мен үтір қою міндетті емес;

  • Бірнеше команданы бір жолда нүктелі үтір (;) арқылы жазуға болады;

  • Программа жазу барысында басқа программалау тілдеріндегідей begin... end және {...} жақшалар қолданылмайды. Керек болған жағдайда онлай жақшалардың орнына 4 бос орын немесе табуляция қойылады.

Python-да толыққанды программа жасау үшін программа терезесінде File→New File командаларын орындап, жаңа программа жазу алаңын дайындап аламыз. Бұл бетке жазылған программа кодын орындау үшін Run →Run Module командаларын басамыз.
Программа әрекеттердің тізбектеліп ретімен орындалуы сызықтық орындау деп аталады. Сызықтық алгоритм (программа) дегеніміз-тармақталу, қайталану әрекеті жоқ, әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм.

Амалдар мен өрнектер.


input () функиясы программаға жолдық деректерді енгізеді. Ал сандық дерек енгізу үшін бұл функция int(input()) түрінде жазылады.


1-тапсырма. Жеке жұмыс.


Оқулық § 3.2, 80-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы
Сынып бөлмесінің ауданын есептеу.

Дескриптор:


- Python программаны іске қосады;
- Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады;
-сынып бөлмесінің ауданын есептейді.
ҚБ: стикер /3 балл/

2-тапсырма.Цифрларды қосу.


Дескриптор:
-Python программаны іске қосады;
- Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады;
-цифрларды қосады.
Стикер /3 балл/

3-тапсырма.


а,b,c бүтін сандары берілген. Осы сандардың қосындысы мен көбейтіндісінің соңғы цифрларының қосындысын экранға шығар.

Дескриптор:


-Python программаны іске қосады;
- Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазады;
-цифрлардың қосындысын экранға шығарады.

ҚБ: стикер /3 балл/



Мұғалімді тыңдайды
Алфавитін дәптерге жазады

Анықтамасын дәптерге жазады


1-тапсырманы орындайды


2-тапсырманы орындайды


3-тапсырманы орындайды


Стикер
3 балл


Стикер
3 балл


Стикер
3 балл



Презентация

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Алма себеті» әдісі

«Жасыл түсті алма» - яғни, мен бүгін бәрін жақсы меңгердім.
«Қызыл түсті алма» - яғни, мен тапсырманы орындай алмадым, түсінбедім.

Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

§ 3.2, 81-бет, 3-тапсырма***








Сабақ барысында ,оқушылармен жеке жұмыс жасадым. Оқушылар – Python бағдарламасында программалауды үйренді, Оқушылар Python программасын іске қосып, Python тілінің синтаксисін пайдаланып, программа жазды, тапсырма бойынша сынып бөлмесінің ауданын есептеді.






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет