Сабақтың тақырыбы: Тынымбай Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала»



Дата17.08.2022
өлшемі0,89 Mb.
#38172
түріСабақ

Қазақ әдебиеті 5-сынып
ҚМЖ сабақ жоспары:

Сабақтың тақырыбы: Тынымбай Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала». Танысу

Күні: 06.05.2022



Мұғалімдердің аты-жөні: Нұрғазы Жанат Елубайқызы,
Купашева Жаннат Тулегеновна



Сынып: 5

Қатысқандар: 24

Қатыспағандар: 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.2.1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;



Сабақ мақсаттары

Шығарманың мазмұнымен танысады
Шығарманы оқи
оқи оқоқи отырып

Тапсырмалар арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:
Түсініп оқу мен жауап беру, анықтау.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Ана мен бала арасындағы сағынышты сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері.

Бағалау критерийі

1. Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Дескриптор

1.Шығарма тақырыбы мен идеясын таба алады.
2.Диаграммалар бойынша жұмыс жасай алады.
3.Өз көзқарасын білдіру арқылы ой түйеді.

Алдыңғы оқу:

М.Қабанбай "Бауыр" әңгімесін түсініп,мазмұнын айта алады.

Жоспар

Жоспарланған
уақыт


Жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

"Ана" туралы өлең жолдары


www.google .kz
Ана туралы фото суреттер
www.google.kz

"Арман ПВ" оқулық кітабы


expert.okulyk.-edu.kz

Бейнефильм





Басы
4 минут

"Ана туралы" өлең жолдары жазылған қима қағаздарды оқушылар өздерінің таңдау бойынша алып, тапқан өлең шумақтарына сәйкестендіріп, топтарға бөлінеді.

4 минут
6 минут

Ортасы
3 минут


6 минут
6 минут


4 минут


6 минут
3 минут

Соңы
3 минут





1-тапсырма. Берілген суреттер бойынша тақырыпты анықтаңыз.

Ж.
Сұрақ-жауап әдісі.
- Мына берілген суретке қандай ортақ тақырып қоюға болады?
- Не себепті бұл тақырыпты таңдадың?
Оқушылардың жауаптары жеке тыңдалады.
2-тапсырма._"Бір_минуттық_эссе"'>2-тапсырма. "Бір минуттық эссе" жаздыру.
- Осы суреттерге қарап, қандай ой түйдің?
Т.Ж.
Оқушылар бір-бірінің ойымен өзара танысып (жұппен жұмыс), ортақ бір шешім шығарады. Әр топтан бір жауап тыңдалады.
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Саралау жұмысы:
Берілген суреттерді негізге алып, болжау арқылы оқушылардың қиялын ұштауға, эссе жазуға қолдау көрсетеді.


Жаңа сабақ.
-Олай болса, бүгінгі сабағымызда өтетін тақырыбымыз - "Ананы сағынған бала". Авторы: Т.Нұрмағамбетов.

Т.Ж.
Мәтінмен жұмыс.
1-тапсырма. ДЖИГСО әдісі қолданылады, яғни оқушылар бір-біріне түсіндіреді.
1-топ. Есмағамбет атаның Сержанмен кездесуі.
2-топ. Сержан екеуінің диалогы.
3-топ. Анасын көруге асыққан Сержан.
4-топ. Сержанның мұңлы күйі.
Дескриптор:_-мазмұнын_түсінеді;_-кейіпкерлер_бейнесін_ашады;_-өз_ойларын_еркін_жеткізеді._"Уақыт_тізбегі"'>Дескриптор:
-мазмұнын түсінеді;
-кейіпкерлер бейнесін ашады;
-өз ойларын еркін жеткізеді.
"Уақыт тізбегі" диаграммасын қолдана отырып, оқушылар өз түсінгендерін мәлімдейді.

Оқиға 4

Оқиға 1

Оқиға 2

Оқиға 3






2-тапсырма. Дара диаграмма толтырады.

Идеясы




Тақыры-бы



Т.Нұрмағамбетов "Анасын сағынған бала"






Кейіп-керлер



Жанры



Дескриптор

2.Диаграммалар бойынша жұмыс жасай алады.


3.Өз көзқарасын білдіру арқылы ой түйеді.
«От шашу» арқылы бағалайды.
Саралау жұмысы:
«ДЖИГСО» әдісі арқылы диаграммалармен жұмыстануға, ой түюге қиналған оқушыға мұғалімнен немесе сыныптасынан көмек алады.
ҚБ: Өзара бағалау (стикер жапсырады)
«Құнды пікір!», «Дәл айттыңыз!», «Қайта қарасаңыз!»
4-тапсырма.
Тағдыр тауқыметіне кездескен қазіргі уақыттағы аналар бейнесін сипатта.
«4 сөйлем әдісі » пайдаланамын.
1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
2. Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...»
3. Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»
Оқушылардың ойын айтуы мен пікірі бағаланады.Топ мүшелері бір-бірін бағалайды.

Жүрсін Амангелді "Рахмет, ана саған!" бейнефильмі көрсетіліп, өз анасының бойындағы жақсы қасиеттерін гүл қиындыларына жазады.


1. «Ана» тақырыбына өлең шығару
2. «РАФТ» әдісі бойынша анасына хат жазу


Кері байланыс. Оқушылар осы сабақ бойынша нені меңгергендігін стикерлерге жазып, төмендегі суреттердің тұсына іледі.
"Тазалық" кестесі



Алынған ақпарат

Өңдеймін

Артығы












Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет